Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Колледж тынысы

Колледж әдіскері Ш.Танатаркызы

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінеді. Сондықтан ұстаздарды серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламыз. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс - тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, мұғалімдер жылдар бойы жинақтаған іс - тәжірибесін жаңа технологияларға ұштастыру қажеттігі туындайды.
Осы ретте оқу-тәрбие үрдісін өрге бастыруға ұмтылып, шығармашыл ізденіспен еңбек ету - әрбір оқу орны мен ондағы ұстаздардың үлкен міндеті.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу, педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзіреттілігіне жоғарғы талаптар қоюда.
Колледждің педагогикалық ұжымының алдында жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеп, жаңа өркениетті қоғам талаптарына сай сапалы білім беру мақсаты тұр. Оқу-тәрбие процесі әкімшілік, ғылыми-әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес, пән бірлестіктері арқылы басқарылады. Басқару жүйесінің жұмыс жоспарлары оқу-тәрбие процесінің талаптарына сай, өндірістік оқу жоспарыны негізінде жұмыс атқарылады.
Осынау білім шаңырағында білім беруді дамытуда барлық пәндерге арналған бағдарламалар оқу процесінің талаптарына сәйкес жасалған. Оқыту процесінде жаңа технологиялық әдістерді жан-жақты пайдалану кеңінен қолдануда.
Ұстаз алдында - адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұр. <<Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат. Өйткені мұғалім - мектептің жүрегі>> - деп Ы.Алтынсарин айтқандай, әрбір ұстаздың кәсіптік білім мәдениеті, таланты, шеберлігі қатар табылса шәкірт бақыты емес пе?! Осындай талапты ұстанған колледждің әдістемелік кеңесінің негізгі қағидасы <<Әрекеттілік және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту арқылы, білім берудің орталықтандырылған білім моделінен құзіретті оқытуға көшу негізінде білім беру мазмұнын жаңарту және оқушылардың оқу сапасын арттыру>> .Осы педагогикалық тақырыпты жүзеге асыру барысында оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолданылса, яғни түрлі деңгейде оқыту технологиясы, дебаттық, проблемалық оқыту технологиялары, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша, интеграциялық сабақтар өткізу кеңінен жүргізілсе, білім сапасының көтерілуі анық. Осы оқу жылында колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында облыстық біліктілігін арттыру институтында және Орал қаласында мамандар біліктілігін арттыру курстарынан колледждің 17 мұғалімі инновациялық технология бойынша курстан өткен. 2 шебер,яғни, Н.М.Сүйірғұлов және А.Т.Тлегенов халықаралық деңгейде Белоруссиядан білім жетілдіріп келді. Жалпы колледж бойынша мұғалімдердің 96%-ы инновациялық технология бойынша курстан өткен. Сондай-ақ колледжде жылдың оқу жоспарына сай пәндік және кәсіптік апталықтар жоспарланған. Желтоқсанның 10-15 аралығында дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық пәні апталығы болып өтті. Апталықта мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, спорттық ойындар ойнатылды. 10 желтоқсанда Б.Н.Нұралиннің <<Калашников автоматы мен пулеметі>> тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Сабақ интерактивті тақтадан слаидтар көрсету арқылы ұйымдастырды. Оқушылар дайындықтарын көрсетіп, сұрақтарға жауап берді. Сабақтың құрылымы жоғары болды. 12 желтоқсанда А.Ж.Убигалиев <<Баскетбол. Допты астынан беру тәсілдері>> тақырыбында өткізген ашық сабағы сәтті өтті. Сабақта мұғалім кіріспе бөлімінде интерактивті тақтаны пайдалана отырып түсіндірді.Сонымен қатар, мұғалім әдіс-тәсілдерді өзі жасай отырып, ойын элементтерін оқушыға меңгерте білді. Сабақ аяғында үйреткен үлгі бойынша <<баскетбол>> ойыны еш қателіксіз ойналып, сабақ <<өте жақсы>> деген бағаға бағаланды. Ұстаз еңбегі қиындығы мен қызығы қатар жүретін жұмыс. Осы орайда ұлы Абай атамыздың <<ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...>> дегендей шәкірт бойына білім нәрін сеуіп, үнемі ізденісте шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарымыз халықаралық , облыстық ғылыми - конференцияларға қатысып, сонымен қатар баспасөз беттерінде мақалалары жарық көруде. Атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жапақова Балғаным апайдың <<Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы>> атты сабағы Қазақ тілі мен әдебиеті журналында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуғалиева Тойған Шынысқызының <<Бәсекеге қабілетті болу - басты міндет>> атты мақаласы Атырау газетіне, Разиева Майра Серікқалиқызының <<Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл>>, Абуғалиева Тойған Шынысқызы, Таңатарқызы Шынардың <<Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде педагогтардың кәсіптік деңгейін арттыру>> атты ғылыми - тәжірибелік конференцияға қатысып, саяси мазмұнды, сапалы еңбектері жинаққа енді. <<Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары инженер-педагог кадрларының <<Инновация - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі беделінің басты кепілі>> тақырыбындағы әдіскерлер мен пән бірлестігі жетекшілері үшін секциялық отырыста жалпы білім беру бірлестігінің жеткешісі А.С.Бисембиеваның << Әдістемелік жұмыстың портфолиосы - ұжымдағы педагог кадрлардың кәсіби өсуін арттырудың бір тетіг>>і атты баяндамасы тыңдалды. Әдістемелік кабинетте <<Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында>> деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, ұстаздар арасында <<Жасампаз елдің білікті мамандары>> атты дөңгелек үстел болып өтті. Онда білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушының мамандыққа деген қызығушылығын арттыру жайында сөз қозғалды. Ұстаздар өз пікірлерін ортаға салып, озық тәжірибелі мамандардың іс - әрекетін сабақ барысында қолдануға келісті. Озық тәжірибелі ұстаз нарықтық экономика пәні мұғалімі А.Д.Багитованың шығармашылық жұмыстарын колледж көлемінде тарату ұсынылды.
<<Он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарды ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік негіздері>> атты колледжшілік семинар болды. Онда <<Он-лайн жүйесін ұйымдастырудың құралдары>> тақырыбында информатика пәні мұғалімі Г.Жексенбаева баяндама жасады және Auto Play Media Studio 7.0. туралы өндірістік оқыту шебері Хайруллина Мира Нұрғалымқызың баяндамасы тыңдалды. Білім беру саласында ұстаздар жүйелі жұмыс жасау үшін - өз мамандықтары бойынша тест жинақтарын жасақтады. Осы әдіс-тәсіл арқылы, мазмұнды жұмыс жасау арқасында, мақсат қоя отырып нәтижеге жетті. Атап айтсақ кран машинисі мамандығы бойынша- Айтимов Құбайдолла Табылдыұлы, Электротехника пәні бойынша Тілегенов Аухат Тоқсанұлы, Дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша - Сүйірғұлов Нұрлан Маратұлы, Оператор мамандығы бойынша - Хайруллина Мира Нұрымқызы, Бөлекбаева Гүлшат Хайруллақызын еңбектері зор.
Сөзімді қортындылай келе, заманның өскелең талабына сай жаңарып, бүгінгі күні үлкен қарқын алған ұстаздарға қойылатын талаптар әрқашан жоғары. Көп жылдар бойы бір тұтас білім беру жүйесінде бірдей талап аясында жұмыс істеп келген ұстаздардың кәсіби жетістігі, сабақтардың жаңашылдығы, білім сапасын көтерудегі табыстары - өз пәні және әдістемелік ізденістері бойынша бағаланып келеді.Бүгінгі күнде жаңашыл технологиялар мен халықаралық бағдарламалар, жобалар көбейіп, озық мұғалімдер туралы кретерийлер жаңаруда. Сондықтан да заман талабына сай жан-жақты, ізденіп жұмыс жасау қажет.
Ұстаз-қасиетті ұғым. Ұстаздық ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды білім әлемінің сусындандырушы да мұғалімдер. Жас жеткіншекті өмір әлеміне бағыттайтын да ұстаздар. Әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарай отырып, білімді ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.


Ұқсас жұмыстар
Жанама меню
1 қыркүйек 2014-15 оқу жылына сценарий
Бір ел, бір тағдыр.(достық фестивалі)
Циклдік комиссияның меңгерушісінің жұмыстың орындалуын бақылауы
Хаттама үлгісі
Тәлімгер сабақтарына қатысу, оқытудың жаңа технологияларын сабақ барысында пайдалану
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Қызықты көңіл, студенттік өмір!
Казахстана отмечает праздник День независимости
Ойын - балалар өмірінің нәрі
Пәндер