Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Ғарыш дегеніміз не?
ШҚО, Семей қаласы «№ 30 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм. Бастауыш
сынып мұғалімі Тлеубердиева Индира Даулетқанқызы
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?
Мақсаты: 1. Ғарыш туралы ұғым қалыптастыру.
2. Танымдық ой – өрісін, әңгімелете отырып сөздік қорын дамыту.
3. Табиғаттағы жайларды бақылауға, зейінділікке баулу.
Керекті құрал: интерактивті тақта, ғаламшарлар
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, “Сен білесің бе?”, “Түртіп ал”,
“Тексеріп көр!”,
көрініс, тізбектеп оқу, білгенге маржан.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасың тексеру.
1.Жер шарында неше мұхит бар?
Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды.
Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке
бөледі.
2. Жер шарында неше материк бар?
Жер құрлығы алты материктен: Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік
Америка, Африка, Австралия жəне Антарктидадан турады
3.ҚР қай материкте орналасқан?
В) Еуразия
4. Ең ірі мұхитты ата.
Тынық - көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит.
ІІІ. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі.
Жаңа сабақ.
Ребус
Ғарыш дегеніміз не?
Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жарқыраған көп жұлдыздарды көреміз. Оларды
сендер аспаннан көргенде неге ұқсатасыңдар?
Біздің ортамызда жұлдыз отыр екен. Ол өзін таныстырып өтсін.
Жұлдыз - Еркеназ
. Айсыз түнде жай көзбен қарағанда 3 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті
телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Ертеде адамдар
аспанды өздерінің көздерімен ғана бақылап, зерттей алды. Бірақ көзге
көрінбейтін жұлдыздарды бақылай алмады. Қазіргі уақытта телескоп деп
аталатын оптикалық құрал қолданылады. Жай телескоп біздің көруімізді
күшейту үшін бекітілген екі линзасы бар түтіктен тұрады. Бір линза аспан
денесіне бағытталған. Бұл - объектив.
Ол арқылы жұлдыздардың жарығы телескопқа түседі. Екінші линзаны көзге
жақындатамыз. Ол “окуляр” деп аталады. Радиотелескоп түнгі аспанды тыңдай
ды.
Т еледидардың антеналары телехабарлардыңсигналын спутниктен ұстаған секілді
радиосигналдарды аулайды.
Балалар біздіің бүгінгі сабағымызға ғарыш адамы қонаққа келе жатыр. Қарсы
алйық.
Нұрдаулет: Сәламатсыңдар ма , балалар, мен ғарыш ғаламынан келдім
Ғарыш ғаламына жер бетінен адамдар келіп зерттеу жұмыстарын жиі
жүргізіп тұрады.
Мен де сендердің ғаламдарыңды бір көруді армандаған едім. Бүгін міне
зымыраныммен ұшып келіп тұрмын. Балалар сендерге Шолпан, Юпитер, Марс,
Сатурн, Меркурий, Уран сияқты планеталар сәлем айтып жатыр.
Мадина: Ғарыш адамы бізде сол планеталарға саяхаттағымыз келеді. Сол
үшін ұшқыш, ғарышкер болсақ деп армандаймыз . Ол үшін біз шыдамды, ақылды
боламыз.
Әмір: Ғарышқа саяхаттау үшін көп мәліметтер жинап, жұмбақтар мен өлеңдер
үйреніп Балалар ғарыш ғарышқрышкер әнін айтып берейікші.
ӘН ғарышкер
Нұрдаулет: Осымен балалар менің жер бетіне саяхатым аяқталды.. Хош сау
болыңдар!!!!
Күн туралы білімдерін топтастыру.
Күн жүйесінің орталығы Жарық көзі
Жылу көзі
Газды шар
- Күн – Жерге жақын жұлдыз. Басқа жұлдыздар сияқты ол да лаулап жанып
тұратын газды шар.Күннің ең ыстық бөлігі – оның ядросы. Күннің беткі
қабаты фотосфера деп аталады.
Күн және оның айналасында қозғалып жүрген 9 планета Күн жүйесін құрайды.
Күн жүйесінде тоғыз планета бар.Олардың ең үлкені Юпитер. Ең кішісі –
Плутон. 9 планетаны ортаға шақырайық.
IV. Оқулықпен жұмыс.
а) Балаларға оқыту;
ә) Мәтінде айтылмай қалған материал болса,оқушылар толықтырады.
б) Сұрақтар мен тапсырмалар:
Жұлдыз деген не?
Галактика неден тұрады?
Ғарыш деп нені айтады?
Ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
V а) Сен білесің бе? Слайд сұрақ – жауап
1. Қазақстаннан шыққан ғарышкерлер (Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев)
2. 1961 жылы 12-сәуiрде «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшқан ұшқыш (Юрий
Гагарин)
3. 1946 жылдың шілде айында V2 ракетасына жүгерімен қосып, шыбынды
ұшырған мемлекетті ата (Америка)
4. 1949 жылы ғарышқа барған маймылдың атын ата (Альберт II )
5. 1957 жылы «Спутник 2» ғарыш айлағынан ғарышқа ұшқан итті ата (Лайка)
6. Ғарышқа адамзат ұшқанға дейін не жіберді, аттарын білесіңдер ме?
(Иттер: Лайка, Белка, Стрелка, Пчелка, Мушка, Звездочка, Чернушка,
Уголек, Ветерок )
Ғарыштан қарағанда Ғарыш серіктері жер бетінің суреттерін ұдайы
жасайды. Ғарыштан алынған суреттерден континенттер мен мұхиттар, сонымен
қатар Жерді қымтаған бұлттар көрінеді. Суреттерді зерделей отырып,
ғалымдар ауа-райын болжай алады.
VI. «Түртіп ал!»
1. Ғаламшар, Күн жүйесі, Галактика, Әлем немесе Ғарыш
Ғаламшар-адасушы жұлдыз.
Күн жүйесі-Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар және оның серіктерін
айтамыз.
Әлем немесе Ғарыш-Жерді қоршаған бүкіл дүние.
Галактика-миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор
масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе.
VII . Қорытындылау.
Көрме суреттерімен оқушылар қорытындылайды.
VIII. Үйге тапсырма:
1.Ғарыш дегеніміз не? Ғарыш туралы іздену.
2.Ғарышқа ұшу және ғарышкерлер жайында фотосуреттер жинақтау.
ІХ Бағалау, мадақтау.
-----------------------
К
Ү
Н
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz