Файл қосу

"Темір." 9 сынып


№ 6 орта мектебі
мемлекеттік мекеме

[pic]

Тақырыбы: Темір

10 «Б» сыныбы

Өткізген: Мираева С

2010-2011 оқу жыл
Сабақтың тақырыбы: Темір
Сабақтың мақсаты:
• Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін
жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
• Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс-әрекеті: Оқытушы мен оқушы
алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік
қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
• Сабақтың міндеті:
• Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір,
оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
• Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу
қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту,
қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
• Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды
оқулық
• (9 сынып химия ), металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы,
периодтық кесте, суреттер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы,
интерактивті тақта, реактивтер FeCI2, FeCI3, Fe(SO4)3, NaOH,
K3[Fe(CN)6], K4[Fe(CN)6], KNCS

Сабақтың әдісі: Графиктік диктант жүргізу, тест түрлерін пайдалану,
баяндау,
сұрақ жауап, қосымша мәтіндер.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Өтілген тақырыпты тексеру:

Графиктік диктант арқылы тексеріледі: иә -----, жоқ деп оқушылар
график сыза отырып, сұрақтарға жауап береді.

1. Алюминий табиғатта бос күйінде кездеседі.
2. Алюминий екідайлы емес, оксиді -негіздік оксид.
3. Алюминийдің беті берік беттік оксид қабықшасымен қапталынған.
4. Алюминий ұнтағын немесе фольгасын қатты қыздырса, оттегінде көз
қаратпайтын
жалын түзе жанады.
5. Алюминийдің тотығу дәрежесі +3
6. Алюминий гидроксиді еритін негіз.
7. Бокситтің формуласы-AI2O3-nH2O, корундтікі- AI2O3
8. Дюралюминий құймасының құрамына магний кірмейді.
9. Алюминийді алғаш ашқан 1825ж дат физигі Х. Эрстед.

Жауап графигі былай бейнеленеді:

Данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: Темір

Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспар:

Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны;
2. Атом құрлысы (электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық
масса.)
3. Табиғатта таралуы және маңызы;
4. Темірдің ашылу тарихы;
5. Физикалық қасиеттері;
6. Темірдің геохимиялық қасиеттері;
7. Темірдің биологиялық маңызы;
8. Құранда темір туралы; (дін)
9.Темірдің қолданылуы.
10.Бекіту (деңгейлік тапсырмалар,бекіту сұрақтары,тәжірибе,тест)

Темір периодтық жүйеде:
4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.
Физикалық қасиеттері:

• Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар,
• электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін,
• магнитке тартылатын,
• жұмсақ, созылғыш металл.
• Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу t ═1539 С.
• Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты
тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті
күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит
құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.

• Темірдің 7690 С градусқа дейін магниттік қасиеті сақталады.

Темірдің ашылу тарихы:
• Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ
мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның
құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ
Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді
тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде
темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген
терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл
темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста
тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау
құпияда сақталып келді.
Темірдің табиғи минералдары:
• Fe 3O4магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)
• Fe 2O 3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)
• Fe 2O3 · 3H2O лимонит (50% Fe)
• FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fe)
• FeSO4· 7H2O темір купоросы
• Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден
құралған.Курск, Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде
темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың
шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).
Темірдің биологиялық маңызы:
• Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып
табылады,
• оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.
• Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда)
болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның
тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды.
• Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке
қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы,
қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.
• Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге,
тыныс алуға қатысады.

Темірдің химиялық қасиеттері:

[pic]

Темірге сапалық реакциялар:

[pic]
Қызықты тәжірибе «Ауырмайтын операция» жасауға болады.
[pic]

[pic]

Толғаныс.
1.Сәйкестендіру кестесі.
№ формулалар аттары
1. CuSO4 а)темір (III)гидроксиді
2. FeO ә) темір сульфаты
3. FeSO4 б) темір оксиді
4. Fe(OH) 3 в) мыс сульфаты
Толықтыру тестісі.
1. Темір ------- түстес ------- металл.
2. Темір иілімді,------- қасиеті бар,тығыздығы-------,балқу температурасы--
------.
3. Темір қосылыстарында -------тотығу дәрежелерін көрсетеді.
4. Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.
Керекті сөздер: күміс,ақ,магниттелетін,3,87г/см ,1539,+2,+3,шойын,болат.

Деңгейлік тапсырмалар:
» І. «Қанағат»

» Реакцияны аяқта, теңестір.
» Fe+O2 →
» Ca+Cl2 →
» Mg+S →
» 2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық
қысқартылған иондық теңдеуін жаз
» Ba Cl2+ H2SO4 →
» 3. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.
» ІІ. «Талап»
» 1. Ca →CaO→Ca (OH)2 →CaSO4 өзгерістерді жүзеге
асыруға мүмкін болатын
» химиялық реакцияларды жаз.
» 2. 80г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және
ауа көлемін тап.
» Реакцияларды аяқта, теңестір.
» Al (OH)3 → Al2O3+?
» Mg+HCl →Mg Cl2+?
» ІІІ. “Терең ой”
» 30г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ)
оксидімен әрекеттесе алады?
» 1. 2NaAlO2+CO2=Na2CO3+Al2O3 V(CO2)
қ.ж. →?
» 2. 200г 15%-тік натрий хлоридімен күміс
нитраты әрекеттескенде қанша г күміс хлориді
түзіледі.
» NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl↓
» KСlO3 →KCl+O2 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер
жиынтығын тап.

Сәйкестендіру тестісі.
|N |Формуласы |Аттары |
|1. |Fe2O3 |А) сидерит |
|2. |AL2O3 |Ә) ғаныш |
|3. |CaSO4 2H2O |Б)корунд |
|4. |CuSO4 5H2O |В) гематит |
|5. |FeСО3 |Г) тотияйын |

Дұрыс жауабын тап.
1. Өнеркәсіпте темірді оның оксидтерінен қай заттармен тотықсыздандырып
алады ? А)H2 , AL Ә)H2, О2 Б)H2 ,S В)C ,O3 Г) H2 Si
2. Сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттесіп сутегін ығыстыратын металдар.
А)Cu, Fe Ә)Fe, Са Б)Fe, Hg B)Au, Cu Г)Sn, Cu
3. Қай қышқылдармен әрекеттескенде темір енжарланады?
А)Н2SO4 (конц) Ә)HCL Б)H NO3(сұйық) В)H3PO4 Г)H2
SO4(сұйық)
Темір жөнінде мақал-мәтелдер:
• «Темірші – көміршіге үйір»
• «Темірді қызған кезде соқ»
• «Болат қайнауда шынығады
• Батыр майданда шынығады»
• «Алмас пышақ қап түбінде жатпас»
• «Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық»
• «Көптің аузы-темір талқы»
• «Темір кессең қысқа кес,
• Ұзартуың оңай.
• Ағаш кессең ұзын кес,
• Қысқартуың оңай».
• «Болат бүгілмес-морт сынар».
• «Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме».
• «Болған іске болаттай берік бол»Төзімі темірдей- қайратты деген
мағынада.

VI. Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:
Үйге тапсырма:

35-тақырып;
163-168 бет, есеп(168-бет 4,5)
[pic][pic]

Ұқсас жұмыстар
Темір және оның қосылыстары
Өнеркәсіпте алынуы
Әмір темірдің басқыншылық жорықтары
Металдардың адам өміріндегі маңызы жайлы ақпарат
Металдар тарауын қайталау
Темір элементі
«Құмдағы құпия» Б. Баймаханов.
Жалпы химиялық қасиеттері
Металдың коррозиясы
Әмір Темір жорықтарының зардаптары
Пәндер