Ашық сабақ: Үшбұрыш және оның түрлері бойынша есептер шығару

Ашық сабақ «Тапқыр достар»
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлеріне есептер шығару сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың бойына геометрияға деген қызығушылықты ояту, үшбұрыштың түрлері бойынша оқушыларға ақпарат беру, осы тақырыпқа арналған есептер шығару.
Дамытушылығы: Оқушылардың іскерлік қабілеттерін арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, топпен жұмыс жасай білуге, ойлармен бөлісу көрсете білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Жолдастарының алдында жауапкершілік сезімін арттыру, ұқыптылыққа, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақ көрнекілігі: Электрондық тақта, карточкалар, компьютер, бағалау парағы.
Сабақтың әдісі: Топ бойынша жұмыс
Сабақ жүрісі : I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. “Біліктілік сайысы”
IV. “Кім жылдам”
V. “Шығармашылық саты”
VI. “Сиқырлы үшбұрыштар”
VII. Қорытынды
VIII. Үйге тапсырма
IX. Бағалау
- Ұйымдастыру
1) “Бұрыш” тобы
Ұраны: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар
2) “Үшбұрыш” тобы
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске!
- Үй тапсырмасын тексеру: №133, 134есеп оқулықтан
“Өткенге шолу” қайталау сұрақтары
1) Анықтама
2) Үшбұрыш түрлері
3) Қасиеті
4) Биссектриса
5) Медиана
6) Биіктік
7) Периметр
“Біліктілік” сайысы. Таблица бойынша есептер:
IV. “Кім жылдам” ауызша есептер
Оқулықтан №140.
63-суреттен неше үшбұрыш көріп отырсыңдар? Атап шығыңдар.
№141. 64-суретте неше бұрыш көріп отырсыңдар? Атап шығыңдар.
№142. 65-суретте неше үшбұрыш бар? Атап шығыңдар.
№143. 66-суретте неше үшбұрыш бар?
V. “Шығармашылық саты” тест тапсырмалары.
VI. “Сиқырлы үшбұрыштар”
№146. Сурет бойынша сұрақтар
- Қорытынды. 1. “Мен саған - сен маған”
2. Топ жетекшілер сайысы
VII. Үйге тапсырма: § 11. №13, 14 . Есептер құрастыру
IX. Бағалау