Синтаксис туралы түсінік. 7 сынып

Ұйымдастыру(3мин)
Үй тапсырмасын сұрау
( 7мин)
А, В, С деңгейдегі оқушыларға сұрақтар қою
Жаңа сабақ (15 мин)
Дағды мен іскерлік (10мин)
Бекіту(5мин)
Сабақты қорыту
Үйге тапсырма(5мин)
Рефлекция
Топқа бөлініп отырады
Сұрақ -жауап
Бірін- бірі тексереді
Ойын еркін жеткізу
Жаңа ақпарат алады . Ережені өздері шығарады . Cалыстырады.
Диалогтік пікірлесу.
Бекіту сұрақтарына жауап береді
Үйге тапсырма алады
Рефлекция жазады
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы
Ұйымдастыру
а) . Сыныпты сабаққа дайындау. Сурет қиындылары арқылы топқа бөліп отырғызу
ә) . Оқушыларға бағалау парақтарын тарату, бағалау ережелерін таныстыру
бес (5) ұпай үш (3) ұпай бір(1) ұпай
төрт ( 4) ұпай екі(2) ұпай
б) . Үй тапсырмасын сұрау
1. «Кім жылдам?» ойыны. Үш минутта кім қанша сұраққа жауап береді? Тапсырманы жазбаша орындау керек. (Кітаппен жұмыс 217- жаттығу)
а) Әр оқушыға жеке үлестірме қағаз беріледі.
ә) Бір- бірін ауыстырып тексереді
б) Тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді
- Қанша шақ бар?
- Райдың түрі нешеу
- Есімшенің жасалу жолы қанша?
- Есімшенің түрленуі деген не?
- Көсемшенің жасалу жолы қанша?
- Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?
- Бір ғана жұрнақ арқылы жасалатын қай етістік?
Синтаксис туралы түсінік. Біз сынып әдемі киін үш бала кір берілген сөздерден не түсіндік? Осы сөздерді бір- бірімен қалай байланыстыра аламыз?
Әр бала әр түрлі пікір айтуы мүмкін. Сөздер бізге түсінікті болуы үшін сөздер бір- бірімен грамматикалық байланысқа түсуі керек. Алдарыңдағы суреттерді қалай құрастырдыңдар? Ал сөз бен сөздерді байланыстыру үшін бізге не керек? Балалардың жауаптарына көңіл бөлу. Әрбір екі сөзден немесе түгелдей сөздерді қатыстырып, сөйлем құрауға болатынын түсіндіру. Сөйлем дегеніміз не? Сөз тіркесі деген не? Сөз тіркесі қалай жасалады?
Сөз тіркесінің айрықша белгілері:
- Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады.
- Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады
- Зат құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді
- Сөз тіркесінің басыңқы, бағыныңқы сыңары болады.
- Сөз тіркестерінен сөйлем жасалады.
- Ережені балардың өздеріне айтқызып, дәптерлеріне жазғызу. Мысалы:Синтаксисдегеніміз грек сөзі « құру, біріктіру» дегенді білдіреді. Сөз бен сөзді бір- бірімен байланыстыратын грамматиканың бір саласы
2 . Болжау стратегиясы . Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті жұрнақ пен жалғауларды қойып жаз.
а) Жеке жұмыс жасау.
ә) Бірін -бірі тексеру.
б) Дұрыс жауаппен салыстыру
Ерте . . . бір жалқау бала бол . . . Ол орны . . . тұр . . . , тамақ іш . . . де ерін . . .
Еріншек қарыс жер жүр . . . соң, аяқ . . . қып - қысқа, қол . . . ши . . . бол . . . қал . . . Жалқау . . . асыра . . . - асыра . . . қалжыра . . . , қартай . . . әке-шеше . . . бір күн . . . жалқау . . . үй . . . қу . . . жібер . . .
3. «Ойлан тап» ойыны . Сөйлем бе, сөз тіркесі ме? Бағыныңқы сөз қай сөз табынан жасалып тұр? Басыңқы сыңары ше?Берілген сөздерден сөйлем жасауға бола ма?
- топқа тапсырма:Бір құмырсқа, өзенге түсті, құмырсқа түсті, су ішуге түсті
2- топқа тапсырма:Бейшараны соғып, толқын соғып, суға кетіп, кетіп қала жаздады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz