Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
"Сүйемін туған елімді дархан"
Сүйемін туған елімді дархан...
Қазақстаным мекені -
Ынтымақ пенен достықтың.
Даламды бабам мұра еткен,
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын,
Ауылымды арай, нұр өпкен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алау жүрекпен!
Болат Үсенбаев
Менің елім - егеменді Қазақстан. Қазақстан - әрі жас, әрі қарт атамекен. Қарт болатыны - осы ұлан-байтақ жазира даланы біздің ата-бабамыз ежелден мекен етсе, ал жас болатыны - халқымыз армандаған тәуелсіздік туының желбірегеніне жиырма бір жыл ғана толып отыр.
Атамекен... Осы сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, суық Сібір, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп-өнген жерін атамекенім деп жанындай жақсы көреді. Оған деген сүйіспеншілігін халқымыз қыл қаламмен сурет салып, домбырамен күй шертіп, асқақтата ән сала жеткізіп жатады. Мысалы, ақиық ақынымыз М.Мақатаев поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры - туған елі, өскен жері, Отан тағдыры.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Біздің атамекеніміз Қазақ елі - қазір тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, Семей ядролық сынақ алаңы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды.
Қазақ елі басынан қанша қиыншылық өтсе де мойымады, өткенді ұмытпады, себебі бұл - тарих. <<Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді>> дейді халық. Сол кездегі қайраткерлеріміз жасыған жанар, жаншыл - ған рух, бодандық қамы - ты туралы және еңселері түсіп, бір-бірімен өз тілінде сөйлесе алмай, пұшайман болған адамдар жөнінде ашына жазды. Солардың әрқайсысы өз басын қатерге тіге отырып, елді болашаққа жетеледі.
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген.
Алаш деген елім бар,
Неге екенің білмеймін-
Сол елімді сүйемін!-
деп суреттейді М.Жұмбайұлы сол замандағы ұлтының болмысы мен тұр - мыс-тіршілігі туралы. Ақын әлемде не болып жатқа - нымен шаруасы жоқ, "алдындағы малы - мен", "ескі заңымен" қоңырқай тірші - лік кешіп жатқан халқын сүйіп қана қой - майды, оның ертеңгі болашағының жар - қын болатынына сенеді. Оның сол жарқын болашаққа тезірек жетуі үшін жанын да, қанын да аямайтынын паш етеді.
Атамекен... Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам атамекенсіз болмайды. Атамекенім дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. <<Отаның - алтын бесігің>>, <<Отаны жоқтық - нағыз жоқтық>>,- дейді халқымыз. Біздің Отанымыз - жалғыз, біз ол үшін отқа да түсуге, суға да батуға дайынбыз. Осы тұста белгілі ақынымыз Н.Айтұлының мына өлеңі еріксіз еске түсіп, көзге жас үйіреді:
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.Туған жұртқа тірек болу ерге-сын,Құлдықты енді құдай басқа бермесін.Атаң өлсе, өзің ата боларсың,Ешқашанда Отан өле көрмесін!Әкең өлсе, шешең өлсе жыларсың,Балаң өлсе, бір жығылып тұрарсың.Отан өлсе, опырылып түскенің,Күңіреніп көрге бірге құларсың.Біздің Отан өліп, қайта тірілген,Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген.Опат болған ерлер рухы оянар,Отан деген лебіз шықса тілімнен.Отанменен аспандағы Күн егіз,Екеуінің амандығын тілеңіз.Жас азамат, бұл Отанның қадірін,Отансыз боп көрген біздер білеміз!Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,Бәріне де белді бекем буғанбыз.Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып, XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Ел өз қалауымен Президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы - Астана қаласы, ол күннен-күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Қазақстан жерін ежел - ден қоныс - та - нып ке - ле жатқан ел -- қазақ халқы. Көпте - ген ғасыр - лар бойы ел басқарған да - на бас - шы - лары - мыз, қол - басшы ба - тыр - ла - рымыз кең-бай - тақ жерімізді сырт - тан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы -- ержүрек, дос - тыққа адал, ба - уыр - мал, қонақжай ха - лық. Қазақ халқының осы қасиеттерін ақын Қадыр Мырза Әли өзінше бір әсем жырлаған:
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы - <<Өнер алды - тіл>> дейтін. Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың ұл-қыздары тату-тәтті өмір сүруде. Біз қандас болмасақ та жандаспыз! Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті де ортақ Отанымыз! Отанымызды үлкен бір ақ отау десек, ауылдар - оның уығы, қалалар - керегесі, ал Астана - шаңырағы. Сондықтан бір отаудың ішінде тұратын барлық халық бір-біріне туыс. Олар өз Отанын мақтан етеді, жақсы көреді.
Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз Қазақстан мемлекеті. Жүз отыздан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңдігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтан тұтады!
Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу - ұлы арман. Дүниежүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл - егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінің аумағы жағынан бүкіл әлемде тоғызыншы орын алса, қазақ халқы саны жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді. Тәуелсіздіктің арқасында біз өз саясатымызды еркін жүргізіп, мемлекет мүддесіне орай саяси, халықаралық, экономикалық байланыстарымызды дамыту үстіндеміз. Қазақ жерінің табиғи байлықтары еліміздің әлеуметтік өркендеуіне бастап келеді. Осының бәрі тәуелсіздік тұсында қол жеткен табыстар. Қазақстан Республикасы - көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Жиырма бір жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін-өзі тану, өзінің ежелден қалыптасқан дара тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ елі қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Елiмiзде: <<Қазақстан - менiң Отаным!>>- деп мақтан тұтатын ұлт пен ұлыс жеткiлiктi. Бүгiнде әлемдегi дiни және ұлтаралық қақтығыстарға қарамай қазақ халқы бiр шаңырақтың астында жүздеген ұлтпен ауызбiршiлiкте ғұмыр кешуде.
Қазақстандықтар өздерінің әр түрлілігін мақтан тұтады. Қазақстанда ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа әрқашан адамдар арасындағы достық пен ынтымақты сақтау берілген. Бiрлiгiмiз бен байланысымыздың арқасында көптеген шаралар iс жүзiне асып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмы - сы өзге елдерге үлгi. Осы түсiнiстiктi жалғастырып, тату тiр - лiгiмiздiң арқасында болашақта үлкен табыстарға жететiнiмiзге сенiмiміз мол.
Қазақстан -- көпұлтты, тәуелсіз мемлекет. <<Бұтағы көп ағашқа құс қонар>> деген сөз менің Отаныма арнайы айтылғандай. Қазақстан сияқты тату-тәтті өмір сүрген халқы бар, бай да кең өлкеде тұратынымды мақтан етемін.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы -- тәуелсіз, егеменді, бақыт жолындағы еркін мемлекет. Күн сайын өміріміз жақсарып, жастар жағы жарқын болашаққа зор үмітпен қараймыз. Бізге, жас ұрпаққа, Мұқағали ағамыз:
Сендердікі қоғам, өмір, заман да,
Сен түзеген қалаңменен далаң да.
Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,
Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!-
деп өлеңімен аманат қалдырды. Аманатқа қиянат жасауға болмайды, біз Мұқағалиға: <<Ақын аға, біз - сенің есіміңді жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын ұрпағыңбыз!>> - деп уәде береміз.
Ал Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: <<Қазақстанның болашағы, жастар, сіздердің қолдарыңызда>>,- деген сөзі бізге, жастарға, үлкен жауапкершілік артады.
Менің және менің құрбы-құрдастарымның қосар үлесі -- терең білім алып, мемлекеттік тілді жетік меңгеру. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүниежүзіне асқақтатады.
Өз Ота - ның, өз елің болғанға не жетсін! Сайын да - ла -- атажұрт бабала - рымыз - дың көздің қара - шығын - дай сақтап, най - за - ның ұшы, білектің күшімен қорғағаны - ның арқасын - да бізге жетіп отыр. Ен - де - ше осын - дай алып Отан - ды сүйіп өту - кімге де бол - сын па - рыз әрі қасиетті міндет. Отан - ды сүю оның әрбір та - сын сүюден бас - та - лады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа де - ген ма - хаб - бат Отанға де - ген ма - хаб - батқа ұлас - пақ. Ш. Сариевтей ақын ағамыз:
Қазағым, туып өскен мекенім, Қастерлеп сені мәңгі өтем. Туым да, далам да қазақ жері Жаса мәңгі, қазақ елі, -
деп өз еліне деген сүйіспеншілігін өлеңмен білдірсе, мен осы шығармам арқылы өз еліме,туған жеріме деген сәбилік ыстық, шын сезімімді білдіргім келеді.
Қорыта келгенде, Отаным -- менің мақтанышым, абыройым. Еліміздің ұлан-байтақ жері, бейбітшілік сүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал. Бар әлем біздің жеріміздің кеңдігіне, жер қойнауының байлығына, мекен ететін көпұлтты халқымыздың бірлігіне, қонақжайлығына қызыға да қызғана қарайды. Жеріміздің әсем табиғаты, сылдырлаған мөлдір бұлақтары, тұп-тұнық таза көлдері, сарқыраған өзендері, көк тіреген алып таулары -- мейірбан халқымыздың байлығы. Осындай бай халықтың ұлы жетістіктерге жетуі -- біздің қолымызда!
Қазақ халқы: <<Елдің даңқын ер шығарады, ердің даңқын ел шығарады>>,- деп бекер айтпаған. Елдің елдігін, адамгершілік асыл қасиетін, халқымызды айдай әлемге жар салуда, жас буын, біз де үлес қосайық! Бізге жол сілтеуші жұлдыз -- Елбасымыздың бейбітшілік пен келісімде өмір сүру саясаты. Мен өз Президентіме сенемін! Отанымның жарқын болашағына, жасампаздығына сенемін!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz