Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Қазақ тілі. Сын есімнің мағыналық түрлері


Тоғысбаева Ғ.
Төлеби ауданы, М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Сын есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру, мәтін
мазмұнын ұғындыру.
2) Дамытушылық: Сын есімнің түрлерін бір-бірінен ажырата алуға үйрету,
ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығу-
шылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Білімді саналы
азамат болуға шақыру. Табиғатты аялап, қорғай білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, плакаттар, тірек кестелер, семантикалық
карта, т.б.
Сабақтың түрлері: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту.
Пәнаралық байланыс: Әдебиетпен байланыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын
даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа
аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
А) Сұрақ-жауап (3минут).
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Тұлғасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
3. Туынды сын есімдер қалай жасалады?
4. Сын есім жасайтын жұрнақтарды атаңдар, мысал келтіріп, дәлелдеңдер.
5. Құрамына қарай қандай түрлері бар?
6. Сын есім негізінен қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
Ә) 145-жаттығу (4 минут). Жазып келген мінездемелерін оқып береді.
Б) «Ойлап тап!» (3 минут). Әр оқушы өз есімінің алғашқы дыбысына
байланысты сын есімдер тауып айтады.

ІІ ЖАҢА САБАҚ:

Алдымен тақтаға ай-күнді, сабақтың тақырыбын жазып қоямын да, сабақтың
мақсатымен таныстырамын. Содан соң көрнекі құралдардың көмегімен (тірек
кесте) жаңа сабақты түсіндіремін.
А) Тірек кесте (5минут).
Ә) Өзіндік жұмыс (5минут). Жаңа сабақты пысықтау мақсатында 146-
жаттығуды өз беттерінше орындайды. Жазып болған соң, тақтадағы көрсеткіш
бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бағалайды.
Б) Жұмбақ (3минут). Бір топ келесі топқа жұмбақ жасыру арқылы ой
сергіту.
В) Топ жұмысы(12 минут). Әр топқа мәтін беріледі. Мәтіндерді оқып, ат
қойып, сын есімдерін табады.
І топ – 148-жаттығу. Кестелі орамал.
ІІ топ – 149-жаттығу. Асқақ мұнара.
ІІІ топ – 152 жаттығу. Аңшы халықтың қолөнері.
IV топ – 154-жаттығу. Әнші Әмірхан.
Г) Тақтамен жұмыс. 153-жаттығу. «Зеректік» мәтінінен сын есімдерді тау-
ып, синонимін жазу.

IІІ. Қорытынды (10 минут).

А) Семантикалық карта (3 минут). Арнайы жасалған кеспе қағаздарды
таратып беру арқылы сын есімдерді пысықтап, жаңа сабақты қорыту.
Ә) Сұрақ-жауап (3 минут) арқылы жаңа сабақты бекіту.
Б) Бағалау (2 минут). Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды
мадақтау, бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою.
В) Үйге тапсырма (2 минут). «Жайлауда» мәтіні бойынша сурет салып келу,
155-жаттығуды берілу шарты бойынша жазбаша орындау.


Ұқсас жұмыстар
Сын есім жайлы
Есептік сан есім
Сын есімнің шырайлары
Тақырыпты түсіндіре білуі
Есімдіктің мағыналық түрлері
Қазақ тілі сабақ жоспары
Сын есімнің мағыналық түрлері жайлы ақпарат
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сан есімнің құрамы қанша
Әдеби тіл және мәтін
Пәндер