Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Кірме сөздер. көнерген сөздер. жаңа сөздер
Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер. Көнерген сөздер. Жаңа сөздер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел.
Сабақтың мақсаты:
1. Лексика саласынан алған білімдерін тереңдету. Қолданылу аясы шектеулі сөздер жайлы түсінік.
2. Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
3. Студенттердің шығармашылық шеберлігін, дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру.
Сабақ түрі : Аралас сабақ
Сабақ әдісі: СТО технологиясының стратегиялары, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың формасы: Топпен, жеке оқушымен
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу өнері, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
<<Зерделеу>> стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексеру (сұрақ - жауап)
1.Лексика сөзі қай тілден енген сөз?2.Қандай мағына береді?3.Лексика нені зерттейді?4.Жалпы қолданыстағы сөздерді атаңдар.5.Қолданылу аясы шектеулі сөздерге қандай сөздер жатады?6. Қанатты сөздердің түрлерін атаңдар.7.Сөздің лексикалық мағыналарын атаңдар.
Сабағымыздың дәйексөзі:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
(Абай)
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Кірме сөз - ана тілімізге шет тілінен енген сөз. Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай , дауысты дыбыстары жуан-жіңішке болып араласып келе береді.Кірме сөздер - тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.
Араб-парсы тілінен:
Отан, қалам, кітап, ғылым, мұғалім, мектеп, дәптер, заман, әдебиет...
Монғол тілінен:
нөкер, аймақ, темір, жорға, т.б.
Орыс тілінен:
парта, кино, цирк, жәшік, кереует, сіріңке, шәйнек, үтік, доға, т.б.
Білімді жан-жақты тексеру. (Студенттерге тапсырма таратылады)
1-тапсырма. Үзіндіден мәтелді табыңдар.
Барын жоқ деп құрынған,
Жұлдызды жатқа санасақ.
Қисап етіп қарасақ.
<<Мың асқанға бір тосқан>>
Бар емес пе еді бұрыннан.
2-тапсырма.Қазақ тіліне енген төмендегі сөздердің орыс тіліндегі баламасын атаңдар.
Самаурын, жәшік, кәрзеңке, кереует, сөмке, тәрелке, стақан, шәйнек.
3-тапсырма. Мына үзіндіден көнерген сөзді тауып, көнерген сөздің қай түріне жататанын айтыңдар.
Айтулы ерлер бар екен,
Жүйріктері баптаулы.
Найзалары саптаулы.
Дұшпанға атар жебесі,
Қорамсақпен қаптаулы.
4-тапсырма. Үзіндіден кірме сөзді табыңдар.
Дастарқан жайып құрметтеп,
Төкті түрлі жемісті.
Жез самаурын қайнаулы,
Союға бағлан байлаулы.
5-тапсырма. "Сөздер сөйлейді" стратегиясы.
Сөздердің мағынасын ашыңдар.
Лексика, архаизм, историзм, неологизм, мақал, мәтел, ертегі, жаңылтпаш, жұмбақ.
6-тапсырма. Сөздердің баламасын табыңдар.
Таможня
Самолет
Реклама
Станция
Пенсия
Парк
Архитектура
Процент
Адрес
...Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр -
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр. І.Жансүгіров
Мақал
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады. Ой нақты айтылады. Ақыл-кеңес,үлгі-өнеге түрінде айтылады.
Мәтел
Көбіне бір бөлімді болады. Ой ишара, тұспал түрінде айтылады. Көбіне эмоциялық мағына басым болады
Жұмбақтар адамның ақыл- ойын дамытады, байқағыштық пен тапқырлыққа үйретеді.
Шығармашылық жұмыстар .
І. Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық!
1. Қырық екі жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер - қауымды ел,
Сырын терең ұғады.
2. Қабат -қабат қаттама, Ақылың болса аттама
3. Денесі бар, басы бар, Үш көзінде жалын от. Кезектесіп ашылар, Кезектесіп жұмылар.
ІІ. Жаңылтпаш туралы жаңылтпаш
Танымдық та,
Тағылымдық та мәні бар,
Одан -
Ұтсаң ұтқырылық та табылар.
Өзге сөзге лезде өзгеріп кетеді,
Болсаң егер
Жаңылысар, жаңылар.
Зеректерді зеріктірмес, жаңылтпас,
Зеректер де жаттауға оны жалықпас.
Қызықтырар, тұтықтырар тіліңді,
"Бұл не?" десең,
Бұл - кәдімгі жаңылтпаш.
Ертегі - халық өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығарма.
ІІІ. Сюжетті суретке қарап, сурет мазмұнына лайық шағын ертегі құрастыру.
Тірек сөздер: сәукеле, қорамсақ, сауыт, дулыға
Ерте, ерте, ертеде,ешкі құйрығы келтеде...
Сабақты қорытындылау. Кестені толтыру.
Білемін Үйрендім Білгім келеді?
Бағалау:
Сұраймын, жауап бер.
Ойла, ойлан, ойландыр.
Шығармашылық жұмыс
Үйге тапсырма:
* Құрамында архаизм, историзм, неологизм, кірме сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар жазу, жаттау.
* Көркем әдебиеттерден құрамында көнерген сөздер, жаңа сөздер, кірме сөздер кездесетін үш сөйлем жазу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz