Қазақстан - менің отаным. 2 орыс сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

Лексикалық тақырып: Қазақстан - менің Отаным.

Грамматикалық тақырып: Ілік септігі.

« Қазақ тілім - өз тілім - ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жаңа сөздерді меңгерту Кімнің?Ненің? деген сұрақтарымен таныстыру. Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Оқушылардың қазақша ойлауын, сөйлеу әрекетін дамыту.

Оқушыларды туған Отанын, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушылардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік туғызу;
  • білім деңгейін өсіру;
  • тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді түсіндіру;
  • оқу, жазу арқылы оқушының ой қорытып және оны қорғай білуіне қол жеткізу;
  • өз-өзіне баға бере білуіне тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жаңа сабақты игереді.

Жаңа сөздер үйренеді.

Ілік септігін басқа септіктерден ажырата алады.

Тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты түсіне алады.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, аударма, сұхбаттасу.

Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбын ашатын презентация, интерактивті тақта, бейнеролик.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс тілі, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

2. Әнұранды орындау.

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мағынаны тану.

1. Ой қозғау:

Сен қай елде тұрасың?

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Отан дегеніміз не?

)

Слайд. Картамен таныстыру . (Балалар өздері бас қаланы табады. )

2. Туған жер жайлы әңгімелеу.

Қ А З А Қ С Т А Н

Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы - Астана қаласы. Астана - жас қала. Қазақстан үлкен, көп ұлтты мемлекет.

Слайд. Рәміздердің бекітілуі.

Бейнеролик. «Көк тудың желбірегені» ән.

3. Топтастыру /интеракитвті тақтамен жұмыс/

ТУ

МЕМЛЕКЕТ

Президент

ӘНҰРАН

елтаңба

Астана

4. Зат есімнің септелуі (Образование падежных форм)

Септіктер
Сұрақтары
Жалғаулары
мысалдар
Септіктер: Атау
Сұрақтары: Кім? Не?
Жалғаулары:
мысалдар: бала
Септіктер: Ілік
Сұрақтары: Кімнің? Ненің?
Жалғаулары: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
мысалдар: баланың
Септіктер: Барыс
Сұрақтары: Кімге?неге?қайда?
Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е
мысалдар: балаға
Септіктер: Табыс
Сұрақтары: Кімді?нені?
Жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
мысалдар: баланы
Септіктер: Жатыс
Сұрақтары: Кімде?неде?
Жалғаулары: -да, -де, -на, -не, -та, -те
мысалдар: балада
Септіктер: Шығыс
Сұрақтары: Кімнен? Неден?
Жалғаулары: -дан, -ден, -нан, -нен, -тан, -тен
мысалдар: баладан
Септіктер: Көмектес
Сұрақтары: Кіммен?немен?
Жалғаулары: -мен, -бен, -пен
мысалдар: баламен

Мұғалімнің сөзі: Ілік септігімен жақынырақ танысайық.

5. Септік жалғаулары

септіктер
Сөздің соңғы дыбысы
жалғаулар
мысалдар
септіктер: Атау септік
Сөздің соңғы дыбысы:
жалғаулар:
мысалдар: Әлия
септіктер: Ілік септік
Сөздің соңғы дыбысы: Дауысты, үнді м, н, ң
жалғаулар: -ның -нің
мысалдар:

Алманың дәмі

Әлиянің гүлі

септіктер: Ұяң з, ж, үнді р, л, й, у
Сөздің соңғы дыбысы: -дың дің
жалғаулар:

Қыздың көйлегі

Көмірдің түсі

септіктер: Қатаң, және ұяң б, в, г, д
Сөздің соңғы дыбысы: -тың, тің
жалғаулар:

Араптың сөзі

Күректің сабы

6. Тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғап жаз.

-ның, -нің

Бала. . . көше. . . .

Қала. . . бөлме. . . .

-дың, -дің

Тау. . . үй. . .

Қыз. . . жер. . .

-тың, -тің

Ағаш. . . көлік. . .

Табиғат. . . шөп. . .

7. Сергіту сәті. Полиглот ойыны:

Столица -

Государство -

Флаг -

Народ -

Земля -

Герб -

Много-

Родной -

независимый -

гимн -

8. Оқулықпен жұмыс 2-жаттығу 40 бет

Мәтінді түсініп оқы. Ілік септікте тұрған сөзді табу.

Отан - адамның туған жері. Ваня Ресейде туды. Ресей Ваняның Отаны. Джон Америкада туды. Америка -Джонның Отаны. Нұрболат Қазақстанда туды. Қазақстан - Нұрболаттың Отаны. Әр адамның Отаны бар.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.


Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздіктің шыңы
Қош бол, даярлық
Топқа бөліну
Сабақтың тақырыбы. Топтарға бөлу
Қазақстан - менің отаным! 11 сынып
Қош бол, бастауыш!
Менің отаным - тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік тұғырым
«Қазақстан- ақ бесігі қазақтың»
Ардақты атамекенім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz