Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Мың бір мақал
Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал
Сабақтың мақсаты: 1. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал-
мәтел
жайлы білімдерін толықтырып, халқымыздың
ғасырлар бойы сақтап келген бай мұрасын
оқушыларға жеткізу.
2.Оқушылардың тілін ширату,
шығармашылық
қабілетін арттыру, логикалық
ой-өрісін дамыту.
3. Оқушыларды адал
еңбекке,туған елге деген
сүйіспеншілікке, бауырмалдыққа
өнер-білімге
шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, «Ойлан,тап», «Жасырынған мақал» ойындары,
мақал-мәтелдер, кесте.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру, нақтылау, топтау
Сабақтың типі: ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Сынып тазалығын тексеру;
- Оқушылардың сабаққа
дайындығын қадағалау.
ІІ . Жаңа сабақ
1. Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Мың бір мақал».
Сабағымыздың барысында біз қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап келген бай
мұрасының бірі – мақал-мәтелдер жайлы білімдерімізді толықтырамыз.
2. Ой шақыру. Сұрақ-жауап жүргізу.
1) Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?
2) Мақал-мәтелдердің көлемі, тілі қандай болады?
3) Қандай тақырыптарға мақал-мәтелдер білесіңдер? (Топтастыру)
4) Мақал-мәтелдер ненің айнасы болып табылады?
3. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтін таратылады.
І топ. «Өнерлі жігіт» мәтіні; ІІ топ. «Балалар алаңы» мәтіні.
Тапсырма.1) Мәтінді оқу. Берілген сөздермен танысу.
2) Мәтіндегі ойды мақал-мәтелмен аяқтау.
1.Еңбектің наны тәтті, 5.Өнер өлгенше жолдас.
Жалқаудың жаны тәтті. 6.Ұлық болсаң – кішік бол.
2.Ердің атын еңбек шығарады. 7. Ақыл азбайды, білім тозбайды.
3.Ерінген екі істейді.. 8. Балықшы балықшыны
алыстан көреді.
4.Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 9.Өлгеніңше үйрен.
3) Асты сызылған сөздердің құрамын ажырату. (төлеймін,
дегеніне, тұратын, жасап).
4. Алдын-ала берілген тапсырма бойынша екі оқушы шығып, құрамында сан есім
кездесетін мақал-мәтелдер айтады.
І топ – бірліктер
Бірінші байлық – денсаулық, Екі кісі ығысса,
Екінші байлық – ақ саулық,
Бір кісілік орын бар.
Үшінші байлық – он саулық.
Төртеу түгел болса, төбедегі келер,
Алтау ала болса, ауыздағы кетер.
Бес саусақ бірдей емес. Ер қаруы – бес қару. Тойған
үйге тоғыз кел.
Айла – алтау, Жеті рет пішіп,
Еңбегің егіз болса,
Ақыл – жетеу. Бір рет кес.
Байлығың сегіз болады.
Өмір – теңіз,еңбек – егіз, ақыл – сегіз.
Білгенім бір тоғыз,
Білмегенім тоқсан тоғыз. ІІ топ - ондықтар
Өнерлі баланың он саусағы тең, Ойым он бөлек,
Өнерсіз баланың бір саусағы кем. Санам сан
бөлек.
Отыз тістен шыққан сөз, Өнерпаздың он қолы бар.
Отыз рулы елге тарар. Ел құлағы – елу.
Қырық кісі – бір жақ, Елу жылда - ел жаңа, Жігітке
жеті өнер де аз,
Қыңыр кісі – бір жақ. Жүз жылда – қазан. Жетпіс
өнер көп емес.
Алыстан алты жасар бала келсе, Тоқсан ауыз
сөздің
Алпыстағы шал келіп, сәлем берер. Тобықтай түйіні
бар.
5.Екі топқа тапсырма таратылады.
І топ – Ребус шешу (Оқу – инемен құдық қазғандай)
ІІ топ – «Әріптер ойыны»
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ретіне қарай қосып оқысаңдар мақал шығады.
Ол қандай мақал?
Б,л,қ,ш б,л,қ,ш,н л,с,т,н к,р,д *** а,ы,ы а,ы,ы,ы
а,ы,а ө,е,і
6. Топ басшыларының жарысы. Тест тапсырмасын орындау.
1) Есімшені табыңдар. Біреуге ор қазба,
Өзің түсерсің.
А) біреуге Ә) өзің Б) қазба
В) түсерсің
2) Көсемшенің жұрнақтарын тап. Біл... тұрсаң да сұра... ал.
А) - іп,-п Ә) -ып,-п Б) -п,-іп
В) -п,-ып
3) Шартты райды табыңдар. Батыр ... - ел ырысы,
Жаңбыр ... - жер
ырысы
А) туса,жауса Ә) туған, жауған Б) туды,жауды
В) туар,жауар
4) Бұйрық райдың жіктелген түрінің ІІІ жағында тұрған сөзді тап.
Аз да болса, саз ....
А) болған Ә) болсын Б) болыпты
В) болатын
5) Есімшенің жұрнағын қойыңдар. Темірді қыз... кезде соқ
А) – ар Ә) -ған Б) -атын
В)-ген
6) Болымсыз етістікті табыңдар. Туған жердей жер ...,
Туған
елдей ел ... .
А) болар Ә) болмас Б) болсын
В) болды
7) Асты сызылған сөз қай сөз табына жатады? Отан оттан да ыстық .
А) зат есім Ә) сан есім Б) сын есім
В) есімдік
8) Есімдікті табыңдар Не ексең, ... орасың.
А) нені Ә)оны Б) мұны
В) соны
7. І топ – «Жасырынған мақал» ойыны. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті
қойыңдар.Қойған әріптеріңнің басын біріктіріп оқысаңдар,мақал шығады. Ол
қандай мақал?
Ас - ...ас Сара - сара... Аяқ-...аяқ
Қал-қал...
Қар - қар... Ала -...ала Ал- ал...
Шам-шам...
Мүше - мүше... Ар - ар... Ат-...ат
Жуа-жуа...
Мал - ...мал Ән -...ән Қаз-қаз...
Қыл-...қыл
Ақы - ақы... Шақ-...шақ Бал-бал...
Ақ-ақ...
Қылық-...қылық Әулет-...әулет Ау- ...ау
Өкпе-...өкпе
Жауабы: Баланың бас ұатазы – ата-анасы.
ІІ топ – «Ойлан, тап» ойыны.Берілегн әріптерді белгілі бір жүйемен екі
әріптен тастап оқысаңдар бір мақал шығады.Ол қандай мақал?
|д |ө |е |і |н |р |
|н | |ң |
|с | |б |
|л | |л |
|ө | |о |
|ы |е |с |т |і |е |
Жауабы: Өнерлі елдің оты сөнбес.
Қорытынды. Мақал-мәтел дегеніміз не?
Мына тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер айтыңдар.
Отан,туған жер
Ерлік,батырлық
Оқу-білім
Еңбек
Тәрбие,әдептілік
Үйге тапсырма. І топ.
ІІ топ.
Құрамында есімше, көсемше Құрамында
етістер
кездесетін 5 мақал-мәтел жазып, кездесетін 5
мақал-мәтел
жаттап алыңдар жазып,
жаттап алыңдар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz