Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жаңа технология бойынша оқушының оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру
Бастауыш сынып мұғалімі: Жумадилова З.Р
КММ №65 ЖББ ОМ
Тақырыбы: "Жаңа технология бойынша оқушының оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу- зерттеу жұмыстарының маңызы зор. Көптеген зерттеулер оқу танымдық және ғылыми ізденістер жүйесі оқушының көзқарасын кеңейтуде, интелекті дамыту , әлеуметтік психологиялық сипаты мен жеке қасиеттерінің дамуына елеулі әсер ететіні айтылған . Танымдық іс-әрекеттің жоғары деңгейі ғылыми шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады. Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді.
Оқушылардың зерттеу жұмыстары қарапайым бақылаудан басталып, эксперимент жүзінде ұласады. Ал, ғылыми бақылау кезінде оқушы фактілерді іріктеп қана қоймай, оның сапалық жағын іздеп, бақылау мақсатына сәйкестіріп, таңдап алады. Ғылыми бақылау қоршаған әлемнің енжар бейнесі емес, керісінше, мақсатқа бағытталған , ұйымдасқан процесс.
Бақылау нәтижесінде қоршаған орта мен құбылыстар туралы дәл және обьективті ақпарат беріледі.. Ал эксперимент танымдық іс -әрекеттегі бақылау және басқару жағдайында құбылыстың зерттелуін қамтамасыз етеді. Оқу және ғылыми -зерттеу жұмыстары мәселесі бойынша талдау жасай отырып, мынадай ерекшеліктерін анықтадық.
Жаңа технология бойынша оқушының зерттеу әрекетін ұйымдастыруда күтілетін нәтижелер:
* оқушының теориялық білім деңгейін арттырады;
* теориялық білім практикада қолдану дағдыларын бекітеді;
* оқушының өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;
* оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді.
* зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді;
* озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді;
* талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді;
пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын үйретеді;
* оқушының жеке ішкі қабілетін ашады сөйлеу мәдениетін дамытады;
Оқушының пәнде оқытылатын материалдарды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау, сонымен қатар рефераттар жазуды оқушылардың зерттеу жұмысына жатқызуға болады. Сабақтан тыс оқу залдарында, компьютерлік кластарда, үйде орындайтын танымдық тапсырмалары оқулықтар мен құралдарды, ғылыми және мерзімдік басылымдарды пайдаланса, онда ол дербес таңдау жасағаны.
Оқушылардың өз бетімен білім алуын оқу үрдісінің міндетті бір бөлігі ретінде қарауға болады. Ол оқушының өз бетімен білім алуға ұмтылысы , оның нақты бір оқу пәніне деген ерекше ынтасымен байланысты.
Менің сыныбымда мұндай ізденімпаздығымен ерекшеленіп, зерттеу жұмысына икемділік көрсеткен оқушылар саны аз емес. Мысалы: Тиыштық Б, Қамбаров Б, Жетпісбаев Д математика сабағында оқушының танымдық, логикалық және ой - өрісін дамытуға арналған тапсырмаларды қызыға, құлшына орындаса, Ұзақова А, Рустемова Н, Тоқтаров Аслан мазмұны тақырыбына сай, көлемді рефераттар жазғанды ұнатады. Мейірманова Томирис ізденімпаздығымен ерекшеленіп зерттеу жұмысына деген ынтасын көрсетті. Қазіргі кезде осындай тақырып бойынша менің бақылауыммен зерттеу жұмысын жүргізуде.
-6515102857500
2914652959100
Ғылыми жұмыстардың негізгі мақсаты: Нақты өндірістік, ғылыми және басқа міндеттерді шешуге бағытталған мамандық бойынша теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту, кеңейту, сонымен қатар өз бетінше жұмыс дағдысын зерттеу, эксперимент жүргізу. Ғылыми мәтінге оқушының қызығушылық танытуы оның танымдық мазмұны мен тәжірибесіне байланысты. Проблема неғұрлым оқушыға таныс болған сайын мәтін оны қызықтыра түседі.Оқу және ғылыми әдебиеттердегі мәтінмен жұмыс істеу тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады:
* объектінің басқа заттармен байланысын анықтау;
* объектіні тану, сипаттау;
* негізгісін бөліп көрсету;
* өз бетімен теориялар мен теоремаларды негіздеу;
* объектілерді топтау, , жүйелеу;
* белгілі бір тәртіп бойынша жоспар конспект, тезис құрастыру;
* объектіні түрлі жағдайда көре білу;
* схема, диаграмма, сурет, кестелер құрастыру;
* мәтін бойынша сұрақтарды құрастыру;
* ауызша және жазбаша түрде оқығанын баяндау, өзі мысал келтіру;
* сынау, бағалау, өз көзқарасын білдіру;
* стандартты емес тапсырмаларды шешу;
* білімді жаңа жағдайда пайдалану;
Сонымен, оқушылардың оқу- зерттеу жұмыстары- олардың ізденімпаздығын қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі, оқушының жеке тұлғасын жан- жақты жетілдіріп танымдық біліктерін қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz