Семей қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары арасында өткізілген Көңілді тапқырлар математика сайысының сценарийі

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

ММ «№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп»

Математика пәнінің мұғалімі Сексенбаева Бақыт Ғафуқызы

" Көңілді тапқырлар сайысы"

1- жүргізуші : Атамыз білім дәнін болған екпек,

Оқытып балаларды білім сеппек.

Қазақтың кең даласын жарық қылған,

Атамыз Ыбырайға мың рахмет.

2- жүргізуші : Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.

1- жүргізуші : - Құрметті ұстаздар, оқушылар, 8 сыныптар арасында

өтетін " Көңілді тапқырлар сайысын" бастауға рұқсат етіңіздер! ( музыка ойнайды)

2- жүргізуші: " Талапты ерге нұр жауар" демекші, ортаға " Тапқырлар" командасын шақырамыз.

Ойла- ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген,

Формуланы білмесең,

Өте алмайсың көпірден.

2- жүргізуші: ( Берілген формулалардың жұптарын табу керек) .

Көрермендерге сұрақ:

1) Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі: (планиметрия)

2) Санның жүзден бір бөлігі: ( процент)

3) Глобус қандай геометриялық фигураны елестетеді?

1- жүргізуші: 2- тур . " Тапқыр болсаң ұтып көр"

Жібермейміз есе біз,

Ғалым болып өсеміз.

Көзді ашып, жұмғанша,

Есепті де шешеміз.

2- жүргізуші: 3 3 3 3 3 3 = 1000

(333*3+3/3) = 1000

4 4 4 4 4 4 4 4 = 500

( 444+44+4+4+4) =500

Сандардың сол жағындағы сандарға амал таңбаларын қой:

1) -2х+(-25), х= -10 өрнегінің мәні неге тең?

2) екі санның қосындысы 8-ге, көбейиіндісі 15- ке тең. Осы сандарды тап. (5; 3)

1- жүргізуші : Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің шүбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

2- жүргізуші: Әрбір команда өзінің өнерлерін көрсетсін.

Көрермендерге сұрақ - есеп:

1) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? ( 10 торғай) .

2) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? ( түйеқұс ұшпайды) .

1- жүргізуші: 3- тур: " Жұмбақтар"

Өз ойыңды жүйелейтін,

Алған білімді түйіндейтін,

Әр нәрсенің жауабын тез

Есте сақтап күлімдейміз.

2- жүргізуші : Олай болса кезекті жұмбаққа да берейік, шешімін кім табады.

1- Тапқыр : Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді,

Бірін-бірі көрмейді, дамылсыз қанша шапса да,

Бір мәреге келмейді.

( параллель түзулер) .

2- Алғыр : Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашасың .

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың.

( квадрат түбір)

Көрермендерге сұрақ:

А) " Адымда- ойлан" ойыны.

"7"- ге еселік сан. (4)

"4"-ке еселік сан. (4)

Б) Санның квадратын тап.

2 2 , 2 3 , 2 4

3 2 , 3 3 , 3 4 .

4- тур: " Бақытты сәт"

1- жүргізуші: Әр нәрсенің бастауы

Жетекшіге тиісті.

Оның әрбір істері

Өз ісінің жемісі.

2-жүргізуші: Онда неге тұрамыз

Қолға алайын сол істі.

Әр жетекшінің өз ісі

Білімділігіне тиісті.

"Әр қолда өзінің ісі".

Қағаз, қалам, яғни екі қолымда қарындаш беріледі.

Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер сызады.

Викториналық сұрақтар:

1) егер 1 жұмыртқа 4 минут қайнаса, 5 жұмыртқа неше минут қайнайды?

2) Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?

3) Негізгі геометриялық фигураларды ата.

4) Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)

5) Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу. ( параллель)

6) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу. ( перпендикуляр)

7) катет пен гипотенуза туралытеорема кімнің атымен аталады? ( Пифагор)

8) Квадраттық функцияның графигі ( парабола) .

5- тур: " Сөзжұмбақ"

Сұрақ: 1) Үлкен хорда- диаметр

2) берілген нүкте- центр

3) шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді- хорда.

4) геометриялық фигура- шеңбер.

5) Центрден шеңбердің нүктелеріне дейінгі қашықтық- радиус.

Өлең үшбұрыштар жайлы:

" Есеп туралы ой"

Қажетті сөздер:

1. " Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін - математика" (М. В. Ломоносов)

2. Білімдіден шыққан сөз,

Білімдіге болсын кез. ( Абай)

6. Қорытынды.


Ұқсас жұмыстар
Семей қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің математикалық сайысын ұйымдастыру жоспары
Семей қаласы №47 жалпы орта білім беретін мектептің Айқымбекова Г.А. әзірлеген Әліппеге қоштасу кешінің сценарийі
Семей қаласы №26 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларымен қоштасу кешінің бағдарламасы
№19 жалпы орта білім беретін мектептің Отбасы күніне арналған Отбасы шеруі мерекесінің сценарийі
5-сынып оқушыларына арналған Көңілді тапқырлар математика сайысының сценарийі
№19 жалпы орта білім беретін мектептің Жаңа жылдық ертегілік қойылымының сценарийі (жетекшісі: Мусина Г.К.)
№81 жалпы білім беретін орта мектепте 2-сынып оқушылары арасында өткізілген қазақ тілі білім сайысы Жүзден жүйрік: ұйымдастыру және әдістемелік сипаттама (Қарағанды, 2013)
Жүзімдік жалпы орта мектебіндегі Көңілді тапқырлар математикалық сайысының сабақ жоспары
Семей қаласы №22 жалпы орта білім беретін мектебінің Аяулы күз, Алтын күз мерекелік-сайыс бағдарламасы
10-сынып оқушылары арасында физика пәнінен Көңілді тапқырлар сайысын өткізу жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz