Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Біз еліміздің ертеңіміз



№ 30 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып пәнінің мұғалімі
Тлеубердиева Индира Даулетқанқызы

«Біз еліміздің ертеңіміз» атты әдеби- сазды кеш

1 жүргізуші Малика: Армысыздар!
2 жүргізуші Әмір: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
1 жүргізуші Малика: «Біз еліміздің ертеңіміз» атты 4 «Ә» сынып оқушылары
әзірлеген әдеби сазды бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер!
1 жүргізуші Малика: Армысыңдар, айналайын адамдар!
Айналаңа шын қуанып қараңдар
Жиырма бір жыл толды, Тәуелсіздік алдық біз,
Келді кезек, болашақты бағамдар.
2- жүргізуші: Әмір
Сан ғасырлар тарихынан кешегі
Туған жердің шежіресі өседі
Менің елім - Қазақстан Отаным!
Болашағы бізбен бірге өседі.
1 жүргізуші Малика:
Төгілді, қаншама адам құрбан болды. Абылай заманы – батырлар заманы.
Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін
шайқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ
халқы біздің болашағымыз үшін аянбай тер төкті. Абылай заманы қазақтың
ерлік заманы ЖОҢҒАР ХАН ОРДАСЫНАН 4 «Ә» сынып оқушылары дайындаған
көрініс.

2 жүргізуші Әмір: Оқысам алып қолыма,
Жылынып жүрек, тұла бой.
Түсіріп сәуле ойыма,
Оятқан өлең-өлең ғой!
«Ойлан қазақ» өлеңі. Оқитын:4Ә сынып оқушысы Тоқтарханова Еркеназ

2 жүргізуші Әмір:
Екі ішектің бірін қағып,

Бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ –домбыра.

1-жүргізуші Малика : 

Домбырам, менің домбырам!
Тірлігім, тойым өзіңсің,
Салтанат, сәнім өзіңсің,
Бабамның үні өзіңсің,
Заманның міні өзіңсің,
Ұлымның бары өзіңсің,
Қызымның ары өзіңсің,
Ойымның нәрі өзіңсің,
Өмірдің бәрі өзіңсің,
Байлығым, өнер, бақытым,

1-жүргізуші Малика Құрманғазы атамыз, Дина апамыздың жолын қуған жас күйші
Ахметова Ақеркенің орындауында «домбырам » әнін қабыл алыңыздар.

2– жүргізуші Әмір:
Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де
тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.Қашан да өршіл,
намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы
жылдарында да аянбай шайқасқан.1986 жылдың 16 желтоқсаны.
Қазақтың санасын сілкіндірген Желтоқсан ызғары жылдар бойы армен мен
тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып, келер ғасырға.
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында

ІІ КӨРІНІС. Желтоқсанның ызғары

Әмір: Енді, ортаға 4 «Ә» сыныбының биші қыздарын шақырамыз. Жадо қамажай
би.

2– жүргізуші Әмір:
О жас бүлдіршін
Жарқылдаңдар, күліңдер
Бақытты өмір,
Баянды өмір сүріңдер
Бар жақсылық - Бейбітшілік, Білімде
Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер.
Балалар әні Ақ тілек. Мадина, Күланда, Диляраны қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші Малика

Тәуелсіздігіміздің 21 жылы - жоғалғанымыздың көзі, іздегеніміздің өзі.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Алдымызда алыс сапарға
басталған жол, алыс күндерге шақырған ізгі мақсат жатыр. Ақыл мен
парасаттың ұлы көріністерін еншілеген халқымыздың ықылым заманнан бастау
алатын қымбат тарихы жатыр»- дей келе; Тәуелсіздігіміздің берік, ынтымақты
болуы үшін жас ұрпаққа мынадай қанатты сөздер айтты.
2 – жүргізуші Әмір: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр - қайрат керек
болса, оны құлатпай сақтап қалуға да соншалықты қажыр - қайрат керек.

Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек.
Өнерлі, дарынды, ұлдарыңыз Жүрсінбаев Нұрдаулет аккардион аспабында
«ДОСТЫҚ»

1-жүргізуші Малика

БІЗДЕ БІР ОТАН БІР ТІЛЕК БАР

4 «Ә» сыныбының оқушыларының орындауындағы бала тілегі әнін қабыл
алыңыздар.

Қыздар бала тілегі әні

Мөлдір срипкада халық әні

«Қараторғай»

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің елімізге арнаған сөзінде «…Уақыт қарқыны
зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып
та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты
толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ,
бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда
қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» деген
еді.

Әмір:- Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол
тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз
Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те
ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз –
Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз
бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын
таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI
ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай!

Әмір :
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен
жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын
ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,
Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің,
жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа
сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!


Ұқсас жұмыстар
Жұбан кім
Қайталау – оқу анасы. 8 сынып
Астана-жердің кіндігі, астана-елдің бірлігі 2 сынып
Рәміздерім-мақтанышым жайлы
Менің педагогикалық тұжырымдамам
Тәуелсіздік туы желбіре
Салауатты өмір
Бөгенбай батыр
Ауылым- алтын бесігім. 3 сынып
Бауырласпыз бәріміз, Қазақстан жерінде
Пәндер