Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Электр тізбегінде өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау. 10 сынып
Улмесекова Ардақ Амангелдіқызы
Физика және еңбек пәнінің мұғалімі
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі
Казталов ауданы
БҚО
Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель
жалғау.
Сабақ мақсаты:
1.Өткізгіштерді тізбектей және параллель
жалғауды еске түсіру арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
2.Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің
тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен
байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.
3.Оқушының ғылымға деген қызығушылығын
арттыру; еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін
дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: СТО элементтерін қолдану, тест әдісі,т.б.
Көрнекілігі: Слайд, карточкалар, техникалық құралдар,оқулық, т.б.
І. Қызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасын тексеру: 1. Сұрақ- жауап
1.Ток күші деп нені айтады? Формуласы. Өлшем бірлігі.
Жауабы: Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт
аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы.
I= q t ; (А);
2. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай
қосылады? Шартты белгісі қандай?
Жауабы: Амперметр; Тізбектей;
3. Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі? Қандай
құралмен өлшейді? Шартты белгісі.
Жауабы: Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр
өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасын айтады. U= A q ; (В) ;
Вольтметр.
4.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.
Жауабы: Тізбек бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы
кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.
U= I* R, I= U R, R= U I
5. Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді? Өлшем бірлігі.
Жауабы: Өткізгіштің ұзындығына, көлденең қимасының ауданына,
жасалынған материалдың қасиеттеріне тәуелді. R= L S; (Ом)
6. Ток көзіне нелер жатады?
Жауабы: Аккумуляторлар, гальвани элементтері, термопара, күн
батареялары
7. Токтың әсерлері қандай?
Жауабы: Жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық.
8. “Вольтамперлік сипаттама” дегеніміз не?
Жауабы: Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі.
2. Тапсырмалар орындау
Өткізгіш тізбек берілген. Тізбек неден тұрады? Қатесін тап.
Мына суретте амперметрлердің шкалалары көрсетілген. Амперметрдің көрсетуі 2
А. Қатесін тап.
3.Балама тесті (иә, жоқ)
1. ( - өткізгіштің материалының меншікті кедергісі.(Иә)
2. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.(Иә)
3. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі- Ом ; (Жоқ)
4. 1 Ом- ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда, бойынан 1А ток өтетін
өткізгіштің кедергісі. (Иә)
5. Берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа кедергі жасамайтын
физикалық шама- кедергі деп аталады. (Жоқ)
6.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I= U* R ; (Жоқ)
7.Ток күшін өлшейтін құрал- амперметр. (Иә)
8.Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. (Жоқ)
Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер,
электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады. Бұлар түрліше
жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ
1. Өткізгіштердегі кернеу мен 1. Өткізгіштерді тізбектей
өткізгіш кедергісі шама- және параллель жалғаудың
ларының тәуелділігі; теориясы.
2. Өткізгіштердегі ток күші 2. Өткізгіштерді тізбектей
мен кедергінің арасындағы және параллель жалғау
кері байланысы. кезіндегі :
- ток күшінің;
- кернеудің;
- кедергінің
формулалары.
Ескі әлемнен Жаңа әлемге:
1-жағдай: Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы
үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
1. I = I1 = I2 = . . . = In
2. U = U1 + U2 + . . . + Un
3. R = R1 + R2 + . . . + Rn
2-жағдай: Өткізгіштерді параллель жалғау
Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір
В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау
деп атайды.
Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін
түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.
Назар аударыңдар:
*** Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда олардың ұзындықтары артатындықтан
тізбек бөлігінің кедергісі артады. Ал параллель жалғағанда олардың көлденең
қимасының ауданы артатындықтан тізбек бөлігінің кедергісі кемиді.
*** Өткізгіштердің кедергісі бірдей болғанда :
а) тізбектей R= 2R1
б) параллель R = R1 /
2
*** Кедергі әр түрлі болса:
R = (R1 * R2)/ (R1 + R2)
Есте сақта!
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, бөліктің толық кедергісі әрқашан
бөліктегі ең аз кедергіден кіші болады.
Жаңа әлемнен Ескі әлемге:
1.Өткізгіштердегі кернеу түсуі өткізгіш кедергісінің шамасына тура
пропорционал:
U1 : U2 : ... : Un = R1 : R2 : ... : R n
2. Өткізгіштердегі ток күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің
кедергілерінің кері шамаларының қатынасына тең:
I2 : I2 : ... : In = 1/ R1: 1/ R2 : ... : 1/ Rn
Семантикалық карта
ІІІ. Толғаныс
Есептер шығару
1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі
R1=36 Oм өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1 = 9В. Кедергісі R2=64
Oм болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В
болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.
Жауабы: 16 В, 480 Ом
2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі
R1=44 Oм өткізгіш арқылы I1 = 5А ток
өтеді. I2 = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.
Жауабы: 275 Ом
3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр
тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель
жалғағандағы ток күші қандай? Жауабы: 0,48 А; 2 А
*** Дидактикалық материалдардан есептер шығару.
Тест сұрақтары
1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
2. Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?
а) I =0 ә) I = I1 + I2 б) I =
I1 - I2
3. Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?
а) U = U1 + U2 ә) U = 0 б) U = U1 -U2
4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
5. Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?
а) R=0 ә) R = R1 + R2 б) R = R1 - R2
6. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
8. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай
қосылады?
а) параллель ә) тізбектей б) аралас
Тест жауаптары: 1 – а, 2 - ә, 3 – а, 4 - ә, 5 - ә, 6 - ә, 7 – а, 8 – ә
«Бес жолды өлең» стратегиясы «Өткізгіш » сөзіне.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы:
§ 9.4 Венн диаграммасын толтыру.
Есептер шығару
-----------------------
[pic]
[pic]
[pic]
Физикалық шамалар
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Ток күші
+
Кернеу
+
Кедергі
U
A
I
+
R
+
Oм
+
В
+
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz