6-сыныпқа арналған биология сабағы: Тұқым және оның құрылысы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

ММ «№ 19 жалпы орта білім берітін мектеп»

Биология пәнінің мұғалімі Бакабаева Алия Бакбердиновна

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Тұқым құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Тұқым құрылысы, дамуы және қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың құрылысы ерекшеліктері жөнінде жалпы мағлұмат беру.

Сабақтың білімділік мәні: Оқушыларға тұқымның құрылысы туралы мағлұмат бере отырып, зертханалық жұмыстар арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мәні: Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымын қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың міндеті: Табиғатта өсімдіктердің тұқым арқылы таралатынын, қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың ерекшеліктері, тұқым жарнақтың маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануды іске асыру.

Сабақтың көрнекі құралдары: Алдын-ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі, сызбанұсқа, тұқым құрылысы-аппликация, тест, биологиялық есеп.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ,

Биологиялық ойын .

Зертханалық жұмыс.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: Ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы, тірек-сызба, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың пән-аралық байланысы: Математика, экология, биология.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Өткен сабақты сұрау (тест, биологиялық ойын) .
  3. Жаңа сабақ . Зертханалық жұмыс.
  4. Бекіту жұмыстары (сызба), қорытынды.
  5. Бағалау.
  6. Рефлексия
  7. Үйге тапсырма.

І. Сыныпты түгендеу.

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілері жауап беріп отырған оқушыны белгілеп отырады. Әр топқа ұжымдық ойлау әрекетінің ережесі таратылады.

Ұжымдық ойлау әрекетінің ережесі:

  1. Тыңда және басқаны түсіне біл.
  2. Сұрақтың мазмұнын түсін, қайшылықты тап.
  3. Оған дәлелді жауап құрастыр.
  4. Дауысыңды көтермей, заңдар мен ғылыми фактілерге сүйене отырып, өз көзқарасыңды қорғай біл.
  5. Қателесуің мүмкін-бұл заңдылық, маңыздысы оны байқап, кемшілікті түзеу.
  6. Кім өз көзқарасын ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, сол әділ.

ІІ. Өткен сабақты сұрау. Биологиялық ойын. «Кім шапшаң?».

«Экологиялық соқпақ» бөлімі. Бұл соқпақта үш кедергі бар. Әр біреуінде екі сұрақтан жасырынған.

  1. «Қышқылды жаңбыр»кедергісі:

а) . Жемістер қалай бөлінеді?

ә) . Шырынды жемістер неге бөлінеді?

2. «Ядролық сынақ аймағы» бөгеті:

а) . Құрғақ жемістер неге бөлінеді?

ә) . Тозаңдану дегеніміз не?

3. «Бетін мұнай жапқан теңіз» бөгеті:

а) . Ұрықтану дегеніміз не?

ә) . Айқас тозаңдану дегеніміз не?

«Сәйкестік тесті» (5 мин) . «Кім жүйрік?»

Жұптық жұмыс (қатар отырған екі бала бір-бірінің жұмысын тексереді) .

І. Шырынды жемістердің сәйкесін тап.

  1. Жидек а) . Мандарин
  2. Жидек тәрізді ә) . Өрік
  3. Сүйекті б) . Қызанақ

ІІ. Мына құрғақ жемістерге анықтама бер.

  1. Бұршаққап а) . Бір тұқымды жеміс
  2. Бұршаққын ә) . Бір ұялы тұқым саны

біреу немесе бірнешеу

3. Дәнек б) . Қос ұялы

ІІІ. Мына құрғақ жемістерге анықтама бер

  1. Қанатты жеміс а) . Жеміс серігі тұқымымен

бірікпеген

  1. Тұқымша ә) . Жеміс қабы ағаштанып

қатайып кетеді.

3. Жаңғақ б) . Серігінің біраз бөлігі

жұқарып, қанатқа

айналған тұқымша.

IV. Құрғақ жемістерге қайсысы жатады?

  1. Бұршаққап а) . Меңдуана.
  2. Бұршаққын ә) . Асбұршақ
  3. Қауашақ б) . Орамжапырақ.

V. Құрғақ жемістерге қайсысы жатады?

1. Қанатты жеміс а) Бидай.

2. Дәнек ә) . Күнбағыс

3. Тұқымша б) . Үйеңкі

«Тапқыр болсаң, тауып көр».

Дұрыс жауабын тап.

1 топ

Қауашақты құрғақ жемісті өсімдік;

а) . Картоп ә) . Күнбағыс

б) . Көкнәр б) . Бұршақ

Ұрықтану-

а) . Тозаңданудың алдында болады.

ә) . Тозаңданудан кейін жүреді.

б) . Тозаңданумен қатар жүреді.

2 топ

Мақта жемісі:

а) . Жидек ә) . Жаңғақ

б) . Дәнек в) . Қауашақ

Ұрықтану дегеніміз-

а) . Тозаңның аналық аузына түсуі:

ә) . Тозаңның өнуі:

б) . Тозаң түтікшесінің тұқым бүршігіне жетуі:

в) . Тозаң түтікшесіндегі жасушаның жұмыртқажасушаға қосылуы.

3 топ

Орамжапырақ жемісі:

а) . Қанатты ә) . Тұқымша

б) . Қауашақ в) . Бұршаққын

Бір гүлде аталық пен аналық болса:

а) . Бір үйлі ә) . Қосжынысты

б) . Даражынысты в) . Екі үйлі

4 топ

Бақбақ жемісі:

а) . Дәнек ә) . Жидек

б) . Қауашақ в) . Тұқымша

Гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі:

а) . Аналық ә) . Күлте

б) . Аталық в) . Тостағанша

III - жаңа сабақ.

Жұмбақ.

Біреуін бердім, онын тердім (тұқым)

Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Тұқым құрылысы.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып биология сабағы: Жемістер - түрлері, құрылысы және маңызы
8-сыныпқа арналған биология сабағы: Қанайналым жүйесі мен жүрек құрылысы
8 «А» сыныпқа арналған биология сабағы: қалқанша, қалқаншамаңы, айырша және бүйрекүсті бездерінің құрылысы мен қызметтері
6-сынып биология сабағы: Жемістердің түзілуі, түрлері және жіктелуі
6-сынып биология сабағы: Жемістердің пайда болуы, түрлері және оқыту жоспары
Жарыс форматындағы биология сабағы: ұлпаның құрылысы мен қызметін оқыту әдістемесі
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Адам организміндегі тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер
2-сынып дүниетану сабағы: Жапырақ, тұқым және жеміс
9-сынып жаратылыстану сабағы: Есту мүшесі және оның құрылысы
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Өсімдік ұлпалары мен тұқымның құрылысы және өну шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz