Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

<<сары ләйлек>> қытай ертегісі

№41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсенгалиева Гульжанат Тлектесовна

Күні: Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақ тақырыбы: <<Сары ләйлек>> Қытай ертегісі.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: ертегі мазмұнын түсініп оқуға, идеясын ашуға және өткен сабақтармен байланыстыра отырып, ертегі ерекшелігін байқауға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: салыстыруға, дәлелдеуге, ойын нақты, көркем тілмен жеткізуге үйрету жаттығулары арқылы оқушының сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: көркемдік пен әдемілікті ауыз әдебиетінен көре білу керектігін түсінуге жағдай туғызу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, <<Әңгімелер кестесі>> стратегиясы.
Көрнекілік: оқулықтағы сурет.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды сабаққа даярлау.
ә) Назарын сабаққа аудару.
Ал, қанекей, балалар
Бері қарай қарайық
Қажет, құрал, кітапты
Алдымызға алайық...
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
<<Құмырсқаның қанағаты>> түсініп оқу. Қосымша тапсырма.
ІІІ Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.
Үзінділер қандай ертегіден алынғанын табу.
1. - Бәрібір сен үйге аман-есен келгенше уайымдап, санадан сарғаятын боламын,-деп күрсінді әке-Бұғы. (Бұғышақ пен оның серігі)
2. .... Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады. (2 сынып, <<Етікші>>).
3. - Жоқ, балығым, сол есеппен мен сені жібере алмаймын (2 сынып <<Балықшы мен балық>> ертегісі).
- Ертегілерді оқу арқылы не білеміз?
Тақтаға жауаптары жинақтап жазылады.
Мысалы: халықтың тұрмыс-салтын, әдет ғұрпын, адамгершілік қасиеттерін, шешендігін, даналығын, батырлығын, тапқырлығын білеміз.
Мағынаны тану.
* Ендеше, осы қасиеттер <<Сары ләйлек>> ертегісінде қалай көрінгенін оқып, білейік.
Дәптермен жұмыс.
Ай,күнді, тақырыпты жазу.
Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні басынан бастап, <<... Ал қош болыңыз>> деген жерге дейн оқып, мазмұнын түсіну.
* Ертегінің осы үзіндісінен не түсіндіңдер?
* Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.
* Қытай халқынын ертегісі екенің қалай ажыратуға болады? (Адам атынан, оқулықтағы суреттен.)
* Оқиға ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? (Болжау)
* Сендерді қызықтырса ары қарай оқиық, - деп, аяғына дейн іштей оқу тапсырылады.
Мәтін бойынша талдау жүргізіледі.
Ертегідегі Ми мен шайхана қожайынын салыстыру.
Ми Қожайын
Ақылды ақшақұмар
Өнерлі мейірімді
Адал ақылы аздау
Көп сөйлемейтін
Жұмбақ адам.
* Шайхана қожайыны Ләйлектен айырылған соң, қандай күй кешті деп ойлайсыңдар?
* Мидің өзіне сонша жақсылық жасаған өожайынға ештеңе айтпай өкпелеп, үнсіз кетуі дұрыс па?
Ертегінің соңғы екі сөйлемін оқып, ентегінің идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
<<Ертегіні оқу арқылы не білеміз?>> деген сұрағының жауаптарына қайта оралып, осы ертегіден жазылғандардың қайсысы байқалғанын іздеу.
Сабақты қорытындылау.
<<Әңгімелер кестесі>> стратегиясын қолдану.
Үй тапсырмасы болған <<Құмырсқаның қанағаты>> ертегісімен салыстыру.
Құмырсқаның қанағаты Сары ләйлек
Авторы
Ауыз әдебиетінің түрі Ауыз әдебиетінің түрі
Оқиға орны
Қазақ жері, бақ іші Қытай жері, шайхана
Қамау
Құмырсқаны қамау Ләйлекті шайханада ұстау
Оларды неге еріксіз қамауда ұстады?
Құмырсқаның қанағатын анықтау үшін Ләйлек арқылы адамдарға адал
қызмет етуді көрсету үшін.
Тапқырлар қайсысы?
Құмырсқа Ми
Соңында не болды?
Құмырсқа өзінің қанағатымен адамды Ләйлек барлық адамға бірдей
таңдандырды. қызмет етуді білмеген
әділетсіздігі үшін қожайыннан
кетіп қалды.

Үйге тапсырма.
<<Сары ләйлек>> Қытай ертегісін түсініп оқу. Миге мінездеме жазу. Ертегі мазмұны бойынша суре салу.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Қанатты достар
Құстардың күзгі тірішілігі
Туған жер туралы жыр (ертегі). 2 сынып
Сиқырлы сөздер аялдамасы
Бөлшек сандар әлеміне саяхат
Ә. тәжібаев "толағай" ертегісі
Ғұндардың шаруашылығы
Қытайдың сонау ежелгі замандардағы
Сары жапырақтар жауғанда
Жалған жазуларды ақиқатқа айналдыр
Пәндер