Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші - астана

Какарманова Райгүл Ғалымқызы
Астана қаласы №56 мектеп-лицейі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
жоғары санатты мұғалімі
«Атамекен» Қазақстан Картасы» МКҚК этно- мемориалдық кешенінің ұйымдастыруымен
«Тәуелсіздік - тұғырың, егемендік - елдігің» тақырыбы аясында өткізілетін
«Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші- Астана» тақырыбындағы сабақ
«Үздік сабақ» байқауы үшін
«Атамекен» Қазақстан Картасы» МКҚК этно- мемориалдық кешенінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - тұғырың, егемендік - елдігің» тақырыбы аясында өткізілетін
«Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші- Астана» тақырыбындағы сабақ
«Үздік сабақ» байқауы үшін
Сабақтың мақсаты: 1. Мемлекет астанасының Тәуелсіздік туындысы екенін оқушы ұғымына жеткізу.
2. Астаналар тарихына шолу жасай отырып, Астананың Сарыарқаның төрінен орын алу себептерін
түсіну.
3. Астананадағы салынған ғимараттар мен орнатылған ескерткіштердің Тәуелсіздікпен үндестігін танып зерттеп білу.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
Астана келбетін айшықтап көрсететін видео - фильмдер.
«Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші- Астана»
тақырыбында слайд. Кітапшалар, суреттер
Оқушылар ұсынатын жаңа инновациялық архитектуралық жоба- макет «Күн - қалашық», «Тәуелсіздік аллеясы», әдістемелік көрнекі кітапша«Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші- Астана
Сабақтың түрі: тарихи - зерттеу
Сабақтың барысында қатысушылар:
Жүргізуші, «Тарихшылар», «Зерттеушілер», «Болашақ» топтары
1ж: Жас қала жағасында ерке Есілдің
Азмат тер төгуде ертеңі үшін
Жарыса ғимараттар бас көтерген
Дәл бүгін біреулерге ертегісің.
Тоғысқан тоғыз жолдың торабына
Бақ берген талапкердің талабына
Елімнің жүрегі бұл жайнай түскен
Қараңыз жаңа Астана ғажабына . . .
2ж: Тоқта, тоқта . . . Астана ғажайыптарына таңқалатын кез әлі алдыда. «Өткен тарихқа көз жүгіртпей, болашаққа бара алмайсың» деген бар емес пе?
1ж: Сен сонда «тарихты парақтап шық» дегің келіп тұр ма?
2ж : Иә . . .
Біздің тарих! Бұл дегенің шежіре,
Тарих бетіне жазылады бәрі де.
Тарихқа көз жіберіп көрейік,
Астаналар тарихын таныстырып беретін
«Тарихшылар» тобына сөз кезегін берейік.
1. Семей:
Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы Екінші Жалпы -қазақ құрылтайы шақырылды. Құрылтайды қазақ халхының Әлихан Бөкейханов, А Байтұрсынов бастаған қазақтың қайраткер ұлдары ұйымдастырды.
Осы Құрылтайда тәуелсіз Қазақстан Үкіметінің -Жалпы қазақ Ұлттық кеңесінің Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. «Алаш» Қазақ Автономиясының астанасы болып ресми түрде Ертіс жағалауындағы Семей қаласы жарияланды. Өкінішке орай, Қазақ Автономиясының астанасы ретінде Семей көп тұра алмады. Ол 1919 жылы ақтар мен ұлттық қозғалыс Түркістан мен Сібірде талқандалғанға дейін ғана астана мәртебесін иемденді.
1ж: Иә . . . Семей қаласын «Алаш ордасы» деп бекер атамайды екен ғой.
2. Орынбор:
1920 жылы 26 тамызда “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 жылы 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губернаторлығы мен Орынбор қаласы ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 - 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды. 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ автономиялық республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. Кеңес өкіметі орныққаннан кейін 1920 жылдан 1925 жылға дейін Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы Орынбор қаласы болды, яғни патша заманындағы өкілеттігі қайта қалпына келтірілді.
3. Ақмешіт /Қызылорда/
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Республиканың оңтүстік облыстарында тұрып жатқан қазақ халқының басым бөлігінің Орынбордан қашық болуына байлансыты астананы 1925 жылы бұрынға Қоқан хандығының шекаралық қамалы болған Ақмешітке көшіріп, атын Қызылорда деп өзгертіп, 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасына айналдырды.
4. Алматы.
Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен
Ф. И. Голощекин басқарған БК(б) П Қазақ өлкелік комитеті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты. 1927 жылы 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-інің қаулысы жарияланды. Ал 1929 жылы 19 мамырда ел астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Көшірілуге себеп: 1927 жылы Трансібір темір жол магистралі салынды. Ол Қазақстанның ең ірі елді мекені -Алматы қаласы арқылы өтті. Ұлы даланы негізгі көлік жолының басып өтетіндігі және географиялық жағынан ыңғайлы орналасуы басшылыққа алынып, Алматыны Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы жасау ұйғарылды.
2ж: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ елінің тарихы 68 жыл ел орталығы болған Алматымен тығыз байланысты. Бізге тарихшылар Алматы астана болып тұрған кездегі еліміздегі тарихи оқиғаларды тізбектеп берсін.
- 1929- 37 жылдар арасындағы сталиндік зұлмат
- 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы
- Тарихқа өзіндік із қалдырған талай-талай бесжылдықтар
- 1954 жылғы Тың игеру жылдары
- 1961 жылғы Космосты игеруге алғашқы қадам
- 1986 жылғы Тәуелсіздікке қадам басқан Желтоқсан оқиғасы
- 1991 жылы ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің келіп жетуі.
5. Астана
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл - шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды.
1997 жылы қазанның 20-сында Н. Ә. Назарбаев «Ақмола» қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қолды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.
Аз уақыттың ішінде Астана көрікті қалаға айналды.
1ж:
Сіздер Елбасы Н. Назарбаевтың мына бір сөзіне назар аударыңыздаршы: «Ұлттық тұтастығымыздың мәселесі ең өткір қойылған арғы Тоқтамыс пен Едіге, бергі Тәуке мен Абылай замандарында билік ордасының бұл маңайға қайта-қайта көшіп келіп, көшіп кетуінде де көп сыр бар»- деген елі Елбасы. Иә, еркіндікке қол жеткізіп,
Тәуелсіздік алып, ес жиып серпілгеннен кейін Астананы Сарыарқаның төріне көшіруде ата-бабалар арманы жатқан сияқты.
2ж: . . . , бағана сөзіміздің басында Астана ғажабы туралы жыр оқығың келген еді, Астанаға арналған жыр- шашуыңды енді айтып көрші.
1ж: Астана жайлы жыр оқығысы келіп тұрған мен ғана емес сияқтымын.
1-оқушы:
Асан қайғы, Қорқыт өскен -Астана
Кенесары, Наурызбай жортып өткен- Астана.
Есіл, Нұра екі өзен нәрін тосқан -Астана,
Ақан, Ғазиз, Біржан сал әнін қосқан -Астана.
2-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бабалардың арманы ақиқатқа айналып,
Тәуелсіздіктің жемісі ғой Астанам.
3- оқушы:
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Ұлы көште танытты халық елдігін.
Астананың мәртебесін көтерген,
Бұл- Елбасының ұмытылмас ерлігі.
4-оқушы:
Астана -Ұлы Отанымның бесігі,
Бар қазаққа айқара ашылған есігі.
Осынау 20 жылдың ішінде
Бар әлемге танылды қазақ есімі.
1ж:
Кеткенін талай басқаға кегім,
Тастарға жазып тастаған едім.
Жарқырап нұрың тұрсың ба жайнап,
Бекзада, дегдар - Астанам менің
Кіндігін тауып Ұлы даламның,
Алдымнан шықты күліп арманым.
Нұрсұлтан салған нұрлы қаланың.
Көшесіндегі гүлі боламын.
Арқаның мынау төсін жайлаған,
Бабаң да талай шешім байлаған.
Қала салсам деп Қасым қалаған-
Есілдің бойын . . . Есім ойлаған . . .
Аспаған елім, таспаған елім,
Тарихын қайта бастаған дедім.
Жұмыр жер, кенет, жүзік боп кетсе,
Гауһардай жанған - Астанам менің!
Астанада желбіреп Үлкен Ту тұр. Оны Ішкі істер органдарының арнайы жасақ қызметкерлері 24 сағат қарауылдайды. Ені 15, Ұзындығы 30, биіктігі 111 метр, салмағы 96 кг болатын Қазақстанның аумағындағы ең үлкен ту -Елордамызда орналасқан. Аспенмен тілдескен алып байрақты қаланың қай жерінен болса да көруге болады. Туымыз тігілген «Атамекен» кешені - қала қонақтарының
2ж: Астананың тарихынан қоса сыр шертетін жырларыңыз бізге көп ой тастады. Ұлылар мен даналардың арманы болған Астана жайлы әнге кезек берейік.
Ән. «Астана»
1ж: Тәуелсіздіктің ғажап ескерткіші болған Астанада сәулет өнерінің ғажайып туындылары өте көп. «Зерттеушілер» тобы қаладағы ғимараттар мен ескерткіштер жайлы зерттеп білді. Бізді өз жұмыстарымен таныстырсын
арнайы келіп, тамашалайтын нысанына айналды.
1-зерттеуші: Сіздердің мынау көріп тұрғандарыңыз Ұлы даланың жаңа Астанасының сәулеттік салтанатына ерекше үлес қосып тұрған - «Ақорда» Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Алыстан ат шалдырып келген адам алдымен «Ақ Орданың» ажарына сүйсінеді. Елордадағы еңселі ғимараттардың бірегейі. Қазақ елінің ақ ордасы екендігін айтпай-ақ ұғындырып тұрғандай. Ақорда күмбезді - әшекейлі стильмен салынған. Астананын аралап жүрсеңіз, Астананың сәулет құрылыстары мен кешендерін безендіріп тұрған күмбездердің көп екенін байқайсыз. Мысал ретінде, «Ақорданы», Президенттік мәдени орталықты, Есіл жағасындағы биік үйлерді, сол жағалаудағы тұрғын үйлерді атауға болады.
Күмбез-
сәулет өнеріндегі біздің ұлттық ерекше белгіміздің көрінісі болып табылады. Астананың қазіргі күмбездерінің мәдениеттің дәстүрлігі мен сабақтастығы туралы айтар болсақ, күмбездердің ұлттың дәстүрге орай бірден -бңр көзге түсетін үйлесімі - қазақтың киіз үйіне ұқсайтындығынан көрінеді.
2-зерттеуші:
Жаңа Астананы ерекше айшықтап, өзгешелеп тұратын символдық белгі- «Астана-Бәйтерек» кешені. Бағаналы орда «Бәйтерек» сонадайдан менмұндалайды. Бұл - елдігіміздің бетбейнесіне айналып кеткен әйгілі нысандардың бірі. Көне мен келешектің дәнекері іспеттес. Бәйтерек- Даланың көркем дәстүрлерін, Байырғы қазақ елі мәдениетін және ағаш жемісі өмірдің өзі болып табылатын идеяны мегзейді.
Бәйтеректің биіктігі тура 97 метр. Бұл ел ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылғы сәйкес келеді.
Біздің Бәйтерегіміздің аса бірегей болып табылатынын және әлемде бұған ұқсас объект жоқ екенін атап көрсетуге тиіспіз. Бәйтеректің ұшар басында орналасқан алтын шар күмбездің өзі 76, 9 метр биіктікке орналасқан.
2-зерттеуші: Біз, зерттеушілер, «Бәйтеректің» ғажайып туынды екенін, Елбасы
Н. Назарбаевтың халыққа жасап жатқан еңбегі Бәйтеректей биік екендігін жырға қосқан көптеген ақындардың жыр жолдарымен де таныстық. Соның бірі ақын Н. Айтұлының «Бәйтерек» жырын оқып берейін.
Қазағым, қара орманым -байтақ елім,
Жақсыны, жаманды да байқап едің.
Асырған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы бойлап өскен бәтерегің!
Нұрсұлтан -ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек.
Қазағым шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп.
Танытып терезесі теғдігіңді,
Әлемге әйгіледі елдігіңді.
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл ұлан-байтақ кеңдігіңді.
3-зерттеуші:
Астананың ажар көркі сөз болғанда, Астананың ресми гербін айтпаса болмайды. Әрине, герб сәулет өнерінің ескерткіші емес, бірақ ел ордасының барлық орталық көшелері мен ғимараттарының маңдайларында Астана гербі бейнеленгенжалаулар мен көркем плакаттарды байқамай өту мүмкін емес. Желмен желбіреген Астана гербі ел орданың эстетикалық келбетін түзейтіні, әрі қаланың қайталанбас сәулеттік бейнесін қалыптастыруға әсер ететіні сөзсіз. Астана гербінің жаңа нұсқасын 1999 жылы маусымда, қаланың ресми тұсаукесерінен кейін бір жыл өткен соң бекітілді.
4-зерттеуші: Астана гербінің негізі -дөңгелек шығыстық қалқан. Күрең қызыл түсті қамал қабырғасы астарында дөңгеленген көкшіл даладан ақ қанатты сақ барысы көрінеді. Барыстың бейнесі қазақ хандарының бас киімінде келетін алтын тәжді скифтік аң стилінде салынған. Күрең қызыл түсті қамал пішіні қаланың Есіл өзенінің жағасында қамал-қала ретінде пайда болу тарихын еске салады. Ақ түс қазақ ұлтының ой-ниетінің пәктігі мен тілегінің мөлдірлігін бейнелейді. Шаңыраққа қарасаңыз, бұл Қазақстанның кең даласының шексіз аспаны астында халықтардың және мәдениеттердің қауымдасуы мен бірлесуін көрсетіп тұрғандай.
5-зерттеуші:
Әуежай жақтан құрылыс қаулап жатқан сол жағалаудан ескі көпір үстімен кіріп келе жатқанынызда, аспанға найзадай шаншылған үш тіректің,
арка тәріздес әшкейлі құрылыстың
астынан өтесіз. Арканың ұшы дөңгелекке барып тіреледі. Ол дөңгелек кейде күн сәулесімен құбылы, шыр айналып тұрғандай әсер береді. Бұл арка қазақтың кәдімгі ақ батасын бейнелейді. Қандай да бір ұлы іске бел буғанда, ұзақ сапарға аттанар алдында жолың болсын, іске сәтдеп ақсақалдардың бата беруі- халқымыздың байырға дәстүрі. Сол себепті
бұл символдық «бата-арка» қалаға келе жатқан, қаладан кетіп бара жатқан әрбір жолаушыға көпір үстінен ақ жол айтып, сәттілік тілеп тұрады
. Есіл өзені қаланың құрылым мен архитектуралық бейнесін қалыптастыруда аса маңызды элемент болып табылады. Өзеннің қала шекарасындағы жағалауына құрылыс салу жіне оны көркейтуді жоспарлау жобалары осы жағжайды ескере отырып жасалды. Жобада өзеннің қос ернеуін бойлай созылған бүкіл жағалық белдеу жағажай, бау, спорт, сауда, демалыс ойын-сауық нысандарымен бірге ұзыннан созылған жағалаулық парк ретінде қарастырылады. Есіл өзені арқылы 22 көпір салу жоспарланған. Амангелді Иманов көшесіне бұрылып, жаңа аудандарға қарай жол тартсақ, маңдай тұсымызда - «Беласу» көпірі. Көпір демекші, халық арасында жиі айтылатын «Өзенге көпір салған бір сауап» деген даналық үнемі жадымызда жаңғырады. Егер Астана көшіп келгелі мұнда салынған көпірлерді санамаласақ, салушылардың маңдайына сансыз сауап бұйырғалы тұр. «Барыс көпір», «Бұғы көпір», «Арқар көпір», «Тұлпар көпір»… Тұрғызылып, бітуге таяғандары да баршылық. Бәрі бірдей біздің ұғымымызға сай.
6-зерттеуші: Бейбітшілік пен келісім сарайы.
Барша ұлт пен барлық дінді татулыққа үндеуден туған ел төрі Сарыарқада бой көтерген
Бейбітшілік пен келісім сарайы - астаналықтар мақтан тұтатын нысандардың бірі. Сәулет өнеріндегі хай-тек стилінің хас шебері лорд Норман Фостердің жобасы негізінде, түріктің «Сзмбул-Иншат» компаниясының мықтап қолға алуымен небәрі 13 айдың ішінде жұртшылықтың көзайымына айналған ғимарат шынымен-ақ керемет. Рухани орталықтың сырты мысырлық пирамида үлгісін көзге елестетсе, іші де өнер құдіретін мойындата түседі. Биіктігі 75 метр, 25 қабатты бұл алып ғимараттың алғашқы қадасы қағылған күннен бастап, 900 шаршы метр шыны, 1200 шаршы метр гранит, 10 000 шаршы метр керамикалық плиталар, 6000 шаршы метр төсеніш кілем, 2700 шарша метр тот баспайтын арнайы болаттан жасалған панель плиталары сияқты көптеген құрылыс материалдары пайдаланылған.
7 зерттеуші:
Арқа төсінде бой көтерген тәуелсіздіктің басты туындысы - Астана қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай бабалардың ғасырлар бойғы арманы ел азаттығы мен елордамыздың асқақ рухын айшықтай түсер бірегей нысан - «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы бой көтерген.
«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы Есілдің сол жағалауындағы көкке бой созған зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, азаттықтың асқақ рухына арналған астана сәулет ескерткіштері ансамблімен ерекше үйлесімділік тапқан. .
Тарихтан білетініміздей, әдетте салтанат қақпасы әскери жеңістердің немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне арналып, қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Мұндай ерекше сәулеттік-монументалды туынды бой көтерген қалалар әлемде санаулы деуге болады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық салтанатында елордамыз - Астана қаласы да сол санаулылар қатарына қосылды.
Салтанат қақпасы елорданың үздік сәулетшілері қатысқан байқау қорытындысында Елбасының көңілінен шыққан Астана қаласының бас дизайнері Сағындық Жанболатов пен жас сәулетші Қанат Қорғановтың жобасы бойынша салынды.
8- зерттеуші:
«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы қазақ ұлтының болмысы мен тарихын, тәуелсіз мемлекет дамуының алғашқы 20 жылда жеткен жетістігін әйгілеу үшін бой көтерді Салтанат қақпасын орнатқан әр ел оны өзінің тарихымен ұштастырып жасайды. «Мәңгілік ел» туындысы халқымыздың ой-арманымен өріп, ұлттық нақышта жасалынған.
Енді сәулеттік жобаға толығырақ тоқталар болсам, оның барлық төрт жақ бетінде орналастырылған композициялар мен мүсіндердің қисынды түйіні бар. Астанаға Салтанат қақпасының классикалық негізі алынды.
Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4, 4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Қақпаның сол жақ қапталында даналықтың символы - «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Халқымыздың санасындағы осынау дәстүрлі бейне даналық, данышпан, ғұлама ұғымдарымен астасады. Қақпаның сол жақ қапталында от иесі - «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні орнатылған. Ана бейнесі қазақ халқы үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана тілі» сынды киелі ұғымдармен ұштасады. Әрбір мүсіннің жоғарғы жағында мемлекеттің елтаңбасы орналастырылған. Елтаңба нысанға айбындылық береді және оның мемлекет үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол - мемлекет пен ұлттың мәңгілік екендігін, қақпада көрініс тапқан тақырыптардың қазақ халқы үшін мәңгі маңызды болатындығын көрсетеді. Түркі халықтары үшін бұл таңбалар - бар бәле-жаладан қорғайтын, жарық пен жылу, мол мейірім әкелетін киелі бейнелер.
9-зерттеуші: .
Композицияның жоғарғы бөлігінде мемлекетіміздің Көк байрағында көрініс тапқан күрделі ою-өрнектер шоғыры бедерленген. Мұнда Туымыздағы күн мен қыран құс бейнесі бедерленген Қақпаның сол жағындағы орында көшпенді сарбаздың, ал оң жағында - Қазақстан жауынгерінің мүсіні орналасқан. Көне жауынгердің мүсіні қазақ батырларының ерліктері мен қайсарлығын көрсетеді. Қазіргі жас сарбаздың мүсіні берік қорғаны бар мемлекеттің болашаққа ұмтылысын білдіреді. Бұл мүсіндер жиынтығы халқымыз үшін қастерлі ұғым - ел қорғау ісінен бастау алады. Және жалпы алғанда, жеңістер мен жетістіктердің ескерткіші ретінде қабылданатын - Салтанат қақпаларының әу бастағы идеологиялық мәнісіне сәйкес келеді.
Қақпа қабырғаларында халқымыздың ежелгі тарихынан азаттыққа қол жеткен бүгінге дейінгі даму жолы көрініс тапқан. Басты композиция бабаларымыздың ғасырлар бойғы күресінің нәтижесі, халқымыз үшін ең қастерлі құндылық - Тәуелсіздік тақырыбына арналады. Бұл қабырға осынау қасиетті ұғымның мән-маңызын ашатын Қазақстан Тәуелсіздігін жария еткен алғашқы ресми құжат - Егемендік туралы декларация, «Ақорда», «Бәйтерек» нысандарының бейнелерімен өрнектелген.
Дәстүр бойынша салтанат қақпалары қалаға кіретін үлкен жолдың бойына салынған. Сондықтан оның негізгі мән-маңызын сақтау мақсатында Астананың Салтанат қақпасы Орынбор даңғылының ортасынан орын тепті. Көп ұзамай-ақ Салтанат қақпасы Астананың ең көрікті жерлерінің біріне айналды .
Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы елордамызда бой көтерген тағы бір қайталанбас ескерткіш - «Мәңгілік ел» салтанат қақпасымен айшықталды. Бабалардың сан ғасырлық арманының орындалуы, міне, енді Қазақ елінің мәңгілігі мен жасампаз жеңістерінің бейнесіндей сәулет туындысы тұғырында көрініс тапты .
11зерттеуші: Астана ажарын айшықтап тұрған сәулет өнерінің қатарына Астанадағы Ислам орталықтары мешіттерін атауға болады . Ақ мәрмәрдан салынған мешіттер алыстан-ақ көз тартып, адамдардың жүрегіне имандылық нұрын себуде. Жан -жағында әдемі хауыздардан атқылаған фонтандар, жап-жасыл болып егілген ағаштар бір-бірімен үйлесімін тапқандай. Жыл өткен сайын ислам дініне бет бұрған жастарымыздың мешітке көптеп келуі бізді қуантады. Бұл да болса Тәуелсіздіктің жемісі. Жастарымыз дінінен, тілінен айрылмаса, еліміз мәңгі тәуелсіз ел болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz