XXI ғасыр көшбасшысы жайлы ақпарат

Мәртөк ауданы
Құмсай бастауыш мектебі
Дайындаған: Аймухамбетова Л. С.
2012-2013оқу жылы
Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты
:
Білімділік:
Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Дамытушылық:
Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік:
Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: Сайыс
Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайд
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, математика, ана тілі, музыка, дене шынықтыру
Тәрбие сағатының жүрісі: «БӘЙГЕ», «КӨКПАР», «ЖОРҒА», «ДОДА»
Жүргізуші
:
-
Сәлеметсіздер ме ұстаздар, ата аналар, оқушылар!
«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» -деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 3, 4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.
1. Балсейтов Мирас 3-сынып оқушысы
2. Жайшылық Исатай 3-сынып оқушысы
3. Зейнуллаев Жантілек 3-сынып оқушысы
4. Сағынтаева Арайлым 3-сынып оқушысы
5. Арықова Зинегүл 4- сынып оқушысы
6. Жайшылық Гүлден 4- сынып оқушысы
7. Зайнуллов Диас 4- сынып оқушысы
8. Зейнуллаева Жанерке 4- сынып оқушысы
9. НартаевТалғат 4- сынып оқушысы
Сайысымызды бастамас бұрын алдымен ұпайларды компьютерге түсіріп отыратын әділқазы алқасы Қамзин Сабыржан Жақсылықұлы болатынын ескертіп өтейін.
Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 4 турдан тұрады: БӘЙГЕ, КӨКПАР, ЖОРҒА, ДОДА,
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
I - тур «БӘЙГЕ»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер -
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.
Шарты
:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 13сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді. .
1. 1924-жылға дейін Қазақстанның астанасы болған қала? \Қызылорда\
2. Дала жұлдызы атанған адам \Ыбырай Алтынсарин\
3. Әлемдегі ең үлкен мұхит \Тынық мұхиты\
4. Қазақстанның тұрғындары көп қала \Алматы\
5. 1916-жылы ұлт азаттық көтерілісін бастаған батыр \Амангелді батыр\
6. Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” өлеңіндегі бірінші бақытын ата “ . . . , Тілім , Отаным ” \ халқым\
7. Ауданы 100 м² шаршы қабырғасының ұзындығы \10 м\
8. Қазақстан солтүстігінде қай елмен шектеседі? \Ресей\
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы \Ш. Ниязбеков\
10. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? \1992 жылы\
11. Құрлықтағы ең биік сүтқоректі Африкалық жирафтың биіктігі қанша метр? \6м\
12. Бұл витамин баланың қалыпты өсіп дамуына, әсіресе көзге, теріге жағымды әсер етеді, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару жүйелерінің кілегейлі қабығына ықпалын тигізеді \А витамин\
13. Қалалықтардың сөзіне неше жалғау жалғанған? \2\
ІІ тур «КӨКПАР»
Шарты:
Бұл турда алдынғы жинаған ұпайларын сақталады. Турдың ерекшелігі әр сынып өз сыныбының бағдарламасы бойынша пәндерден сұрақтар келеді. Таңдаған киіз үйдің артында төрт сұрақ болады. Әр дұрыс сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
Алайда ұпайы аз төрт оқушы сайыстан шығып қалады
4- класс
10
Бұл кім?
(І. Жансүгіров)
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап
беріп, бірдей тұлғада тұратын
сөйлем мүшелерін не дейміз?
Қорап тәрізді жәшіктің көлемін
қалай табамыз?
20
Бұл кім?
(Б. Майлин)
Мектебім сөзіне қандай
жалғау жалғанған?
Тянь Шянь атауы
қытай тілінде не деген
мағынаны береді?
30
Бұл кім?
(А. Пушкин)
Табыс септігінің
сұрақтарын ата
40
Бұл кім?
(С. Сейфуллин)
Жүрек жалғау тіркесі нені
білдіреді?
Ұшақ 800 км/сағ жылдамдықпен
ұшса, 4 сағатта қанша км ұшады?
Қазақстан дүние жүзі елдері
ішінде жер көлемі жөнінен
нешінші орын алады?
50
Бұл кім?
(Ш. Құдайбердиев)
Қандай? Қай? сұрағына жауап
беретін сөз табы
Көпбұрыш қабырғаларының
қосындысы?
Мынау қандай
пайдалы қазбаның
шартты белгісі?
3 класс
10
Бұл кім?
(М. Жұмабаев)
Тік төртбұрыштың
ауданын қалай табады?
Жер қыртысын толтырып
жатқан денелер
20
Бұл кім?
(Ш. Қалдаяқов)
Қай санға бөлуге
болмайды?
30
Бұл кім?
(Д. Нұрпейісова)
Түбір сөзге жұрнақ қосылу
арқылы жасалған сөзді
қалай атайды?
Санды өзіне-өзін бөлсе,
неше шығады?
Мынау қандай
пайдалы қазбаның
шартты белгісі
40
Бұл кім?
(Қ. Сәтпаев)
Заттың қимылын білдіретін
сөз табы
Ұпайы аз 4 оқушы сайстан шығады. Қалған 5 оқушы сайысты одан әрі жалғастырады.
III - тур «ЖОРҒА»
«Білгенін бір тоғыз, білмегенін тоқсан тоғыз» Осы турда сайыскерлеріміздің білімінін, таным қабілетінің жан жақтылығын сынайтын кез жетті.
Шарты:
1. Экраннан бес ұяшық. көрсетіледі.
2. Әр ұяшықта бес сұрақтан болады. Ол сұрақтар әр түрлі тақырыптан алынған.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы (он) 10 ұпайды иеленеді.
4. Алдынғы турда жинаған ұпайларын жойылады. Бұл турда ұпайды жаңадан жинайсыңдар.
Жүргізуші : Міне біздің үшінші турымызда өз мәресіне жетті. Өкінішке орай бұл турда ұпайлары аз екі оқушы ойынын тоқтатады. Көңілдеріне қаяу түспесін Сіздерге болашақта сәттілік тілеймін!
1 ұяшық
Илья Ильин ауыр атлетикадан неше
дүркін әлем чемпионы?
Әннің
авторын
табыңыз
2 ұяшық
Олимпиада чемпиондарын
марапаттайтын
медаль металдарын атаңыз?
Суды елекпен қалай
тасуға болады?
3 ұяшық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz