Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
№28 жалпы орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы : «Тірегі сен Тәуелсіздік төрінің»
Тәуелсіздікке 21 жыл
Сынып жетекшісі : Сүлейменова . Ж
2012-2013 оқу жылы
Мұғалім сөзі : Тәрбие сағатының мақсаты
1 – Жүргізуші : Дінмұхаммед оқушы.
Ассаламағалейкум, халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды, елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.
Құрметті ұстаздар, оқушылар.Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға
хош келіпсіздер. Тәрбие сағатымыздың тақырыбы. «Тірегі сен
Тәуелсіздік төрінің»
2-Жүргізуші: Даяна оқушы.
Республика! Ерікті ел – Қазақстан,
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді ақыры аңсатып,армандатып,
Торды бұзған менде бір мәз арыстан .
1-оқушы: Керімхан
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Жасай берші ұлы күн,
Үміті боп елімнің,
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп ананың.
Он алтыншы желтоқсан,
Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары
2-оқушы. Амина
оқушылар хормен әнұран орындайды.
Ән ұраным жан ұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
1-жүргізуші : 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін
аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей
заулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.17 желтоқсанда
таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, кейінірек ол Республиканың басқа
да қалаларына тарады. Тәуелсіздік жолына Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат
Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы
кезінде ерлік көрсетіп, құрбан болды.
«Желтоқсан құрбандары туралы слайд»
1-оқушы: Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып , қып-қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңғ «Елім-айлап»
2-оқушы Алаңға шығып, ойын айтты жастарын,
Қиындықпен қатерге төгіп бастарын.
Содан барып, таңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
3-оқушы: Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықтың, бас имедің қасарып,
Сойыл, таяқ ойнаса да жанында.
4-оқушы Отан үшін жанын қиды ұлдарың
Азап болған жоқ азап шеккен қыздарың.
Күйінішпен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
5-оқушы: Желтоқсан-ау! Ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді бүгін елшіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
1-жүргізуші: Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.
Еліме Тәуелсіздік келіп жетті
Мың жылдық күрестердің арқасында.
2-жүргізуші : Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Атүстінде өткен
ғасырлар көп болды.Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай
қиындықты бастан кешірді.Бірақ ешқашанда мойымады,күресе білді. Азаттық
таңы туатыныныа кәміл сенді. Енді осы тарихи оқиғаларды еске түсіріп
кетеиік.
«Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» (тарихи оқиғалар жайлы
слайд)
1-оқушы: Амина.
Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар
шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Бірақ бұдан да асқан жауыздық
нәубетінің екі ғасрдан соң қайта келерін білген жоқ.
2-оқушы:Олжас.
Отаршылдыққа қарсы Сырым, Исатай мен Махамбет, Кеңесары Жанғожа мен Есет,
Амангелді т б күресті, бодандықтан азат болуды аңсады.
3-оқушы: Дінмұхаммед.
1925-0-1933ж. Елімізді басқарған Голощекин «Қазақстанда әлі ревалюция
болмаған» деп «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық тығырына
тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел
айырылып, 3-миллиондай қазақ аштықтан қырылды.
4- оқушы .С Дінмұхаммед
Асыра сілтеу қазақ әдебиетінде жайқалған теректердің тамырын қиды. Олар:
Шәкәрім, Ахмет, Мағжан,Міржақып Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс, Сәкен т б өзі
өлседе аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ бас иіп , олардың жолын
жалғастырады.
5-оқушы.Аянжан.
1941-1945 жылдары Азамат тарихында болмаған алапат соғыста жан қиған
қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік
көрсетті.Жүзге тарта қазақ қаһармандарына « Кеңес одағының батыры» деген
атақ берілді» .
6-оқушы: Қуаныш.
1986 жылы Атыраудан Алтайға дейін Сарырақадан Алатауға дейінгі байтақ
жерімізге желтоқсанның қанда қара дауылы үдей түсті, Дүрбелең жайлады.
Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарын қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін
бой көтерген жас боздақтарының маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт
үйірілді.
1-жүргізуші: Дінмұхаммед.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан.
Тарихы оның тым әріден басталған
«Бодандықтан құтқарам» деп елімді
Талай боздақ талай жерді жастанған.
2-жүргізуші: Даяна.
Иә бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл
жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.
1-жүргізуші:Олжас.
Бірақ қазақтың өр ұлдары менен қыздары көбеймесе азая қоймапты. Оның
айғаға ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған Желтоқсандықтар болатын.Оның
айғағы – дүниені дүр сілкіндірген , әлемге қазақ деген атты паш еткен
Желтоқсан көтерілісі.
7-оқушы : Аянжан.
Желтоқсан - әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар- ождан сәйгүлігін,
Ерлерім ерлік үшін атой салып,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
Желтоқсан- тағдырларға азалы күн
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары.
Қалар мәңгі есінде қазағымның.
Желтоқсан қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған,
Тәңірімде желтоқсан-шуақты күн.
Желтоқсан-жадымызда жаралы күн,
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.
Еркіндік, егеменді елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
Ән «Желтоқсан желі»
8-оқушы: Керімхан
Бұл тарих шындықтарды електейді,
Десең дағы керексіз , керек мейлі.
«Желтоқсан» деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.
Көлдей жасынкөп төккен қазақ үшін,
Ұмыта алман, желтоқсан, азап үшін.
Қанымен қыршынының тарихқа енген
Шындықты айтар күніміз келді бүгін.
Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сынды елімнің ұл-қыздары-
Желтоқсанның кезіндегі құрбандары.
1-жүргізуші: Дінмұхаммед.
Сол бір суығы ертетүскен қыстың күнінде , тоқырау тажалының ызғарында
аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған жаңғырығы құлағымызда әлі күнге
естіліп тұрғандай. Алаңға ақ пейілмен шығып , партия мен үкімет
басшыларынан саяси сауаттылықты , адамгершілікті адалдықты талап еткен
студент, жұмысшы жастарымызды қарақшылықпен жазалаған.
2-жүргізуші: Даяна
Иә қайран қазағым! Ұзақ уақыт «Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген» деген
астарлы сөздің мәнін ұға алмай , ұсақ та ашып айта алмай келдік.
1-жүргізуші:Дінмұхаммед.
Айту үшін тарихқа бойлау керек, ал тарихтың тұңғиығына барсақ , қарауылға
іліндік. Ол сөздің салмағын, маңызын жариялылық таңында ғана түсіндік
«Қыршын жас-бәйшешек ғұмыр» Көрініс.
Тергеуші: Сен алаңға не үшін
келдің?Савицкийіөлтіргеніңді мойындайсың ба?
Қайрат: Оу адамдар, мен адам өлтірген жоқпын. Қазақ
қыздарын жазықсыз ұрып-соғып жатыр дегенді естіп , қыздарға араша түсейін
деп келдім. Мен жазықсызбын.
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?
Ортам надан болған соң,
Қайда барып оңайын
Қасқалдақтай қаным бар,
21де жасым бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Атам десең атыңдар.
Қайрат: Апа, апа – ау , естимісің ? Мен жазықсызбын апа!
Апасы: Қарашығым қайран балам-ай,
Құлыншағым , жаным –ай!
Құлағыма келеді,
Алыстан айтқан зарың –ай!
Қайрат: Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асып , атқаны.
Маған ауыр солардың да бәрінен,
Өз ауылымның иттері үріпе қапқаны.
Тергеуші: Сен қылмыскерсің , Савицкииді сен өлтірдің, мойында . Әйтпесе
күшпен мойындатамыз. Ату жазасына кесілесің,- деп айқайлады.
Қайрат: Мен өлтірген жоқпын.
Тергеуші: Алып кетіңдер! (Қайратты сүйреп кетеді)
Қайрат: Хош-аман бол артымда ,
Ағайын туған, азамат.
Артымда қалғаната-анам,
Ел-жұртым саған аманат!
2-жүргізуші: Желтоқсан ызғары 1986 жыл талай қазақ жастарының жүрегінде өз
ызғарын қалдырды және ол тәуелсіздігінің бастамасы ретінде ұлы өзгерістерге
жетелегені даусыз.
Мен сүйемін жерім менен елімді,
Көкейімнен жыр арнасы төгілді
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі
Қазағыма мен арнаймын сөзімді.
1-жүргізуші. Тағдырым бар қилы-қилы көз
Жіберсем өткенге,
Тарихым бар тасқа түскен таңбадай.
Тәубә қылам осы күнге жеткенге ,
Тәңір ием тыныштығымды алмағай.
Ән Әділет.
2-жүргізуші : Жаның қамауда қалғанда , арың талауға түскенде араша болған
–Тәуелсіздік.
Барың тоналғанда , асылың жоғалғанда қайтарып
берген –Тәелсіздік
Ақиқатыңды айтқызбай тіліңді тістеткенде ,
бойыңнан күш кеткенде , есіңді жиғызып
еңсеңді көтерткен –Тәуелсіздік.
1-оқушы: Олжас.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді
Жылап тұрып аналарым бұл жолда
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О тәңірім , бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне Тәуелсіздік , ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
Қазақпын, еңселі елім ,егеменді
Қазақпын , қойнауы құт , жері дархан ,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.
2-оқушы: Диана.
Еркіндікке Желтоқсаным бастады.
Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады.
86-жаңғырығы жар салып,
Тәуелсіздік ұлы ұраным тастады.
Елемепті қысқы ызғар суықты,
Өне бойын жастардың қан жуыпты
Қайрат, Ләззат жас қырандар аяулы.
Өз халқының бағы болып туыпты.
Жиырма бір жылдай Тәуелсіздік туғалы
Қазақ елі бірлікке бел буғалы.
Жиырма бір жылдай Қазақстан халқының
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны
«Ызғарлы желтоқсан»(көрініс)
Жігіт: Аянжан.
Қалың елім ,қазағым ,қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың.
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Кешегі Абайдың айтып кетекн аңғалдығынан әлі де арылмағансың
ба, халқым-ау!Кешегі Абайдың айтып кеткен аңғалдығынан әлі де арылмағансың
ба , халқым-ау?! Елдігің қайда, бірлігің қайда, ерлігің қайда, ұл-қызың
қайда, қазағым?!Қалың ұйқыдан қашан оянасың, басыңды қашан көтеріп ,
еңсеңді қашан түзейсің, елім-ау?!
Қыз: Мен қазақпын мың өліп мың тірілген...
Көз алдымдағы қилы-қилы халіңді неге көрмейсің?, Жерің тозды,
саның азайды, тілің күрмелді.Мәңгүрте айналған ұрпағыңның болашағына неге
алаңдамайсың, аңқау қазағым?! Ата-бабаңның жерінде, атамекен елінде жүріп
өз билігіңнің өз қолыңнан кеткені ме, елім.?!
(Сахнаның екі жағынан солдаттар шығып жастарды
қоршайды)
Әскер: Қане тоқтатыңдар ереуілді! Қарай гөр өздерін. Абайшыл , қазақшыл
бола қалғандарын.! Мына коедияны дереу доғарып тез тараңдар!
Қыз: Ағай бүкіл халықтың тағдырын ойыншық ету де комедия ма ? Жо – жоқ ,бұл
трагедия .
Әскер:Ай қаршадайынан қағынғыр қазақшыл қарындас! Қане түс алдыға көзіңе
көк шыбын үймелетейік!
(қыздың қолын қайыра бастайды)
Жігіт: Үйретілген йттей арсылдаған ағасымақ, қай атаңнан көріп ең
Қызға қол жұмсағанды, тарт қанға боялған қолыңды !
Әскер: Ә солай ма, тарт ендеше сазайыңды! (солдаттар жастар тобын ұрып,
сахнадан шығып кетеді.)
М Шахановтың «Желтоқсан тағылымы» өлеңі.
Қуаныш
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын , жас қайратым, жас өркені халқымның.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула , желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.
Ән: Әділет.
1-жүргізуші : Ерлігіміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүние жүзіне
танылуда. 1991 жылы ббіздің Отанымыз егеменді , тәуелсіз қазақ мемлекеті
болды. Біздің елбасы былай деген: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен
келген. Тәуелсіздік туекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды ,
ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз» .
1-оқушы: Болатбек
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен , қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін!
2-оқушы Темірлан.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы , келе берер!
2-жүргізуші: Даяна
Тойланып мың мереке, ұлыс күні,
Құйылған шаңыраққа ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Сынып оқушыларының бірнеше өлеңдерінен үзінді
оқылады.
Рауан, Гүлмира, Назым, Ақерке, Бибарыс, Қуаныш, Арман.
Қорытынды: 1-жүргізуші : Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа
жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтармай алға баса береміз. Осы бақыт үшін
баршамаз тәубә дейміз. Осы жолда біліміз бен біліктілігімізді , қайратымыз
бен қабілетімізді , қажет болса жанымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз.
Сүйікті Отанымыз- Азат Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін , жарқырай
берсін! Бағы жанып , абыройы арта берсін! Босағаларыңызға бақыт қонсын,
шаңырақтарыңызға шаттық толсын! Кездескенше күн нұрлы болсын, ағайын! ,-
дей келе бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған іс- шарамызды аяқтаймыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz