Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын
халықтық педагогикамен ұштастыру
Қазақтың аса бай әдебиеті халықтың ой-арманы мен мақсат-мүддесін
білдіреді, әрі адамгершілік, имандылық, әсемдік тәрбие беруде, жаңа адамды
рухани жағынан байытып отыруда үлкен маңызы бар. Халық шығармаларында
бейнеленген бағалы педагогикалық идеялар балалар мен жастарға моральдық-
эстетикалық және адамгершілік, имандылық жағынан олардың ой-өрісін дамытып
отыруға жәрдемдеседі.
Халықтық педагогика мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың
ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерін, Ыбырай
Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларына сүйенбей өте
алмаймыз.
Мағжан Жүмабаевтың «Педагогика» окулығында оқытудың білімдік және
тәрбиелік мақсатын ұлттық тәрбиеге негіздегенде ғана оның сапалы білім
беріп, жастардың санасын көтеруге жәрдемі тиетіндігі айтылады.
Ахмет Байтүрсынұлының «Әдебиеттанытқыш» еңбегінде, кемеңгер де ойшыл
ақын Шәкәрім Қүдайбердиевтің шығармаларында халықтың бай дәстүрі жете
сипатталады.
Қазақ халық педагогикасында адамгершілік-имандылық, музыкалық-
эстетикалық, этикалык тәрбие үлкендердің, ата-аналардың жеке басының жақсы
істерін үлгі ету, тәрбиеге «ұят», «ар», «намыс» ұғымдарын кең пайдалана
отырып сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, мақұлдау, жазалау
әдістерімен жүзеге асырылып отырды.
Халық педагогикасының мақсаты - оқушыларды адал еңбекке,
парасаттылыққа, туған еліне деген сүйіспеншілікке, туған-туысқандарына, дос-
жарандарына деген бауырмалдыққа, халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
қастерлеуге үйрету. Демек, халықтық педагогика элементтерін пайдалану -
мазмұндық тұрғыдан білім көздерінің бірі. Сондықтан әрбір сабақтың тиісті
жеріне мұны байланыстырып отыру орынды.
Ал қазақ тілі сабағында мұны қолданудың мүмкіндіктері мол. Сондықтан
халық педагогикасымен суарылып, күні бүгінге дейін берер тәрбиесі мол
тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, нақыл сөздер,
тыйым сөздер, батырлар жыры, аңыз-әңгімелер, ертегілер сияқты ауыз әдебиеті
үлгілерінің әрқайсысына кең көлемде тоқталып, халқымыздың ғасырлар бойы
сақтап келген бай мұрасын оқушыларға жеткізе білу үлкен жауапкершілікті
талап етеді.
Мақал-мәтелдер - ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік
тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс алады.
Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен
ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен-
үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады.
Мақал-мәтелдер – шешендік өнердің үлгісі. Олар сөздік құрамның
байлығын, тереңдігін байқататын тілдік көрсеткіштердің қатарына жатады.
Мақал-мәтелдер әр алуан тақырыптарды қамтиды. Отан, достық, ынтымақ,
махаббат, ерлік, еңбек, адамгершілік, халық, табиғат, мамандық, жануарлар,
аңдар т.б. көптеген мақал-мәтелдер тілімізде кеңінен қолданылады.
7-сыныптың оқулығында сан есімді өткенде „өнер" жайлы лексикалық
тақырыптар ұсынылған. Бұл жерде мен: «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Жігітке
жеті өнер де аз», «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» секілді құрамында сан есім
кездесетін өнер жайлы мақал-мәтелдерді қолданамын.
Сын есім тарауын «Отан» тақырыбымен байланыстыра отырып, «Отан оттан да
ыстық», «Ел іші алтын бесік», «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» деп келетін
мақал-мәтелдерді үйретемін.
Есімдіктер жайлы түсінік бергенде «Туған жер» туралы ұсынылған
мәтіндерді төмендегідей мақал-мәтелдермен аяқтауға болады: «Өз елің туған
бесігің», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Пәлен жерде
пайда бар, өз жеріңдей қайда бар».
Етістіктің болымсыз түрін қарастыра отырып, қазақ музыка өнері жайлы
берілген мәтіндердің соңындағы сүрақтардың мағынасына қарай мынадай мақал-
мәтелдермен жауап беруге болады: «Ақыл азбайды, білім тозбайды», «Өнер
білсең өлмейсің».
„Өнер"тақырыбындағы мәтіндердің мазмұнын аша отырып, есімшемен
байланыстырып «Өнерлі өрге жүзер», «Не ексең, соны орарсың», «Білекті бірді
жығар, білімді мыңды жығар» секілді мақал-мәтелдерді қолдануға болады.
«Ананы ардақтауға» арналған мәтіндерден есімшені анықтау кезінде «Ана
сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды», «Атасы тұрып – ұл сөйлегеннен без,
анасы тұрып – қыз сөйлегеннен без» деп келетін мақал-мәтелдерді
пайдаланамын.
Етістермен қатар ұсынылған батырлық, аңшылық, татулық, достық жайлы
берілген қысқа мәтіндерге мағынасы сәйкес «Досың сүйінсін, дүшпаның
күйінсін», «Шешінген судан тайынбас», «Ердің ісі – келіс, ездің ісі –
керіс», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Алыптармен алыспа, биіктермен
тіреспе», «Шын ep жеңсе – тасымас, жеңілсе – жасымас»;
Оқуға үгіттеу мақсатындағы мәтіндердің мазмұнына cәйкес «Мен білмеймін
деме, үйренемін де», «Оқы да біл, ойна да күл», «Ақыл азбайды, білім
тозбайды», «Білім қымбат, білу қиын»;
Еңбексүйгіштікке баулу мақсатында берілген мәтіндермен жұмыс жүргізе
отырып: «Еңбек етпеген ішіп-жемейді», «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны
тәтті», «Ынта болса адамда, қиын ic жоқ ғаламда» деп келетін мақал-
мәтелдерді қолдану баланың сөздік қорын арттырады.
Жас ұрпақты достыққа, сыйластыққа, ауызбірлікке, татулыққа тәрбиелейтін
мәтіндермен таныстыра отырып, соңында берілген диалогтарды мынадай мақал-
мәтелдермен аяқтауға болады: «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау
алмайды», «Доссыз өмір – сөнген көмір», «Жолдасы көптің, қолдасы көп»,
«Жақсы дос үшін жан пида» секілді мақал-мәтелдерді қолдану баланы жақсы
қасиеттерге үндейді.
Үй жануарлары, құстар, аңдар жайлы өткенде «Ер қанаты - ат», «Соңғы
түйенің жүгі ауыр», «Ит – адамның қүлағы» секілді мақал-мәтелдерді
пайдалану оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады.
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті жанрының бір түріне жатады. Жұмбақ айту
және оны шешу адамды жинақтылыққа, тапқырлыққа жетелейді. Баланың тілін
жаттықтырып, ойлау қабілетін дамытады, тілге деген қызығушылығын арттырады.
Жұмбақ - белгісіз зат, ал оны ойлап шешу қызықты ic. Бұл жүмыс жаңа
өтілген сөздерді бекітуге, сөздің негізгі және жасырын
мағынасын ашуға мүмкіндік береді, оқушылардың ойын ширатады, сергітеді,
белсенділігін көтереді, демалуға әсер етеді.
Мысалы, етістіктің шақ, рай категориясын өткенде:
Шыр-шыр етеді
Құлагыңнан өтеді
Ұстай алсаң
Сөйлеп кетеді. /Телефон/
Есімдік, оның түрлері жайлы мағлұмат бергенде:
Өзі — айлакер Біз, біз, біз едік
Өзі - бір қу Біз арбалы қыз едік
Жүрген жері Таң атқанша жайылдық
Айқай да шу. /Түлкі/ Таң атқан соң жойылдық. /Жұлдыз/
сияқты жұмбақтардың шешімін тауып, есімдікті тауып, түріне қарай ажыратады.
Сөз мағыналарын өткенде грамматикалық материалдарды
лексикамен байланыстырамын. Мысалы, сөз мағыналарымен танысқанда табиғат
және оның құбылыстары жайлы берілген қысқа мәтіндермен жұмыс жүргізе
отырып:
Бір түкті кілем, Күндіз бәрі қашады
Бір түксіз кілем. /Аспан мен жер/ Түнде аспанда болады. /Жұлдыз/ деп
келетін жұмбақтарды жасыруға болады.
Септіктер жайлы жалпы мағлұмат бере келе, ұлы адамдардың
өмірі, мамандық жайлы лексикалық тақырыптарды қорыту барысында
Білімнің жолбасшысы, Білімнің дәмін mepeдi
Шәкірттің қолбасшысы. /Мұғалім/ Балага тәлім береді. /Ұстаз/
деген жұмбақтарды пайдалану орынды.
Жаңа лексикамен таныстыруда жұмбақтарды тиімді пайдалануға болады. Үй
жануарларына, құстарға, аңдарға деген сүйіспеншілікке үндейтін мәтіндермен
таныстыру мақсатында:
Аласа ғана бойы бар, Қара киім киіп an,
Айналдырып киген тоны бар. /Қой/ Балшықтан үй салады. /Қарлығаш/
Қыс бойына жатады, Сайрайды бір талмайды
Тәтті ұйқыға батады. /Аю/ Әнші құс бал таңдайлы. /Бұлбұл/
Оқу білімге шақыра отырып, оқу құралдары жайында жазылған жұмбақтарды
қолдануға болады:
Қабат-қабат қаттама Теңіздей түбі терең
Ақылың болса аттама. /Kiman/ Сүңгіген жетер әрең. /Білім/
Өзі — арық, Тұмсығымен қозғалар,
Сөзі - әріп. /Қалам/ Соңында аппақ із қалар. /Бор/
деген жұмбақтар оқушы ойын сергітері анық.
Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс та айқын
сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр – жаңылтпаш.
Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау,
сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылпаштарды тіл дамыту құралы десек, мүғалімнің міндеті оларды балалардың
жас ерекшеліктеріне, сауат алу сабақтарының мазмұнына сәйкес лайықты,
орынды қолдана білу. Бұл міндетті жүзеге асыруда мүғалімнің өзі қазақ
халқында өзге халықтарда көркем сөзді қандай жаңылпаштар бар екенін білуі
әрбір ақынның жыр қоржынынан қарапайым да ойлы сипатымен бала жанын баурап
алатын тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем де қуатты құралы
жаңылпаштардың әр түрін сараптап талдай алатындай болуы шарт.
Белгілі балалар ақыны Ә.Табылдиев: «Жаңылтпаштар көбіне әрі тіл ширату,
әрі дүние таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу мақсатында жазылады» - дейді.
Жаңылтпаш – қазақ халық ауыз әдебиетінің қызық жанры. Жаңылтпаштың
жұмбақтан айырмашылығы өлеңмен ұйқасып келетін ұқсас сөздерді тең жаңылмай
айтып шығуды талап етеді. Жаңылтпаш айтысудың басты шарты ондағы сөздерді
анық айту, мәнерлеп оқу, түсінікті оқу, тілді ұштап әр сөзді түсінікті
жылдам айту. Осы шарттар толығымен орындалғанда ғана жаңылтпаш айту ойыны
өткізіледі.
Сабақ үрдісінде жаңылтпаштарды оқулықтағы мәтін мазмұнына және
грамматикалық, фонетикалық тапсырмаларға байланысты қолданамын. Жеке
дыбыстарды таныстыру сабақтарында coл дыбыстарға сәйкес жазылған
жаңылтпаштарды балаларға жаттатып, сабақты бекітерде бой сергіту сәтінде
қолдануға болады. «Т» дыбысы мен әрпін өткенде дыбысты дұрыс дыбыстату үшін
Tac тостаган,
mac тостаган ішіне
mac тастаган.
«П» дыбысын өткенде:
Піскен nicme
Пісте жерге түспе - деп келетін жаңылтпаштар мәтіні бала жүрегіне
жақын, тіліне жеңіл.
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге
сәйкес шығарған. Бала тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш»
дыбысы мен «с» дыбысын шатастыру байқалады. Сондықтан жаңылтпаштар да осы
дыбыстарды айтуға құрылады.
Арқада алты арқар бар}
Қырқада қырық арқа бар немесе
Шапшаң шапсаң
Бұрқырайды ақ шаң.
Орыс мектебіне арналған «Қазақ тілі» оқулығында әр түрлі лексикалық
мәтіндер ұсынылған. Оқушыны білімге шақыра отырып:
Оқуда Ораз озар ма екен Тақпақ жатта,
Озат озар ма екен? Жатқа жатта,
Жаттамай жатпа ,
Оқуға салақтар
Тек кітап парақтар.
Сабақта алақтар,
Далада далақтар - деген жаңылтпаш мәтінін жаттату әбден лайық.
Баланы еңбексүйгіштікке үндеу мақсатында берілген мәтіндермен жұмыс
жүргізгенде:
Іске іскер Қабат-қабат үй салдық
Icmi іскер icmep. Үйлер толы күйсандық.
Күйсандықтан үй салдық Күйсандыққа күй салдық.
Қарындашыңның ұшын
Үшкірлеп ұшта.
Үшкірлеп ұштап
Сақтап ұста, - сияқты жаңылтпаштар жаттатуға болады.
Туыстық атаулармен танысқанда осы тақырыптағы мәтіндер мазмұнының мәнін
ашу барысында:
Бір қыз кесте тікті Шеше
Кестесін түсте тікті неше кесе
Кеште тікті сынды кеше?
Атам: «балама am аламын» - дейді ,
Апам: «балама ала мата аламын»-дейді.
Атасы am ала ма ?
Апасы ала мата ала ма?
Үй жануарлары, аңдар, құстар жайлы сөз қозғағанда:
Беріп тайлақты, Көк тырна, көп тырна,
Алдым тай, лақты. Тыраулап көп тұрма.
Бөдене бедеде, Пеш түбінде бес мысық,
Көбелек көдеде, Бес күзетші, бес пысық.
деген жаңылтпаштарды жаттаса баланың танымы кеңейер еді.
Табиғатқа байланысты мәтіндермен жұмыс жүргізгенде:
Бұл қар-сүр қар, Көп көкек көкектеп,
Сүр қар-кір қар. Көктен келді.
Үстінде аунама Көкек кеп, көктеп көк,
Үстіңді былғар. Көктем келді.
Kecne, Қарамайлы карағайды,
өссін тал, Кесейін 6e, кеспейін бе?
Өссе өсімтал, Қазықтағы қара тайды,
Өссе өссін тал. Шешейін бе, шешпейін бе?- тағы сол сияқты
жаңылтпаштарды үйретіп, қайталау, бекіту мақсатында бұл шағын мәтіндерге
грамматикалық материалдарды өткенде қайта оралуға болады.
Табыс септігін немесе етістіктің өткен шақ түріне тоқталғанда:
Шілікті шаптым,
Жілікті астым,
Шілікті жақтым,
Жілікті шақтым.
Сын есім жайлы мағлұмат бергенде:
Тысы тым көрікті, Ақ тай ақ na?
Үкілі үш бөрікті, Қара тай ақ na?
Үлестір деп беріпті,
Омониммен таныстырғанда:
Apa, apa, аралар,
Орманның бойын аралар,
Гүлдерден сорып бал алар,
Бал тәтті ғой, балалар – деген жаңылтпаштарды жолын тауып жаттату
артық емес.
Қазақ тілінде әсіресе сан есімді өткенде жаңылтпаштарды көп қолдануға
болады.
Бес түп алма- Іздеп ек бір-бір құр,
Бестік алғандікі, Қу екен құр құрғыр,
Төрт түп алма- Таптырмай қырдан құр,
Төрттік алғандікі. Қайттық біз құрдан-құр.
Жогалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс ,
Жоқ әлі бес шыбыш ,
Жогалды бес шыбыш – секілді мазмұндас жаңылтпаштарды лексикалық
тақырыптармен байланыстыруға болады.
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында жүргізілетін ұжымдық жұмыс түрінің
бірі – ертегілермен жұмыс. Табиғат, жан-жануар, хайуанаттар тақырыптарын
өткенде жаңа сөздерді меңгертіп, оны сөйлеу тілінде қолдану оқушылардың тіл
үйренуге деген ынтасын арттырады. Ол үшін арнайы осы тақырыпта қысқа
ертегілер алып, рөлдер бойынша оқушылар алдын ала дайындалып, ертегілер
қойылады. Мысалы; «Қозылар мен қасқыр», «Қасқыр мен жеті лақ», «Мақтақыз
бен мысық», «Ешкі мен түлкі».
Ертегілерді септік жалғауларын қайталап, бекіту сабағында ұтымды
пайдалануға болады. Пәнаралық байланыс жасау мақсатын көздей отырып, орыс
халқының «Шалқан», «Бауырсақ» ертегілері мазмұны бойынша сызба нұсқа салып,
сол бойынша сөздер, сөз тіркестерін, сөйлемдер құру арқылы ертегі мазмұнын
ашып, айтып беру жұмысы жүргізілсе, ертегіні мазмұндау кезінде оқушылар aca
көп қиындық көрмейді. Өйткені ертегі мазмұны таныс, сондықтан олардан тек
қазақ тілі грамматикасының ережелеріне сүйене оырып, керекті жалғау, шылау
сөздерді қою талап етіледі. Мұндай жұмыс уақытты үнемдейді, оқушы ынтасын,
тілге деген қызығуын арттырады.
Ертегілермен жұмысты үй тапсырмасы ретінде де беремін. Оқушылар үйден
бір ертегі мәтінін дайындайды, оның мазмұнын ашатындай етіп әңгіме желісін
ретімен бейнелейді. Сабақта сол суреттердегі кадрлар бойынша әңгімелеп,
мәтін мазмұнын ашады.
Халық ауыз әдебиетіндегі ауқымды жырлардың бірі – тұрмыс-салт жырлары.
Бүл жырларды сабақта грамматикалық тақырыптармен байланыстырамын. Мысалы,
сын есім, етістік, етістіктің шақ, рай категориялары, демеуліктер және сөз
мағыналарын оқытқанда «Бесік жыры», «Тұсау кесер», «Беташар» жырларын
пайдалану тиімді. Мысалы, антонимді өткенде:
«Аз үйдің баласы болма,
көп үйдің баласы бол.
Бір үйдің баласы болма,
бар үйдің данасы бол» - деп келетін бата сөздерін,
«Көзімнің ағы-қарасы,
жүрегімнің парасы.
Аш-тоғыңды ойлатпас,
көңілімнің данасы» - деген бесік жырынан үзінділер қолдануға болады.
Наурыз мерекесі жайлы мәтіндермен танысқанда «Ақ мол болсын!», «Төрт
түлік ақты болсын!», «Ұлыс берекесін берсін!» деген бата-тілек сөздерді
үйретуге болады.
Ұлт ойындары халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде
оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың тәжірибелерін кеңейтуде, дүниені
танып-білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне көмектесетін aca қажетті тәрбие
құралдарының бірі. Қазақ тілі сабағында қазақтың қыз қуу, бәйге, көкпар,
жорға сияқты ұлттық ойындарын ойнатамын. Ойында жеңілгендер мақал-мәтелдер,
жұмбақтар мен жаңылтпаштар айтып, тақпақ-өлеңдер орындайды. Мұның өзі
біртіндеп оқушының санасынан орын ала бастайды. Сөйтіп білгендерін әр
уақытта да ойға ұстауға әзір болуға машықтана береді.
Синонимді өткенде:
Өгіз семіз,
Жылқы қоңды,
Түйе қомды,
Шажырқайлы
Сиыр cymmi,
Саулығым күтті – деген «Қаламақ» ойынын ойнатуға болады.
Сан есімді өткенде көңілді санамақтар жаттату оқушының пәнге деген
қызығушылығын, танымдық қабілетін, жылдам, жаңылмай оқу шеберлігін
арттырары сөзсіз.
Сонымен қатар киелі сандарға тоқталып кетуге болады. Мысалы, бір «жеті»
санының өзіне тоқталсақ «Жеті қабат жер», «Жеті ғаламат», «Жеті қат көк»,
«Жеті қазына», «Жеті шелпек» тағы басқа ұғымдарды бала санасына сіңіруге
болады.
Сондай-ақ сабақта ұлағатты сөздерді, шешендік сөздерді, тыйым сөздерді,
Абайдың қара сөздерін қолданамын. Болымсыз етістікті өткенде жас ұрпақты
әдептілікке, адамгершілікке, сыйластыққа, жаман әдеттен аулақ болуға шақыра
отырып, «Құс ұясын бұзба», «Малды теппе», «Ақты төкпе», «Суға түкірме»,
«Басыңды шайқама» деп келетін тыйым сөздерді қолдануға болады. Сонымен
қатар сөз таптары жайлы мағлұмат бергенде лексикамен байланыстыра отырып,
Абайдың қара сөздерін пайдаланамын.
Зат есім, сын есімдерді өткенде шешендік сөздерді пайдалану сабақтың
мәнін аша түседі. Мысалы, «Жиренше мен балалар»
Жиренше:
- Дүниеде не тәтті?
1- бала:
- Бал тәтті.
He жұмсақ?
Мамық жұмсақ.
Жиренше:
He тәтті?
2-бала:
- Ананың сүті.
He жұмсақ?
Ананың қолы.
Шағын ойымды қорыта келгенде, халықтық педагогиканың тарам-тарам
жолдарын орынды пайдалана білу мұғалімнің өз үлесінде, тек оқушыларымыздың
ұлттық санасын оятып, жүрегіне жол таба білсек болғаны.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz