Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Махаббат пен борыш
[pic] Қалдыбаева Гүлнар Отарбайқызы
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Қорғантұз орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: «Махаббат пен борыш»
(М.Жұмабаев «Батыр Баян» помасындағы Батыр Баян, Адақ, тұтқын қыз
бейнелері)
Қазақ әдебиеті
11-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Поэманың мазмұнымен таныстырып, оның тақырыбы мен идеясын
ашу, поэма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасау.
Дамытушылық: Шығармадағы кейіпкерлердің өмірде болған адамдар
екенін нақты деректермен түсіндіре отырып, оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығы мен ынтасын арттыру, ақын өміріне арналған шығармаларды
оқуға тарту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қазақтың аяулы батырларын үлгі ете отырып,
ерлікке, батырлыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу, жүректерінде ар, намыс
отын жағу, ерді намыс, қоянды қамыс өлтіретінін дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадан көрсетілетін ұлағатты
сөздер, суреттер, көрініске қажетті жабдықтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, жағрапия.
Сабақтың әдісі: анализ-синтез, әңгімелеу, баяндау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасы.
1.Мағжанның поэмаларына қысқаша шолу.
2. «Батыр Баян» поэмасының мазмұнына сценарий құрып, көрініс даярлау.
ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.
а) Кіріспе: Поэманың жазылу себептері деген сұрақ төңірегінде
әңгімелесу:
«Мағжан Жұмабаевтың әжесі-Батыр Баянның немере қызы. Мағжан-батырдың
сүйікті немересі. Сонда, біріншіден, туыстық жақындығы бар, екіншіден,
ақын Баянға қатысы бар жазба мағлұматтарды жетік білген. Сүйенгені-
Шоқан еңбектері».
-Ноян кім? Баянның махаббат үшін оны атып өлтіргені рас па?
-Ноян-Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы Қыстаубай. Ол
Лағда деген қалмақ қызын алып қашады.Сары батыр ашуланғанда, екі
көзін қан жауып кеткен екен. Соғыста қашан он шақты дұшпанын сүйреп
тастағанға дейін көзі ашылмайды екен. Оған дейін шылбыры Баянның
тақымында жүретін болған. Сол Сары батыр Баянға:«Қашқан екеуді қуып
жет те, өлтір. Киімдері мен қару-жарағын менің көзімше көм!»-дейді.
Батыр Баян қуып жетеді, бірақ өлтіруге қимайды. Қыстаубайдың бір
қабат киімін шешіп алып,қозының қанына малып, Сары батырдың
көзінше көмеді. Бұл-өлтірдім дегендегісі еді.
Кейін кіші жүз әскерімен бірге келген ұлын көріп, батыр жібудің
орнына Батыр Баянға қаттырақ ренжіпті,-деседі. Тарихпен
байланыстырып, поэманы үш жақты талдау: 1.Өмірде. 2.Кинофильмде.
3.Поэмада.
Мағжан нақты деректер мен аңыздарды қайталамаған. Баян, Ноян,
қалмақ қызы арасындағы махаббат өрті сюжеттік желі боп
тартылғанымен, дастан ғашық жар аясында қалмай, үлкен ел сүйгіштік
идеяға негіздейтін дәрежеге көтерілген. Ақын поэмасын 1923 жылы
Ташкентте 30 жасында М. Әуезовтың пәтерінде бір түнде жазып шыққан
екен.
Ой қозғау.
-Бүгінде қазақтың рухани игілігіне айналып, мәдениетіміздің алтын
қорынан ойып орын алған бұл ғажайып жырда қай кезең суреттелген?
-ХVІІІ ғ. жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ пен қалмақ арасындағы
қанқұйлы соғыс оқиғалары суреттелген. Басты кейіпкерлері-Абылай,
Батыр Баян сияқты қазақтың белгілі қайраткерлері.
Поэма Батыр Баянды көтермелеуден басталады, әрине, реалистік
тұрғыдан оны нағыз ер жүрек етіп суреттейді, қалмаққа қарсы жорыққа
бүкіл әскерімен Абылайдың Баянды күтіп жатуының өзі оның қандай батыр
екендігін көрсетеді. Поэманың оқиғасы осылай бас кейіпкерге ынтықтырып
қояды да, тұтқын қыз жағдайына көшеді. Батырдың көңілі ауса да, өзін
ағасындай көріп жүрген тұтқын қызға пәлен деуге бата алмай жүргенде, қыз
Ноянмен еліне қашып кетеді.
Трагедияның арқауы-сүйген екі жасты өлтірген Баянның жан күйзелісі.
«Жан, көке, ағатай!» деп күлімсіреп аузын аша берген бауырын садақпен бір-
ақ сұлатқан Баян қызды да сұлатады. Қалшылдап көзіне қан толған Баян ашуы
тарқаған соң, не істегеніне есеп беріп, өкіріп, атынан құлап түседі. Ақылын
ашуға жеңдірген ол енді бір сәт өкінуге душар болады.
Жейтұғын өз күшігін бөрі болдым,
Ісімді мынау ағат немен жабам?
Қарабет болдым алаш баласына,
Ер дер ме енді Абылай данам?!- деп
жылайды. Бір ата, бір анадан туған Ноян қалқасын өлтіріп алғанына іші удай
ашиды, аңырайды. Біресе сұм сұлуға інімді қармағыңа ілдің деп тісін
қайраса, біресе тірлікте бетінен сүйе алмай кеткенін арман етеді. Поэма
осылай бір-біріне ерсілі- қарсылы, қарама-қайшы шындық сезімге толы.
Баянның өз жүрегіндегі буырқанған ой-сезімнің қайсысын ұстарын білмей дел-
сал болғаны қандай?!
Күй жүрек, көл бол, жасым, өртен ішім!
Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.
Сұм садақ кетсе де үзіп жас жүрегін,
Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін!
Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,
Иіскейді енді зарлап аппақ төсін!-
деген жолдарды оқығанда көзіңе жас үйіріліп, «қайран,бауыр-ай!» -деп
ойлайсың.Баянды еріксіз жазғыра берейін дегенде тағы да бір сезім селт
еткізеді.
Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым,
Қайтейін, арымадың, арда күшім!
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін! -
деген ой қамайды. Осы тұста Баянның зығырданы қайнайтыны да шындық. Елін,
жерін қорғап, не ойласа да халық мүддесін алдымен ойлайтын батыр інісі
Ноянның жасық боп туғанына намыстанады. Бір қыз үшін құл болған ездің бұл
қылығы-халық көңілін жасытатын шер.
Арқамдай жер жүзінде жер бола ма,
Айбынды алашымдай ер бола ма?
Алашта ертеде өткен екі арыстан,
Ер Көкше,ер Қосайдай ер бола ма?
Солардың нәсілімен Сары,Баян,
Барыстай ойын салған сар далада.
Інісі Ер Баянның жасық Ноян
Атадан азып туған дер болар ма?
Құл болса бір қыз үшін балдырғаны
Алашқа бұдан артық шер болар ма?
Баянның тағы бір тоқтаған тұсы-өзін есінен тандырып, қылмыс жасатқан
ғашықтық екенін мойындауы, есіл ер ел бетін көруді өзіне арам деп есептеп,
жау қолында өледі. Баянның Абылаймен араздасып, аз қолымен қалмақты қуып
жетіп, қаза табуы-бәрі-бәрі де алаш жауының қолынан өліп, күнәсін жууға
тырысуы сол қаза тұсында бекінген шешім болатын.Батыр Баян ісі ердің
қолынан ғана келеді, ездің емес. Ақылын ашуға жеңдіреді,бірақ оның қайраты
көрсоқыр емес. Оған садақты тартқызған –ел бұйрығы.Ел намысы сатқындықты
кешірмейді.Баян үкімі-әділ үкім.
Ал аға, бауыр ретінде екі жасты қызғаныш үшін құрбан етуі-бұл
кешірілмес күнә.Өзін Батыр Баян сол үшін жазалайды, өлімге бұйырады.
Поэмада Батыр Баян әр қырынан көрінеді. Ол-аса сақ, жау сөзіне сенбейді,бұл
ойын ханға да ашық айтады, еш жасқанбай Абылайға қарсы шығады.Мысалы:
Ерлігі алашқа аян Батыр Баян,
Тұрды да деді: «Алдияр,Абылайым!»
Мергеннің мылтығына қарсы жүрмес,
Қырдағы адам түгіл құландайын.
Сөзімді не кектерсің, не жұп дерсің,
Ойыңды теріс дейді Баян-айың!
Талқыға салмай шындық табылмайды,
Құл ғана қожаны ылғи қабылдайды.
Қу қалмақ күні кеше алдамап па ед,
Шоңқитып ой қытай мен өр қытайды?
Хан да екі, Баян да екі қайырысты
Алмастан бір-біріне тіккен көзін.
Жиналып көздеріне қызыл жалын,
Қалса да сыр беріспей қылды төзім.
Осындай күйде тұрған Баян ертеңнен кешке дейін жаудан хабар ала алмай,
алданған Абылай хан елге қайтуды ауызға алғанда, аз ғана жолдас ертіп,
қалың қалмаққа жалғыз шабады.Бір қазаққа жүз қалмақ келетін соғыста ерлер
жан аямай шайқасады. Әрине, көптің аты көп, жау жағы жеңеді.Осы тұста тағы
да Баянның жақсы қасиеті ашылады.Ол-жан жолдасы Жанатайға деген достық
сезім. Жараланған жан жолдасын аялап, сүйермен боп еңкейе бергенде
қалмақтың көк найзасына шаншылады. Есіл ер сонда да аузындағысын айтып,
жауын ала өледі.
Ер Баян Жанатайды алдына алып,
Қыларың қатын қалмақ тағы бар ма?
Деді де суырып ап жау найзасын,
Алаштың әруағы,- деп,- қайдасың?!
Жыландай жарқ еткізіп алдаспанды,
Түсірді топ еткізіп қалмақ басын.
Бұлақтай аспанға атып, қан шапшыған
Жараға тығып тұрып бармақ басын,
Қасқиып қан майданда тұрып қалды,
Қайран ер, қайсар Баян, Жолбарысым!
Алайда уақыт өтті, құлап түсті,
Құшақтап Жанатайдай жан жолдасын.
Ерді намыс қоянды қамыс өлтіреді.
Міне, Баян бейнесі- осындай нағыз ерліктің, батырлықтың туын ұстаған
бейне.
Ал, Ноян ше? Ноян-лапылдап жанған махаббаттың құрбаны, махаббат өрті
алды-артын болжауға ерік бермей, жолынан тайдырады. Ғашықтық құлы болып,
бір қыздың жетегінде кетеді. Мұны ел де, ағасы да кешірмейді.
Поэмадағы Абылай хан бейнесі.
Мағжан Абылайдың бүкіл қазақты билеген, ел бірлігін, ел тыныштығын
қорғаған қайраткер екендігін жырлайды, батырлық, ерлігіне ақыл-парасаты сай
деп көрсетеді.Елді қырқыстырмай, бейбіт жеңуді көздейді, қырғын соғысты
емес, бейбітшілікті сүйеді. Қай уақытта да мұндай хандар елін, жерін қорғай
алған деген ойды білдіреді.
Енді Мағжан қалай жырлады, басқа ақындар қалай жырлаған дейтін болсақ:
Мағжан Абылайды «алты алаштың арғымағы, елдің басын біріктіруші дана
хан» десе, Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында Абылайды «ел шапқыш,
қатыгез, қанға құмар» деп көрсетіп, жек көрінішті етіп жырлайды.
-Абылай бейнесінің бұлай жырлануы неліктен?
-Абылай хан бейнесі сол кездегі саясатқа байланысты бұрмаланып жырланған.
Мәтінмен жұмыс:
Поэма дегеніміз-өлеңмен берілген әңгіме деп жүрміз.Поэманың
оқиғалары, суреттері ғажап. Мұны Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы»
мақаласында былай деп көрсетеді: «Поэтикалық тіл көптеген бейнелеуіш
сөздерден тұрады. Ақынның поэтикалық тілінде теңеу, эпитет, троптың түрлері
қайталау, арнау, шендестіру,инверсия көптеп кездеседі». Мысалы: «Баянның
батырлығы алашқа аян» деген жолдар поэманың өне бойында кездеседі.Ол
өлеңнің көркемдігін, эмоциялық, эстетикалық әсерін арттырып тұр.
-Арнауды кім тауып оқиды?
Топтық жұмыс:
|1-топ |2-топ |3-топ |
|Теңеу |Метафора |Эпитет |
|Зат есімдер |Сын есімдер |Етістіктер |
ІV. Бекіту:
-Поэманың «Батыр Баян» аталуы неліктен?
-Баян неге өзін кінәлады?
-Поэмада махаббат пен борыш қалай шендескен? Сенің борышың не?
-Батыр Баян бейнесінің мәңгі өлмейтіндігін тағы не арқылы көруге болады?
(«Батыр Баян» кинофильмімен байланыстыру)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Ер Баян ерлігімен ұрпаққа үлгі-өнеге болса, ақын Мағжан ұлағатты
сөздерімен ұрпақ есінде мәңгі қалар»...
Оқушы ақынның «Қарағым» өлеңін оқиды.
V. Үйге тапсырма: 1. Поэмадан өз қалауы бойынша үзінді жаттау.
2. Поэма кейіпкерлеріне талдау.
3. Абылай бейнесі туралы материалдар
жинақтап, дәптерлеріне жазып келу.
VІ. Бағалау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz