Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Түлкі мен тиін. ана тілі 2 сынып



Оралбекова Ардақ Турсынқызы
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

№ 105-1. Күні:
Тақырыбы: Түлкі мен тиін
Мақсаты:
Білімділік: «Түлкі мен тиін» мысалын оқи отырып, өлең мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, рөлге бөлу.
Түрі: аралас сабақ.
Көрекілігі: Түлкі, тиін, қасқыр суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық әзірлік.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Түлкі мен тиін.
ІІІ. Жаңа сабақ:
а) Оқулықпен жұмыс: өлең оқу, жұмбақ шешу.
ә) Түлкі мен тиін туралы білетіндерін «Күн шұғыласына жазу.
б) Сөздік жұмыс:
қиырда-жазықта, айла-әдіс, жайрады-бітті.
в) Автор туралы түсінік.
Асылбеков Әбдірахман  (1.5.1938. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал
ауылы) - ақын. Алматы қаласында мектеп мұғалімі, ас- қызметкер, "Жалын"
баспасының редакторы, Жазушылар одағының әдеби қызметкері, Жазушылар
одағының Жамбыл облысы бойынша хатшысы, "Әділет", "Мәдениет" газеттерінің
бөлім меңгерушісі, "Заң" газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, 2002
жылдан бастап "Көзқарас" газетінің саяси шолушысы. Балаларға арналған
алғашқы өлендер жинағы 1961 жылы шықты. Содан бергі мерзімде 24 жыр кітабы
жарық көрді. 300-ден астам өлең жазған.
г) «Түлкі мен тиін» мысалын оқып беру.
ғ) Мысалды мәнерлеп, рөлге бөліп оқыту.
д) Суретпен жұмыс:
-Суретте нелер бейнеленген?
-Мысалға сүйеніп, тиін мен түлкінің арасында диалог құрастыру.
-Тиіннің жалғыз айласы не екен?
-Тиін мен түлкінің сыртқа бейнесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты айтып
көріңдер.
- Көбіне әрі айлакер, әрі қу ретінде суреттелетін не?
- Түлкі неге осы жолы қасқырға жем болды деп ойлайсыңдар?
ІV. Түсінгендерін сұрау:
а) Дәптермен жұмыс.
ә) Сұрақ-жауап:
- Түлкі тиінге кездескенде не деді?
- Тиін не деп жауап қатты?
- Сол сәтте не болды?
- Қай аңның айласы басым болды?
V. Бекіту.
а) -Түлкіге мінездеме беріңдер.
- Тиінге мінездеме
ә) Мақал-мәтелдермен жұмыс.
VІ. Қорытынды:
1. Үйге тапсырма: «Түлкі мен тиін» мысалын мәнерлеп, рөлге бөліп оқу.
2. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Ана тілі. түлкі мен тиін.(ә.асылбеков) 2-сынып
Ана тілі, 2-сынып. түлкі мен тиін. сабақ жоспары
Қызғалдақ пен қарасора
Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру
Топтың сұрағы
Л дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру
Сұрақ қою қайта сұрақ қою
Құстар Жануарлар Жорғалаушылар топтары
Құмырсқа мен көгершін
Жабайы аңдар жайлы
Пәндер