Асқар тоқмағамбетов «құлақ пен тымақ»

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Б. Қосбергенова

Күні : 20. 12. 2012 жыл

Сыныбы : 2

Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов « Құлақ пен тымақ».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мысал өлеңмен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, талдау, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру және белсенді, ынталы оқуға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, сыпайы, әдепті-арлы болуға, кішіпейіл болуға, адал достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту. Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
Әдіс - тәсілдері : қызығушылығын ояту, проблемалық, салыстыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену, талдау, ой қозғау, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс
Сабақты ұйымдастыру түрі
: дамыта оқыту, іздену, зерттеу
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, математика, өзін-өзі тану

Көрнекілігі : Асқар Тоқмағамбетовтың шығармалары, кестелер, геометриялық пішіндер, қыс көрінісі

Қажетті құралдар :интерактивті тақта, үнтаспа

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қызығушылығын ояту . Үнтаспадан күлкі естіледі.

Ал балалар күлкі естігенде кім есімізге түседі?

Алдаркөсенің өлеңі

Мен Алдармын, Алдармын

Тура жолды таңдармын

Керегі жоқ паңдардың

Жылуы жоқ жандардың

Адалдарды аңдармын

Арамдарды алдармын

Алдаркөсе кім, ол жайында не білдіңдер?

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Алдаркөсе мен салт атты»

Мазмұндау

Орталықтарға тапсырма

Зерттеу орталығы Алдакөсе кім ? Өмірде болған ба? «Алдаркөсе» деген не мағынаны береді? Алдаркөсенің атында не бар?

Өнер орталығы . Ертегіні сахналау

Жазу орталығы . Кесте толтыру

Алдаркөсе
Бай
Алдаркөсе: Ақылды, айлакер, зерделі қу, қарапайым халыққа жаны ашыды, мұратына жетіп отырды, тапқыр, сөзге шешен
Бай: Сараң, өзімшіл, арам, әділетсіз, халыққа озбырлық көрсетті

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін! Әйтеке би

Жомарттықтың негізінде үш нәрсе бар:бірі-өз айтқан сөзіңді өзің орындау, екіншісі-әділдікті нұқсан келтірмеу, Үшіншісі-қайырымдылықты есіңе ұстау, ұмытпау

Осы қасиеттердің барлығы кімнің бойында болды?

Жыл мезгілдерінің суреті

Көктем-көңілді

Жаз -жайдары

Күз-көңілсіз

Қыс-қатал

Адамның көңіл -күйінің жыл мезгілдерімен байланысы. Көңілді, көңілсіз.

III. . Жаңа сабаққа кіріспе

Үнтаспа «Қыз мезгіліндегі ауа-райы»

- Не тыңдап, не сезіндіңдер ?

-Қыс мезгілі

Қыста адамдар қалай киінеді?

Байдың киіміне назар аудару Мултьфильмнен үзінді.

Оқулыққа назар аудару

Жаңылтпашты айту

Қыста құлағым үсіп кеті,

Үсіп, ісіп кетті.

-Құлағың үсімес үшін не істеу керек?

«Сиқырлы сандар» топпен жұмыс. Жаңа сабақтың тақырыбын шығару

а
ұ
л
қ
қ
а: 4
ұ: 2
л: 3
қ: 1
қ: 5
қ
т
м
а
ы
қ: 5
т: 1
м: 3
а: 4
ы: 2
ы
м
с
л
а
ы: 2
м: 1
с: 3
л: 5
а: 4

Құлақ пен тымақ. .

Мысал

IV. Жаңа сабақ . Құлақ пен тымақ . А. Тоқмағанбетов.

Күн ретін, тақырыпты жазу.

«Болжау» стретегиясы

«Құлақ пен тымақ» ойларыңа не келді, не туралы болуы мүмкін?

Оқушы жауаптарын тыңдау

Бұл-мысал өлең.

Мысал өлең деген не? ?
Жан- жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып, ой- пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.

Енді сендер менен не білгілерің келеді?

Оқушылар сұрақтар қояды.

1. Кім жазды?

2. Не туралы?

3. Қай жанрда жазылған?

4. Тымақ қандай болады?

1. Автор жайлы мағлұмат

Асқар Тоқмағамбетов (19. 9. 1905, Қызылорда обл., Терең өзек ауданы, бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар - 21. 8. 1983, Қызылорда қ. ) - ақын, жазушы.

1932 жылы Москва полиграфия институтын бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») (1927-30), «Ленин жолы» (Қызылорда, 1933-34), «Қазақ әдебиеті» (1934-35), «Социалистік Қазақстан» (қа-зіргі «Егемен Қазақстан») (1937-1944) газеттерінде, «Ара» журналында қызмет істеді.

Тоқтағамбетов казак әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.

Тоқтағамбетов - 19 ғасырда өмір сүрген казак ақындары туралы «Жыр күмбезі» (1975) атты тарихи романның авторы. Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы «Күлкі-сықақ» 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценарий де жазды. С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды (1953) . 1-дөр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

2. Тымақ- мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты дүрия, шағи, пүліш, барқыт, т. б. матамен тысталады

3. Оқулықпен жұмыс

1. «Құлақ пен тымақ» Мысалды оқу

2 Мысал өлеңді талдау

3. Тізбектей оқыту

4. Ролге бөліп оқыту

5. Сұрақтар қою

-Мысал не туралы айтылған?

-Мысалдан жылдың қай мезгілі екенін білуге болады?

-Тымақ құлақтан не сұрады?

- Құлақ тымаққа не деді?

-«Сұлуынан жылуы» дегенді қалай түсіндіңдер?

-Қысқы киімдерді атау

4. Дәптермен жұмыс

Құлақ
Тымақ
Құлақ:

Мінеді, сынады, мазақ етті

Күлді, кешірім сұрады, қатесін түсінді

Тымақ: Көрінбей кеткенін сұрады, «сұлуынан жылуы»- деді, қыста туылғанын айтты

Ой қозғау. Тымақтың орнында болсаң не істер едің?

V. Бекіту

1-топ Аққала құрастыру. Адам бойындағы жағымды қасиеттер

2-топ. Шырша құрастыру Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

3-топ. Қар түйіршіктері Мақал-мәтелдер

Бір шумақ өлең құрастыру . Ауызша

Қар жауды алақай!

Аққала жасаймыз

Жасыл шырша жанында.

Билеп, өлең айтамыз

2. Семантикалық картаны толтыру.

Өлеңнің аты
Авторы
Кейіпкерлер
Шығарманың түрі
Құлақ
Тымақ
Мысалдан қандай ой түйдің?
Өлеңнің аты: Құлақ пен тымақ
Авторы: А. Тоқмағанбетов
Кейіпкерлер: Құлақ тымақ
Шығарманың түрі: Мысал
Құлақ: Қатесін түсінді
Тымақ: Кешіре білді
Мысалдан қандай ой түйдің?:

Ұқсас жұмыстар
А.Тоқмағамбетов. Құлақ пен Тымақ (мысал)
А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
Түлік туралы сабақ
Қойдың пірі
Жас дарындар сайысы
Б.соқпақбаев. «шынықсын денеміз». 2 сынып
Тақырып Қазақтың ұлттық киімдері
Аққу, Шортан һәм Шаян сайыс сабақ
Асық ату
Ұлттық киімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz