Аустралия материгінің географиялық орны ,жер бедері ,пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы

Ерғалиева Нұрбике Темірешқызы

География пәні мұғалімі

Исатай ауданы

Х. Наубетов атындағы орта мектеп

Сыныбы :7

Сабақтың тақырыбы : Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаты: Аустралия материгінің географиялық орны мен жер бедері туралы түсінік беру. Картамен жұмыс істеу шеберлігін арттыру . Өз бетімен оқуын ұйымдастыру .

Сабақтың түрі: Өткен материалды бекіту, жаңа сабақты игеру.

Сабақты өткізу әдісі: ACTIVstudio бағдарламасы бойынша

Оқу жабдығы : Интерактивті тақта, дүние жүзінің, Аустралия материгінің физикалық картасы .

Жүру барысы : Ұйымдастыру

А) сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру

ә) көңіл-күйлерін анықтау

Көңіл- күй парағы

Көңіл күйі
Түсі
Көңіл күйі: Шаттанған күйде
Түсі: қызыл
Көңіл күйі: Қуанышты
Түсі: Көк
Көңіл күйі: Жағымды
Түсі: жасыл
Көңіл күйі: Алаңдаулы
Түсі: сары
Көңіл күйі: Мұңды
Түсі: Қара

Бағалау бетшесі:

№1
№2
№3
№4
№5
№6
Қорытынды ұпай
№1:
№2:
№3:
№4:
№5:
№6:
Қорытынды ұпай:

Мен сұрақтың жауабын таба алмадым, қиналдым-1 балл

Мен сұрақтың жауабын білдім, бірақ жауап бермедім-2 балл

Мен жауапты біліп, өз тобымда талқылауға араластым-3 балл

Мен сұрақтың жауабын білдім, өзімнің білгенімді басқаға айттым-5 балл

25-30 балл-«5»

20-25 балл- «4»

15-20 балл- «3»

Өткенді қайталау

Осыған дейін өткен Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка материктерінің қиықша картасын тақтаға орналастыра отырып сипаттама беру.

(интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдала отырып)

Мұғалім :Оқушылар дүние жүзінде 6 материк бар екенін жақсы білесіңдер, жаңа ғана өздерің өткен материктерге қысқаша сипаттама бердіңдер, яғни әр материк өзіне тән қайталанбас табиғат жағдайларымен ерекшеленетінін айтып өттіңдер. Бүгін өтейін деп отырған материк «Үлкен жүректі кішкентай материк». Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді, өзендері сусыз ағады, кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады. Сонымен қатар, бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүріп жатыр. Сонымен біздің бүгінгі өтейін деп отырған жаңа тақырыбымыз: «Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы»

Сабағымыздың негізі ұстанымы : «Естідім-ұмыттым, көрдім -еске сақтаймын, жасадым-мәңгілік менікі»

І бөлім «Менің білетін деректерім» деп аталады.

Сұрақ:Аустралия материгі туралы кім не біледі ?

Оқушы жауаптары :

  • Ең кішкентай материк.
  • Ең оңтүстікте орналасқан материк.
  • 2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б Саттарханов алтын иеленді.
  • Бұл материкте қалталы жануарлар қөп. Соның бірі кенгуру . Оның баласы туғанда жаңғақтың үлкендігіндей ғана болады екен. Содан ол үлкен болғанша анасының қалтасында жүреді .
  • Бұл материкте өмір сүретін коала да ерекше жануар. Ол бейбіт сүйгіш аң. Ол еш ызылынбайды. Егер ренжісе алдыңғы аяғымен көзін басып «жылай салады». Бір зоопаркте мынадай қызық жағдай болған. Бір коаланың баласы өліп қалыпты. Ол қатты қайғырып екіші коаланың баласын ұрлауға әрекет жасаған. Ақыр соңында зоопарк директоры оған ойыншық аюдың баласын бергенде ғана тынышталған екен. Олар өте балажан, баласын қолына алып, тербетеді де.
  • Елтаңбасында Эму құсы мен кенгуру бейнеленген.

ІІ бөлім «Менің мұны білгенім жөн»

Бұл бөлімде тақырыпқа сай жаңа мәліметтермен танысамыз . Ол үшін әдеттегіше төмендегіше жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспар :

Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропик шеңберіне қатысты орны.

  1. Шеткі нүктелері, координатасын анықтау.
  2. солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа км мен алғандағы қашықтығы.
  3. Материктің мұхиттарға қатысты орны, жағалық сызығы .
  4. жер бедері .
  5. Пайдалы қазбасы .
  6. Зерттеушілер.

Оқушылар физикалық картаның көмегімен жоспардағы №1, 2, 3, 4 тапсырмаларды орындап анықтама береді.

Күтілетін жауап:

  1. Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда, түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан, оңтүстік тропик шеңбері оңтүстігінен кесіп өтеді.
  2. Шеткі нүктелері:Солтүстік -Иорк-10 о. е; 142 ш. б

Оңтүстік-Саут-Ист-Пойнт-26 о. е:113 ш. б

Батыс-Стип Пойнт-26 о. е; 113 ш. б

Шығыста -Байрон-28 о. е; 153 ш. б

3. Батыстан шығысқа-

1) а) 153°-113°=40°

б) 100 км Х 40* =4000 км;

2) Солтүстіктен оңтүстікке-

а) 39°-10°=29°;

б) 111 км Х 29* = 3219 км.

4. Материктің мұхиттарға қатысты орны, жағалық сызығы, теңіздерімен шығанақтарын анықтап, кескін картаға түсіреді.

5. Жер бедері:

Мұғалім: Оқушылар, казір сіздерге мәтін беремін және «Жер қыртысының құрылысы» картасын пайдалана отырып жер бедеріне сипаттама бересіңдер. Сонымен қатар Аустралия мен Африка жер бедерін салыстыра отырып оқып үйренесіңдер.

Оқушыларға Аустралияның жер бедері жазылған шағын мәтін беріледі . Мәтінді оқып, картадан тауып, төмендегі кестені толтырады :

Африка
Ұқсастығы
Аустралия
Африка:
Ұқсастығы:
Аустралия:

Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік жарты шар материктеріне сипаттама бер
Африка материгі. 7-сынып
Аустралияның географиялық орны
Аустралия материгінің георафиялық орны
Формативті бағалау
"жаратылыстану ғылымы және Қазақстан" факультатив курсының бағдарламасы. 11 сынып
География ғылымының негізгі ерекшеліктері
Австралияның географиялық орны
Солтүстік жартышар материктері
Солтүстік Американың жер бедері және пайдалы қазбалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz