Бастауыш сыныпта Д. Қасеновтың Найзағай мәтіні бойынша аралас сабақ жоспары

Оралбекова Ардақ Турсынқызы

К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

№106-2.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Д. Қасенов. Найзағай

Мақсаты:

Білімділік : Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру.

Дамытушылық : Сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік : Адамгершілікке, достыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: оқулық, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Түлкі мен тиін» ертегісін рөлге бөліп оқыту. Мазмұндату.

ІІІ. Өткенді пысықтау:

  • Ертегі не туралы?
  • Түлкінің ісін құптайсың ба?
  • Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.

Сергіту сәті.

ІV. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа сабақ:

1. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттығу.

2. Сөздік жұмыс:

- «Жасын» сөзіне мағынасы жуық сөз атау. /найзағай/

- Жаны түршіккен-шошып кеткен, қатты қорыққан.

3. Автор туралы түсінік беру.

4. Мұғалім түсіндірмесі. «Найзағай» мәтінін оқып, таныстыру, талдау.

5. Оқулықпен жұмыс: мәтінді іштей оқыту. Тізбектей оқыту. Рөлге бөліп оқыту.

VІ. Түсінгендерін сұрау:

  • Мәтіннен жаңбыр құйған сәтті тауып оқыңдар.
  • Найзағай жарқылдаған тұсты тауып оқыңдар.
  • Әңгімеден жаңбырдан кейінгі сәт суреттелген тұсты тауып оқыңдар.
  • Жасыннан қалай қорғану керек екен?
  • «Адасқан сөздер» ойыны. Мәтінге сүйеніп орындау.

Жаңбыр жауғанда қара бұлт пайда болды.

аспан шайдай ашылды.

найзағай жарқылдады.

күн күркіреді.

Жаңбыр басылғанда жарқырап күн шықты.

VІІ. Бекіту. «Найзағай» тақырыбына ойша сурет салдыру.

VІІІ. Қорытынды:

1. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, мазмұндау.

2. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта Дүниетану пәні бойынша Қазақ халқының қолөнері тақырыбындағы аралас сабақ жоспары
Киіктің айласы мәтіні бойынша бастауыш сынып сабақ жоспары
Найзағай және Кемпірқосақ тақырыбы бойынша жаңа сабақтың жоспары мен әдістемесі
5-сыныпта жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу бойынша сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған сын есім тақырыбы бойынша аралас сабақ жоспары
Бастауыш сыныптарға арналған Ц дыбысы мен әрпі бойынша аралас сабақ жоспары
6-сыныпта ойын түріндегі аралас сабақ: Гүлдің құрылысы мен өсімдіктердің қоректенуі бойынша әдістемелік тәжірибе
Бастауыш сыныпта сан есімді оқытуның әдістемелік сабақ жоспары
Сын есім: бастауыш сыныпқа арналған аралас сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Д. Қасенов Адалдық - адалдыққа тәрбиелеу мен мәтінмен жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz