Ежелгі Қазақстан тарихы (6-сынып): Қола дәуірінің негізгі сипаттары

Қола дәуірінің негізгі
сипаты
Ежелгі Қазақстар тарихы
6сынып
Пән мұғалімі : Сакенова А. Ж.
Астана
№56 мектеп-лицейі
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қола дәуірінің негізгі сипаты
Сабақтың мақсаты:
- Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігі, бұл дәуірде жасалынған еңбек құралдар, андроновтық тайпалар туралы егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, білімді, білікті азамат тәрбиелеу.
- Қола дәуірі туралы білімдерін толықтыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
- Тарихи құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас, интерактивті
Әдісі: баяндау, сұрақ жауап, талдау
Қосымша деректер « Ә. Х. Марғұлан»
Көрнекілік: слайдтар, сызба. карта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру : Оқу құралын тексеріп түгелдеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару. Сыныпты үш топқа бөлу
Ітоп- Палеолит,
ІІтоп - Мезолит,
ІІІтоп- Энеолит
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау : « Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі» Әр топ интерактивті тақтада берілген сұрақтарға жауап беру
-Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?Палеолит ?
- Тастан жасалған негізгі құралдарды ата.
-Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?
- Дін қалай шықты? Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты ?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Кіріспе. Тарихта қандай тарихи дәуірлерді білесіңдер Қола дегеніміз не?
- Қандай металл?
Оқулықпен жұмыс :
1. Өндіріске металл-құрал саймандардың енуі.
2. Андрон мәдениеті туралы мәлімет
3. Беғазы -Дәндібай.
Жаңа сабақты бекіту:Кестемен жұмыс
Картамен жұмыс. Қола дәуірінің ескерткіштері табылған аймақтар
Хронологиялық датамен жұмыс.
б. з. б. 2800 жыл -б. з. б. 900 жыл қола дәуірі аралығын қамтиды.
б. з. б 2-1мыңжылдықтар қола дәуірінің тарихи шеңбері
Қосымша деректермен жұмыс: « Ә. Х. Марғұлан»
Ә. Х. Марғұлан (1904-1985ж) - әйгілі ғалым, фольклоршы, тарихшы, этнограф, археолог. Отандық археолгиялық мектептің негізін салушы. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстары мен обаларын зерттеген. Сол кездегі өмір сүрген тайпалардың мәдени ескерткіштерін зерттеген.
Ә. Марғұлан « Орталық Қазақстаннның Беғазы -Дәндібай мәдениеті» аттты еңбегң үшін 1982 жылы Мемлекеттік сыйлық алды.
300 аса ғылыми мақалалар жазған.
ІҮ. Қорытынды
- -. Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?Сырт бейнесі туралы В. П. Алеексеев қалай сипаттайды?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: §8.