Экономика әлемінде

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы

Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі

Экономика пәнінің мұғалімі

Бакытова Алтынғаным Бакытовна

Сыныптан тыс шара

Шараның тақырыбы: Экономика әлемінде

Мақсаты: а) оқушылардың экономикалық білімдерін тексеру, тиянақтау, одан әрі танымдылық қабілеттерін арттыру;

ә) оқушыларды білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеуөз пікірін дұрыс мәдениетті түрде жеткізе білуге және топпен жұмыс жасай білуге үйрету;

б) пәнге деген қызығушылығын ояту, өз білімдерін өмірде қолдана білу қабілеттерін, экономикалық ой-өрістерін, қиялын дамыту.

Түрі: сайыс

Сыныбы: 6-8

Көрнекілігі: тест парағы, кесте, нақыл сөздер, есептер.

Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, есептер, тест тапсырмалары.

Сайыс барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Кіріспе.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі «Экономика әлемінде» тақырыбындағы сайысқа қош келдіңіздер!

Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым-экономистерге немесе экономика пәні оқыткшыларына ғана, сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр.

Мектепте қаржылық сауаттылық және экономика негіздерін оқытудың басты мақсаты - оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке, қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу, еңбек ете білуге,, өзін және өзгелерді рухани-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру. Осы мақсатта экономика сабағынан алған білімдерімізді, пікірлерімізді ортаға саламыз.

Сіздерге сәттілік тілеймін.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Сайыс жоспары:

І. Таныстыру.

ІІ. «Жорға» (сұрақтар)

ІІІ. «Тапқырлық» (тест парағы)

ІV. Экономика өмірде (есептер шығару)

V. Практикалық жұмыс

А) әңгіме жазу,

Б) сұраным мен ұсыныс қисығын сызу.

VІ. «Елсіз аралда» ойыны

VІІ. Тауарларды саралау

VІІІ. Қорытынды.

Мұғалім:

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса қалт айтпайды,

әрқашанда нанымды, - дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.

Ендеше ортамызға ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық.

І. Таныстыру. Топтардың таныстыруы.

ІІ. «Жорға»

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың «Жорға» кезеңін бастаймыз.

І топқа сұрақтар

1. Қажеттілік дегеніміз не?

2. Экономика қандай ғылым?

3. Салық дегеніміз не?

4. Зейнетақы

5. Салық түрлерін ата

6. Бюджет дегеніміз не?

7. Халықаралық сауда

8. Валюта

9. Мемлекеттік қарыз

10. Мемлекеттік төлем балансы

11. Бюджет бөлімдері

12. Еңбек факторы

13. Сыртқы сауда сальдосы

14. Өндіріс қорлары

15. Валюта курсы

16. Мемлекеттік бюджет

17. Капиталдық қор деген не?

18. Жалақы.

19. Жалақының түрлері

20. Қоршаған ортаны қорғау заң қашан қабылданды?

ІІ топқа сұрақтар

1. Нарық түрлері

2. Еңбек нарығы

3. Акционерлік қоғам

4. Жұмыссыздық

5. Еңбек қорлары

6. Инфляция

7. Салық

8. Инвестиция

9. Банкілік несие

10. Коммерциялық несие

11. Кәсіпкерлік

12. Бизнес-жоспар

13. Бизнес-жоспардың мақсаты

14. Дивиденд

15. Акция

16. Лизингтік несие

17. Ипотекалық несие

18. Қаржылық кәсіпкерлік

19. Валюта түрлері

20. Тұтынушы құқын қорғау туралы заң қашан қабылданды?

ІІІ. «Тапқырлық»

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыатылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайысымыздың ІІІ кезеңі «Тапқырлық» бөлімі тест

тапсырмаларын орындайық.

1. Белгілібір мерзім ішінде еңбегі үшін төленетін ақы не деп аталады?

А) жәрдемақы

Ә) зейнетақы

Б) жалақы

2. Жалақының қандай түрлері бар?

А) мерзімді, уақытша, келісімді;

Ә) мерзімді, келісімді, мерзімсіз;

Б) мерзімді, келісімді, кесімді.

3. Жұмыссыздық деп нені айтамыз?

А) еңбекке қабілетті адамдардың жұмыспен қамтылмауы;

Ә) денсаулығының болмауына байланысты адамдардың жұмыспен қамтылмауы;

Б) еңбекке қабілетті, жұмыс істегісі келетін адамдардың жұмыспен қамтылмауы.

4. Еңбек қорларына адамдардың қандай топтары жатады?

А) жоғары білімі бар, бірақ жұмысқа жарамайтын адамдар тобы;

Ә) зейнет жасындағы адамдар тобы;

Б) 14жастан зейнет жасына дейінгі адамдар, жұмысқа деген қабілеті бар адамдар тобы

5. Инфляция дегеніміз не?

А) бағаның төмендеуі, сұранымның өсуі;

Ә) бағаның өсуі, ұсыныстың өсуі;

Б) бағаның өсуі, ақшаның құнсыздануы.

6. Таңдау жасау не үшін қажет?

А) адамның шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін;

Ә) адамның бірінші кезектегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін;

Б) адамдардың күнкөріс шамасын қамтамасыз ету үшін.

7. Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджетке төлейтін міндетті төлемдері қалай аталады?

А) ақша;

Ә) салық;

Б) валюта.

8. Мемлекеттер мен ұлттық шаруашылық арасындағы тауарлар мен қызмет көрсетулердің өзара айырбасталуын не дейміз?

А) импорт;

Ә) сыртқы сауда сальдосы;

Б) халықаралық сауда.

9. Бизнес-жоспардың мазмұны мен негізгі ойын таныстыратын бөлімі қалай аталады?

А) маркетингтік жоспар;

Ә) резюме;

Б) қаржылық жоспар.

10. Несие берудің ақшасыз формасы, көліктерді, құрал-жабдықтарды пайдалануға жалға беру-

А) лизингтік несие;

Ә) ипотекалық несие;

Б) тұтынушы несиесі.

11. Жылжымайтын мүліктерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, пәтерлерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге берілетін ақшалы насие -

А) лизингтік несие;

Ә) ипотекалық несие;

Б) мемлекеттік несие.

12. Несие үшін төленетін ақы -

А) пайыз;

Ә) рента;

Б) дивидент.

13. Акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігі-

А) дивидент;

Ә) акция;

Б) бақылау пакеті.

14. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге қашан айналысқа енгізілді?

А) 1993 жылы 15 қарашада;

Ә) 1992жылы 15 қарашада;

Б) 1995жылы 19 мамырда.

15. Егер баға өссе, сұраныс -

А) өседі;

Ә) өзгермейді;

Б) төмендейді.

ІV. «Экономика өмірде» есептер шығару

Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек! - деп дана Абай атамыз айтқандай талапты да шыдамды, қайратты да ақылды ұл-қыздарымызды тағы бір қырынан сынамақ кезеңіміз «Экономика өмірде» есептер шығару.

Неше төрт таңбалы сан жазуға болады, сандардың қосындысы 3-ке тең болатын.

1) 1011 1002 2010 3000

1101 1020 2001

1100 1200 2100

2) 8л және 3л битондар бар. Осы битондардың көмегімен 12л сүтті екі жанұяға қалай тең бөлуге болады?

3) Асан, Әлия және Жанар орманнан 6 саңырауқұлақ әкелді. Жанар -3 саңырауқұлақ, Асан - 1 саңырауқұлақ, ал Әлия - 2 саңырауқұлақ тапты. Мамасы 18 орех берді де, «Әркімнің үлесіне қарай бөліп алыңдар» - деді. Әрқайсысына қанша орехтан келеді?

4) Егер сен банкіге 5 теңге 10% -дық өсіммен салсаң, жарты жылдан кейін сенің қанша ақшаң болады?


Ұқсас жұмыстар
Мақтанамын әлемге
Жұмбақтар әлемінде
Тігістер әлеміне саяхат. 8 сынып
Табиғат қорлары табиғат
Талапкерге таңдау
Экономикалық жүйе
ЭКОНОМИКА АРУЫ
Тест тапсырмалары экономика
Дүниежүзілік ақша
«озық ойлы дарындылар» интеллектуалдық турнир
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz