Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш)


«А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесі

[pic]

Әдеби кеш
«Жүз жыл жырлаған жүрек»

Өткізгендер: қазақ тілі, орыс тілі және

ағылшын тілі
әдістемелік бірлестіктері

Талдықорған қаласы

Тақырыбы: Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш)
Мақсаты: а)Жамбыл өмірі мен шығармашылығынан түсінік беру, мемлекеттік тіл
– қазақ тілін жетік меңгерту;
ә) мәнерлеп оқу, жатқа айту дағдыларын дамыту, айтыс өнері арқылы
оқушыларды суырып салмалылыққа баулу;
б)мемлекттік тілді қастерлейтін, Отанын құрметтей білетін, болашақта
Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жамбыл портреті, суреттер, тіл туралы қанатты сөздер, мақал-
мәтелдер, жартылай киіз үйдің керегесі, үй жиһаздары, домбыра.
Сахна шымылдығы айтыстың әуенімен ашылады.
Барысы
1-жүргізуші
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сіздер Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне
арналған «Тіл – білім кілті» айлық аясында өткелі отырған қазақтың ұлы
ақыны, жыршысы, жырауы Жамбыл Жабаев шығармашылығына арналған – «Жүз жыл
жырлаған жүрек» атты әдеби кешке қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Бұл мерекеміз Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «22 қыркүйек – Тілдер мерекесі
күні болып аталып өтілсін» деген бастауын қолдап, оқушыларымыздың бойында
ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттырып, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің
мәртебесін көтермекші.
Қазақстан – Отаным,
Қазақ тілі – қазынам.
Қазақ жері – береке,
Ырыс, бірлік кені екен.
Бұзылмасын тыныштық,
Бейбіт өмір, береке!
Мемлекеттік гимн
1-жүргізуші
Ана тілі – әр халықтың өзінің төл белгісі. Адам өз ана тілімен бақытты
болады. Өз халқының өткенін, тарихын, салт-дәстүрін білу үшін ана тілін
білу қажет. Өзінің ана тілін сүйген адам өзінің хал-қын сүйеді. Ал өз
халқын сүйген адам, өзге елді де сүйе біледі.
Қазақ тілі,
Ол – менің ана тілім!
Қазақ тілі,
Байсалды баба тілім!
Сол байлықтан,
Аз емес алатыным.
Ал енді сіздерді бүгінгі кеш қонақтарымен таныстырайық. Ана тіліміздің
туын жоғары да нық ұстап жүрген, Жетісудың ақындық өнерін жалғастырушы,
Жамбыл атамыздың ізін басушы, айтыскер ақын, жерлесіміз – Айтақын Бұлғақов
өз шәкірттерімен. Қош келдіңіз, ақын аға!

2-жүргізуші
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының!
Келесі сөзді оқушыларға берейік.
Ән: « Анамның тілі»
Орындайтын:Д.Абайбеков
1-жүргізуші Бүгінгі кеш, өзге кештерден өзгеше, өйткені қазақ «сөз қадірін
- өз қадірім» деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен
көсемдігін, сөзге сыйғызған. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де,
шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет
жоқ. Сондай даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Ж.Жабаев туралы
кішкене тоқталып өтсек.
Жамбыл Жабаев – ақын, жырау, жыршы. Ол 1846 жылдың 28 ақпанында қазіргі
Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Жасынан анасы Ұлданның
ақындық талантын бойыны сіңірген Жамбыл әкесі Жападан:
...Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын...
Батаңды маған бер, әке.
Тіліме менің ер, әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті дер, әке, -деп әкесінен бата сұрапты.
2-жүргізуші
Жамбыл – Сүйінбай Аронұлының шәкірті. Менің пірім – Сүйінбай, сөз
бастаман сыйынбай, -деп ұстаз өсиетіне адал болған.
Сүйінбай Аронұлы Жамбылға:
Түскен жолың даңғыл өмірің айдын болсын,
Домбыра- садақ, өлең -оқ орнымен жұмсай біл,
Шыншыл, әділ бол, көптің ойындағысын тап, сөзін сөйле.
Дүшпаныңа әрқашанда батыл бол,
Әрқашанда адал бол, жөн іске қамал бол,
Жаманға - қашық, жақсыға -асық бол.
Таусылмайтын - дәулет, тозбайтын сәулет берсін.
Сөзің- асыл, ғұмырың -ғасыр болсын,
Береке дарып, бақ қонсын, Әумин» - деп бата берген екен.
Осындай бата алған Жамбыл Жабаев ащы болса да әділдікті, төтелеп тіке
айтуды өзінің осы ұстазынан үйренген, яғни, осы бата оның өмірлік ұстанымы
болған.
1-жүргізуші
Октябрь кезеңіне дейін Жамбылдың айтыстары мен өлеңдері сақталмады,
ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп отырған. Олардың ішіндегі аса танымалдары:
«Менің әкеме», «Шабданға», «Шалтабайға», «Қалиға» т.б.
1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бірге болып,
көтеріліске белсенді қатысады. Ақын өз өлеңдерімен көтеріліске
қатысушыларды патша режиміне қарсы тұруға шақырды. Осы жылдары Жамбыл
«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» атты өлең-жырларын шығарды.
Жамбыл 1917 жылғы қазан төңкерісінен куәгері болып, қазақ халқы өмірінің
барлық жағынан жаңаруын өз көзімен көрді.
1919 жылы Жамбыл Жетісу ақындарының слётына қатысты.
1934 жылы Жамбыл халық өнерпаздарының I республикалық съезіне қатысып,
нағыз халық ақыны екендігін дәлелдейді.
1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігінде өз өнерін көрсетті.
Келесі сөзді оқушыларға берейік.
2-жүргізуші
1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер
бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева
жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл
күндер – зұламат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл
өзінің “Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. 1941 жылы Жамбыл Жабаев
Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
Ж.Жабаев “Ленинградтық өренім”- оқитын 9ә сынып оқушысы Қожабекова Алтынай.
1-жүргізуші. Сол сұрапыл соғыста, Ленинград қаласын жаудан қорғаған ұрыс
кезінде, Жамбылдың суреті басылып, «Ленинградтық өренім» өлеңі орыс тіліне
аударылып, үлкен әріптермен жазылып, плакат болып қала көшелеріне,
тақталарға, қабырғаларға жапсырылып, майданға жеткізілді.
Тұратын ел алуан ұлттан –ұлыстан,
Аман болсын даудан, алыс –жұлыстан.
«Ырыс түбі – ынтымақ »деп жарасып,
Қазақстан болсын жайнап - Гүлстан, -дей отырып, тілі басқа-тілегі бір – 8б
сынып оқушысы В.Колесикова “Ленинградтық өренім” өлеңін орыс тілінде
оқиды.
2-жүргізуші
Соғыс жылдарындағы аса бір қайғылы өлеңі – баласы Алғадай соғыста
ерлікпен қаза болғанда айтқаны. Ақын өз қайғысы арқылы бүкіл ел қайғысын
осы өлең арқылы танытып, жауға деген өшпенділікті күшейтіп, ерлікке
жігерлендіре түсті.
Ж.Жабаев «Алғадай» - оқитын 9ә сынып оқушысы Мұратбеков Темірлан.
1-жүргізуші
Жамбылдың Отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады. Бұл
қатарда оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Замана ағымы» , т.б. ұзақ
жырлары бар.
Жамбыл тек төкпе ақын ғана емес, сонымен бірге тамашы жыршы да күйші
болған. Жамбыл қырғыздың әйгілі «Манас», түрікменнің «Көрұғлы», шығыстың
«Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», т.б. жыр-қиссаларын жатқа білген, сағаттап,
тіпті тәулік бойы талмай жырлайтын болған.
Ән: « » Орындайтын:

2-жүргізуші
Жамбыл шығармащылығында айтыс қомақты бір орын алады. Айтыс – ауыз
әдебиетінде ежелден қалыптасқан жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып
айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Қазір бізге 11б сынып оқушысы Естібаева
Айгерім қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі – айтыс жайлы ағылшын
тілінде түсінік береді.
1-жүргізуші
Жамбылдың сүйікті шығармашылығы – айтыс. Жамбыл өз кезеңінің көптеген
ақындарымен айтысып, біреуінен де жеңілмеген. Олардың ішінде Сарбас,
Досмағамбет, Құлмамбет сияқты атақты айтыскер ақындар бар.
Бүгінгі айтыс өнерінде тыңдаушы жұртқа егеменді еліміздің тынысын еркін
жырлап, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, шынайы өмір мысалдарын тапқырлықпен
суреттеуімен ерешеленіп жүрген жетісулық ақындарымыз: Айтақын Бұлғақов,
Балғынбек Имашев ағаларымызды, Қаныша апайымызды, жас дарын Жандарбек
Бұлғақовты ерекше атап өтуімізге болады.
Бүгінде сөзге, ойға жүйрік, жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен,
ерекше сөз саптауларымен, тосын теңеулерімен, жарасымды әзіл-қалжыңдарымен
танылып жүрген жетісулық ақынымыз Айтақын Бұлғақов ағамызды шәкіртерімен
сахна төріне шақырамыз. Аға сөз кезегі өзіңізде.
2-жүргізуші
Айтыс –халықтың көзі, айтыс – халықтың тілі. Айтысқа суырып салма, сөзге
шешен, қиыннан қиыстырар, білімді, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір
сырлы адам қатыса алады. Міне, «сол ақындарға болмасаңда ұқсап бақ», -деп
Абай данамыз айтқандай осы бір ұлттық өнерге бізде талпыныс жасап жүрген -
9ә сынып оқушылары Алтынай мен Шоқанды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші
Өмірдің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл атамыз 100 жасқа аяқ
басқанда, 1945 жылы 22 маусымда дүниеден өтті. Ұлы ақын денесі өзі өмір
сүрген Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында жерленген. Басына
үлкен кесене тұрғызылып, ауыл ортасында ақынға арналған мұражай бар. Жамбыл
есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын
ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман-
аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың
Жамбылы ретінде құрмет көрстіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»
2-жүргізуші
Қорытынды сөз мектеп директорының орынбасары А.Шоқпароваға беріледі

1-жүргізуші Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Тіл – білім кілті» айлық аясында
өткен қазақтың ұлы ақыны, жыршысы, жырауы Жамбыл Жабаев шығармашылығына
арналған – «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби кешіміз аяқталды.
Тіл – халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп,
құрметтеуіміз қажет. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік.
Алтын бесік – ағайын, жұрт, туғаным,
Дос бөліссе қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс жүзіне Тіл Заңын!
Көріскенше қош, сау болыңыздар!
Ән: «Атамекен»

Республикаға белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов –
«Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби кеш қонағы.

[pic]

Айтақын Бұлғақовқа директордың орынбасары А.С.Шоқпарова: «Жамбыл атамыздай
100 жасқа толыңыз»,- деп төсбелгі қадап, әдеби кешке қатысқанына
алғысын білдірген сәт.

[pic]


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың тақырыбы Жүз жасаған бәйтерек
Жамбыл жабаев өмірі мен шығармашылығы
Ж.жабаев аттандыру
М.мақатаев "есіңе мені алғайсың" әдеби кеші
М.мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-сазды кештің сценарийі
Дүние дүр сілкінді
Мұқағали ақын
Қазақ тілінен жылдық қайталау. сайыс сабағы. 5-сынып
Ж.Жабаев
Бірде жалын,бірде шуақ, бірде сезім..
Пәндер