Мұражайға саяхат

6 «А» сынып оқушыларының облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа баруы туралы анықтама
Мектепішілік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қаңтар айында 6 «А» сынып оқушылары облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа барды.
Мақсаты: 1. оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы (музейі) жайлы және тарихшы-өлкетанушы Мұхаметжан Тынышпаев туралы түсінік беру; 2. оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; 3. оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Саяхатқа барған оқушы саны - 17. Саяхат барысында оқушыларға бірінші мұражай туралы түсінік берілді. Мұражай, музей, (грек тілінде museіon - муза сарайы) - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т. б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т. б. ), көркемөнер музей (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т. б. музейлер), ‘‘жаратылыстану музейі’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т. б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т. б. ), ‘‘кешенді музейлер’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т. б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер) . Музей ісінің негізгі бағыттары - музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер , экспозициялар ұйымдастыру , тақырыптық дәрістер , ғылыми-практикалық конференциялар өткізу , музейлік басылымдар шығару , т. б. жатады.
Оқушыларға алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхаметжан Тынышпаев туралы түсінік берілді.
Мұхамеджан Тынышпаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы, Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышпаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М. Тынышпаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М. В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген. 1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды. Ал 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды. 1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі - Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді. 1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz