Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы

Жантазина Н. С. №61 ЖББОМ,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы.

Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екенін баса айтып, өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу - отаншылық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз» деп атап айтты. Осы орайда тіл барлық істің діңгегі және мемлекеттік идеологияның негізгі іргетасы болатыны сөзсіз.

«Туған ел-тұғырың, туған тіл-қадірің» деген қазақтың дана сөздері тегін айтылмаса керек, тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болып, басқа ел алдында беделімізді биік ұстағымыз келсе, тіл қадірін біле-білген жөн. Сондықтан, әсіресе, оқу -тәрбие ісі орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі мұғалімдеріне жүктелетін жауапкершілік аз емес. Сабақ пен сыныптан тыс жұмыс бір-бірінен алшақ жатқан, өзара байланыссыз шара емес, бірліктегі біртұтастық болғандықтан пәнге деген қызығушылықты арттыруды пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарда үнемі жүргізіп отыруға болады. Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушының сөйлеу қабілеті, ұшқыр ойды жүйелі түрде жеткізе білу шеберлігі қырлана түседі. Сонымен қатар, сыныптан тыс өтікізілген іс-шаралар оқу-тәрбие жұмысымен өмірімен байланысты арттыруға, оқушылардың сыныпта алған білімін одан әрі тереңдетуге, ең маңыздысы, олардың сегіз қырлы, бір сырлы, білімді де, парасатты, адамгершілігі жоғары азаматтар болып өсуіне жағдай жасайды, ықпал етеді. Сыныптан тыс осындай сан-саналы жұмыстарды тартымды да, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған мұғалім, тек жақсы оқитын оқушыларды ғана емес, үлгерімі төмен, тәртібі нашар оқушылардың да талабын оятпақ. Өйткені онда ұстаз бен оқушы арасында шекара болмайды. Мұғалім оқушымен бірге ойлайды, бірге тыныcтайды, әр істі бірге шешеді.

Бүгінгі таңда тілге деген құрмет те талапта ұшан теңіз. Осы орайда оқушыларға қазақ тілін түбегейлі жан-жақты меңгерту тіліміздің беделін қажеттілігін арттыру мақсатында 9 сынып оқушылары арасында тіл мерекесіне орай « Тіл- халықтың жаны» атты ашық іс -шара өткізілді. Бұл іс -шараның мақсаты басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінің қадір-қасиетін біліп, қазақ тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Тіл тәуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

8 сыныптар да арасында көптеген сайыстар өткізілді. Атап айтсақ қазақ тілі фестивалінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты сайыс өткізілді.

Бұл іс-шара бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру мақсатын көздеді. Бұл сайысқа мұғалімдер мен оқушылар қызыға белсенділік танытты. Кеудесінде патриоттық сезімі бар, намысы оянған жас жеткіншектерді іс-шараға тарту қиындыққа түскен жоқ. Бұл іс-шарада Н. Ә. Назарбаев туралы кең мағлұмат бере отыра, Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесінің зор екендігі айтылды. Әр топ Елбасына арналған интербелсенді тақтадан «Елбасы-кемеңгер көшбасшы» атты слайд, презентациялар көрсетті. Сонымен қатар оқушылар Елбасына тілектерін айтты, өз қолдарымен әзірлеген сыйлықтарын табыс етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан ұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сайысымызды аяқтадық. Біз өз шәкірттеріміздің әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілегімізді білдірумен сайыс нәтижесінде оқушылармен жүргізілген жұмыстарымыз өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Тәрбие сабақ жоспарын көрсету
Мұражай мұраларын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану
Информатиканы оқыту әдістемесі
Сыныптан тыс сабақтар
Ағылшын тілін оқыту әдістері мыналар
Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Физмка математика журналдары
Тілді меңгеру - жарқын болашақ кепілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz