Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Баланың танымдық дамуы
Баланың танымдық дамуы.
Қуанышева Эльмира Ізбасарқызы
Әдіскер-психолог.
Мектепке дейінгі кезең баланың танымдық, психомоторлық, әлеуметтік, жеке
тұлға болып жедел даму кезеңі. Сондықтан ,мектепке дейінгі мекеменің
психологы мен тәрбиешілерінің негізгі міндеті осы даму кезеңі барысында
жағдай туғызып,баланың дұрыс дамуына игі ықпал ету.Ол үшін әр педагог
баланың жас ерекшелігін ескере отырып,оның жан-жақты дамуына әсер ететін
тәрбиенің негізгі мақсат –міндеттерін,сараптау тәсілдерін меңгеруі тиіс.
3-4 жастағы баланың танымдық дамуы.
Негізгі міндеттері:
-баланың ой-қиялын дамыту;
-үлгіні пайдалана отырып жұмыс жасауға үйрету;
-қимыл әрекетін дамыту;
-зейінін бірнеше затқа аудара білуге үйрету;
-үлкендер әрекетімен санаса отырып әрекет етуге дағдыландыру.
Баланың танымын дамытуға арналған ойындарды назарларыңызға ұсынамыз.
Ойын: «Не өзгерді?»
Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға үлкендігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтарды
көрсетеді.Балалар олардың атын атайды.Содан соң психолог балалардан
көздерін жұмуын өтінеді де,ойыншықтардың біреуін алып тастайды.
Балалар көзін ашып, қандай ойыншық жоқ екендігін айтады.Ойын 3-4рет
қайталанады.
Ойын: «Суреттерді құрастыр»
Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға 3-4 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің
көмегінсіз суретті құрастырады.
Ойын: «Кім тығылды?»
Мақсаты: көзбен қабылдауын дамыту.
Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте
қандай жануар жасырынғанын сұрайды.
Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды.
Ойын : «Не артық?»
Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы
бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше
біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.
Ойын: «Не жетіспейді?»
Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті
мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұра йды.
4-5 жастағы баланың танымдық дамуы.
Негізгі міндеттері:
-көру, есте сақтау ,ойлау қабілеттерін дамыту;
-үлгіге қарап жұмыс жасауға үйрету;
-қысқамерзімдік және ұзақ уақыт есте сақтауын дамыту;
-қолдың ұсақ моторикасын,графикалық дағдыларын қалыптастыру;
-заттардың арасындағы қарапайым қисындық байланыстарын ,заңдылықтарды
табуды үйрету;
-үлкендердің, құрбыларының әрекетімен санаса отырып әрекет етуге үйрету.
Баланың танымын дамытуға арналған ойындар.
Ойын: «Жұбын тап»
Мақсаты:заттардың арасындағы байланысын таба білуге үйрету.
Психолог балаларға бірнеше заттың бейнесі бар суреттерді береді. Оларды
мұқият қарап,екі-екіден жұптастырып қарындашпен сызып көрсетуін өтінеді.
Ойын: «Есіңде сақта»
Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын
сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.
Ойын: «Бір сөзбен ата»
Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр
қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz