Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамыту



Абишева
Төлеутай Калиевна

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы
Самар ауылы
Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп.
Математика пәні мұғалімі

Оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамыту

Әрбір ұстаз- ойлау қабілеті жоғары оқушысы болғанын қалайды.
Қазіргі заман талабына сай оқыту, жас ұрпақты біліммен сусындату
мұғалімнің міндеті.
Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім
деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа сай тәрбиелеу үшін мұғалім
өзінің оқыту әдістерін күннен-күнге жетілдіріп отыруы тиіс.
Математика пәні оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық ойлау
қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Олардың өз
бетімен ізденуі барысында білімнің шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әрбір
оқушыға жас ерекшелігі, ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді.
Дарынды балалардың ерекшеліктерін танып, білу арқылы олардың
қабілеттерін дамыта білуіміз керек.
Логикалық ойлау – білімді тиімді меңгертудің бірден-бір жолы. Кез келген
есепті шешу барысында оқушыларды талдауға, яғни есепті шешудің бірнеше
жолдарын қарастыруға, ойландыруға үйрету керек. Бір стандартты есепті
талдау арқылы, тіпті сондай есептерді көптеп шығарсақ та, ойлау қабілетін
жақсы дамыта алмаймыз. Кейде ойлануды талап ететін стандартты емес
есептерді шешу тәсілдерін меңгерсе де, нәтижеге жете алмай жатамыз. Оның
себебі, негізгі білімді жете еңгермегендіктен. Сондықтан, «озық ойлы
оқушы» болатындай жас ұрпаққа бағыт-бағдар беруіміз керек. Пәнге
қызығушылығын үнемі арттырып, зеректілігін, ойлау қабілетін сабақ барысында
дамытамыз.
Оқушының жас ерекшелігіне байланысты бойындағы қабілетін анықтау,
қасиеттерін ажырата біліп, жеке тұлға ретінде қарап, тек ғылыми білім
негіздерінде ғана оқытпай, әр баланың ой-өрісін дамыту, келешекте нағыз
маман иесі болуға тәрбиелеу ұстаздардың талмай еңбек етуінің жемісі.
Мысалы, «квадрат теңдеулер» тақырыбында оларды шешудің әр түрлі
тәсілдері бар екендігін толық көрсете отырып, оның тиімді тәсілдерін
өздеріне таңдату қажет. Оқушының есепті дұрыс, тез, тиімді тәсілмен шеше
білуі қазіргі заман талабына сай ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруда да
атқаратын ролі зор. Бұл тақырыпты меңгерген оқушы осы квадрат теңдеуді
шешуге келіп тірелетін барлық есептерді шеше біледі деуге болады. «Квадрат
теңдеуді шешудің» бірнеше әдісі бар. Квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы
түрдегі формуласы, в жұп сан болғандағы формуласы арқылы шешу, Виет
теоремасын, кері теореманы пайдалану,
а ± в + с=0 жағдайы, көбейткіштерге жіктеу арқылы, толық квадратқа
келтіру, «асыра лақтыру», геометриялық тәсілмен шешу т.б.
Ең алдымен оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай
есептер шығара білуге үйрету керек.
Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде
зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға, тез шешім
қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге
қарай көңіл аудару керек. Бірте – бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін
есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өзіндік көзқарасы қалыптасып,
өзіне деген сенімі артады.
Мысалы:
«Бір адамнан оның неше баласы бар екенін сұрайды. Жауабы ойланарлықтай
болады: «Менің 6 ұлым бар, ал әрбір ұлымда туған қарындасы бар». Осы
жанұяда неше бала бар?». Жауабы: жеті бала (6 ұл, бір қыз)

Қарапайым логикалық, яғни әртүрлі мазмұндағы стандартты емес есептерді
ауызша шығара білудің білімділік және тәрбиелік мақсаты зор. Бұндай есептер
оқушылардың математика пәніне қызығушылығына және ойлау қабілетінің дамуына
әсерін тигізері сөзсіз.
Мысалы:
1. Бірдей жеті бөлке нанды 12 адамға қалайша тең бөліп беру керек?( Бір
бөлке нанды 12-ге бөлуге болмайды). Жауабы: үш нанды төрт тең бөлікке
бөліп, қалған төртеуін үш тең бөлікке бөліп кесу керек. Сонда әрбір адамға
[pic] наннан келетіндей 12 тең үлеске бөлінеді.
2. 1• 2 • 3 • ... • 18 • 19 - 1• 3 • ... • 17 • 19 айырмасы қандай
цифрмен аяқталады?
Жауабы азайғыш нөлмен, азайтқыш 5-пен аяқталады, онда айырма 5-пен
аяқталады.

Зеректілікке берілетін арифметикалық есептерді шешудің өзіндік жолы бар
екендігін түсіндіру керек. Бұл қиынға түссе де, ойлау қабілетін дамытуға
көп әсерін тигізеді.
Мысалы:
1.Үш сөреде кітап тұр. Төменгі сөредегі кітап қалған екі сөреге қарағанда
екі есе аз, ал ортаңғыда қалған екеуіне қарағанда үш есе аз, ал үстіңгі
сөреде 30 кітап тұр. Үш сөредегі кітап қанша?
Шешуі: Төменгі сөредегі кітаптарды бір бірлік десек, онда ортаңғы және
жоғарғы екі сөреде екі бірлік , ал үш сөредегі барлық кітаптар үш бірлік.
Бұдан төменгі сөреде барлық кітаптың [pic] бөлігі, ортаңғы сөреде барлық
кітаптың
[pic] бөлігі. Төменгі және ортаңғы екі сөреде барлық кітаптың [pic]бөлігі,
бұдан жоғарғы сөредегі 30 кітап барлық кітаптың [pic] бөлігі; барлық үш
сөредегі кітап [pic] (кітап).
2. Ағайынды үш адам бірге тұрмақшы болып үй сатып алды.Үй сатушы үйін
тек жылқыға бермекші болды. Сондықтан үйдің құны үшін ең үлкені үш тай ,
ортаншысы екі тай берді. Жылқысы болмағандықтан кенжелері өз үлесі үшін
ағаларына 10 қой берді. Сонда ағалары неше қойдан бөліп алулары керек?
Шешуі: Үйдің құнының бір үлесі 10 қой болса, құны 10*3= 30 қой. Несесе
3+2=5 тай. Сонда 1 тайдың құны 30 : 5= 6 қой. Үлкені 3*6 = 18 қойдың
құнын төлеген. Ендеше
18 - 10 = 8 қой алуы керек. Ортаншысы 2*6 = 12 қойдың құнын төлеген,
ендеше
12 – 10=2 қой алуы керек.

Жауабы: 8; 2.
3. Теңдеулер жүйесін « ойша» шеш: { 5х + 8у = 5
8х +
5у = 8[pic]

Жауабы: х = 1, у = 0.

Әр сыныптағы берілетін материалдар оның қиындығының өсу ретіне қарай
орналасуы қажет.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын оятатын, олардың математикалық ой-
өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына дәнекер болатын қосымша
тақырыптар көп әсерін тигізеді. Атап айтқанда «Математикалық индукция
әдісі», «Диофант теңдеулері», параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктер,
комбинаторикалық есептер, тригонометриялық өрнектерді түрлендіру, т. б.
Бұндай тақырыптар математикалық пән олимпиадаларында да өз үлесін қосары
сөзсіз.
Әлемдік деңгейге сандаған саңылақтар шығарған дарынды елдің жастарының
математика саласында да, жұлдыздарының жарқырауына қолымыздан келген
көмегімізді аямауымыз керек деп ойлаймын.

Ұқсас жұмыстар
Сызықтық теңдеу мен сызықтық теңсіздіктер
"Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу." 6 класс
Бақытты сәт білім сайысы
Математика, физика және информатика апталығы
Сыни тұрғыдан ойлау
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушыны жүйелі ойлауға үйрету
Оқушылардың логикалық ойлауын шығармашылық жаттығулар арқылы дамыту
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту
Пәндер