1 сынып Ана тілі сабағы: Аққала - сөйлем түсінігі мен оқу-жазу арқылы сыни ойлауды дамыту

Жумагулова Маншук Жумабайқызы

Орал қаласы №1 ЖОББМ

Ана тілі 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Аққала

Сабақтың мақсаты: А) Қыс сұлулығын, қысқы ойындардың пайдасын түсіндіре отырып достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру;

Ә) Сөз, сөйлем ұғымдарын қайталата отырып, әр сөйлем аяқталған соң кідіріс жасап, түсіне оқуға, мәтінде неше сөйлем бар екенін ажырата алуға, мағынасын түсініп оқуға үйрету;

Б) Сауатты түсіне оқып, жаза білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» жобасы

Көрнекілігі: Аққаланың бөлшектері, «Қысқы ойын» мазмұнды суреті

Пәнаралық б/с: дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау» стратегиясы

  • Оқушылар, қазір қандай жыл мезгілі?
  • Оның ерекшелігі неде?
  • Сендерге ұнай ма?
  • Несімен ұнайды?
  • Мен сендерге бәріміз бірігіп аққала жасауды ұсынғым келіп тұр. Аққаланы қалай жасайтын еді, ол қандай бөлшектерден тұрады? Ендеше осы бөлшектер мына жерде тұр. Әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын бір бөлшегін орнатамыз. Сөйтіп бізде әдемі аққала шығу керек. Келістік пе? Олай болса іске сәт!

2. Мағынаны тану: «Бірінші бөлшек - астыңғы домалағы» -«Ассоциация» стр-сы

Қ Ы С

«Екінші бөлшек - ортаңғы домалағы»

3-жаттығу. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыту.

  1. Әңгімеде неше сөйлем бар? (6 сөйлем)
  2. Бірінші сөйлем қанша сөзден құралған? (3 сөзден)
  3. Екінші сөйлемде кім туралы айтылған? (Айбол туралы айтылған) . Соңғы сөйлемде не туралы айтылған? (Ойын қызықты болғаны туралы)

«Үшінші бөлшек - басы» Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз, ойша қолымызға қарды алып, дөңгелектеп көршілерімізбен қар белдесеміз. Қолымыз, киіміміз, аяқ киіміміз қар болып қалды, соны қағып орнымызға жайғасамыз.

«Төртінші бөлшек- екі көзі» - «Аққала» өлеңін мәнерлеп оқып, оқушыларға екі жолдан тізбектетіп оқытып, әңгімелету.

  • Бұл өлең13 жолды болғанымен неше сөйлем бар?
  • Әр сөйлем қандай тыныс белгісімен аяқталып тұр?

«Бесінші бөлшек - мұрны мен ауызы » - «Қысқы ойын» тақырыбында сынып болып әңгіме құрастыру. Қысқы ауа райы, балалар, қысқы ойындардың қызығы туралы қосымша әңгімелету.

«Алтыншы бөлшек - басындағы шелегі» - 3. Ой толғаныс «Бес жолды өлең стр-сы

  1. Не? Қыс
  2. Не істейді? Борайды, аяздатады.
  3. Қандай? Тамаша, қарлы, суық.
  4. Сөйлем құру: Биыл қыста қар көп. Т. с. с.
  5. Мағыналас сөз: жыл мезгілі

«Жетінші бөлшек - екі қолы» - әр оқушы бір бетке аққаланың суретін салып, көршісіне «Жаңа жыл құтты болсын!» деп жазып береді.

IV. Бағалау. Жақсы жауап беріп, тапсырмаларды сауатты орындап, сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға бір қаршадан беріп отырам. 5-6 қарша жинаған оқушыға - «5», 4 қаршаға - «4», 3 қаршаға - «3» бағасы. Одан аз жинаған оқушылар қосымша тапсырмалармен келесі сабақта бағаланады.

V. Үйге тапсырма: 4- жаттығу, қысқы ойын түрлері туралы қосымша мәлімет жинап келу.


Ұқсас жұмыстар
Оқу мен жазу арқылы бастауыш мектепте сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: әдістеме мен тәжірибе
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру тәжірибесі
Қазақ тілі мен әдебиетінде Мәңгілік ел - ұлт идеясы тақырыбын оқыту: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесі
2-сынып Ана тілі сабағы: Мәншүк Мәметованың ерлігін талдау және сыни ойлауды дамыту
Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдістемелік ерекшеліктері
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды енгізу: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану: іс-тәжірибе
Ана тілі (3-сынып): Көктем сәні ертегісі арқылы көктем табиғатын таныстыру және әдеби жанрлар мен сыни ойлауды дамыту
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы Жеті қазынаның бірі - ертегілер түрлері мен сыни ойлауды дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz