Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Алтыбақан ойын-сауық кеші




<<Алтыбақан>> ойын-сауық кешінің сценарийі

(Сахнада құрылған Алтыбақан безендіріліп, халық әндері жіберіліп отырады екпінді би фонында жүргізушілер қыз бен жігіт ортаға шығады.)

Наурызбек: Наурыз тойы жылдың басы келген бізге
Наурыз той құт береке берген бізге.
Наурызың құтты болсын уа, халайық,
Қуаныш алып келген елімізге.

Айгерім: Бүршік боп шешек атты бақтан Наурыз
Құс ән сап , алаулаған ақ таң Наурыз.
Қозы лақ көген басып шуылдатып,
Мал басы егіздетіп жатқан Наурыз.

Наурызбек: Есіктен күліп-күліп көркем Наурыз,
Жарқылдатып келіншектей көктем Наурыз.
Кешегі қар салмағын сілкіп тастап,
Жасарып бара жатыр өлкем Наурыз.

Наурызбек: Бұл мереке ақ пейіл дарыған күн,
Ақтарылар күні бұл сауық әннің.
Ақ тілеулер айтылып,ақ күн туып,
Ақ түйенің қарны жарылған күн.
Шұбырынды болып жүріп ақтабан,
Менің халқым ән мен күйін сақтаған.
Тарықсақта тастамаған думанын,
Жауға шапса, жырмен айтқан ұранын.
Сүйінсе де күйінсе де қазағым,
Бұрайды екен домбыраның құлағын.

Айгерім: Бабамыздан қалған бізге көп мұра,
Көнеру де тозу оған жоқ, сірә.
Алтыбақан серік болған сан ғасыр,
Өнерімнің өскеніне сол куә.

Сәлем достар, Құландымның халқынан,
Жалында жас, құрметті де қартынан.
Сіздер үшін <<алтыбақан >> құрулы,
Аясында ән мен биі халқыған.

Наурызбек: Болама мұндай да бір шалқымасаң,
Әсем ән сыршыл күйге балқымасаң.
Осы үлкен мерекеге тарту етіп,
Біз бүгін құрып қойдық <<алтыбақан>>

Айгерім: Қыз жігіт алға шығып басқармай ма,
Бар қызық сонда ғана басталмай ма.
Келіңдер, құрбыларым орта толсын
Ал, қане, бастап кетер жастар қайда?

(сахнаға қыздар келеді)

Жеңгесі: Келіп қалды қыздар тобы,
Жігіттерің дайынба?


(Сахнаға жігіттердің алдында сөйлеп келеді)

Дархан: Қыздарменен өнер - сайыс
Жігіттерге уайым ба?

Айжан: Арындама асау жігіт , қыз жоқ сенен шошынар.

Жігіт: Жоқ жігіттер абыржымаң,
Қыздар салған салмаққа .
Дәу де болса түскелі тұр,
Алтын балық қармаққа.

Жеңгесі: Бәлесін қарай гөр,
Дәмесінің зорын - ай.

Ұл бала: Мықты болсаң сынап бақты байқаңдар,
Біз емеспіз қыздан қорқып жалтаңдар,
Шық біреуің ән айтуға менімен,
Қыз дегенде қозып кетер арқам бар.

Жеңгесі: Барша жігіт қаймыққанда ішінде,
Сен болдың ғой еркесі мен серкесі.
Сендей аңқау жігіттерді көргенде,
Қыздардың да құрысады желкесі.
(Қыздар күледі)

Қыз: Жігіттер, әншімін деп таспаңдар,
Қыз өнері жетпейді деп саспаңдар,
Белді бекем буған болсаңдар,
Қане, жігіттер мына тойды бастаңдар.
(Жігіттер ән айтып тойды бастап кетеді.)
Жігіт Біздің жігіт той бастауға келгенде,
көрдіңдер ғой ешкімнен де тайынбас.
Қыз өнері үстем бе екен байқайық,
ән кезегі сізге келді қарындас

Қыз : Біздерде қалыспайық жігіттерден, бізде бір ән салып берейік
(қыздардың біреуі ән айтады.)

Жігіт: Жігіттер, қыздар деген сыншы халық,
Жүргені ғой әзілмен шымшып алып
Қанеки алға шықта ақын жігіт,
Жіберші қыздарға бір өлең шығарып
.
Жігіт Қыз емес қыздың аты, қызыл күріш
Келгенде қыз 15- ке ноғай жүріс
Қиырдан қыз көзіме шалынғанда,
Жазылар бойымдағы құрыс - тырыс
Асуын асып келдім қособаның,
деген соң қызы сұлу осы араның
Өзіңді бір көргеннен құлай түсіп,
Көрдің бе қу көңілдің босағанын.

Жеңге Салады сиыр соқпақ шұбырғанда
Ет қалмас қабырғада сыдырғанда
Сұлу деп Еркежанға көп сұқтанба
Табылар одан да сұлу қыдырғанда.

Қыз: Алтыбақан бола ма күнде - күнде
Оза шауып біз қыздар алған жүлде
Өнерпаз жігіттер де жасқанады
Ән салып, би билеуге бізбен бірге
(Светлана Айдана <<Әдемі-ай>>)

Жігіт: Қыздар - ау енді бір ойын ойнасақ қайтеді.

Бәрі: Ойнасақ, ойнайық.

Жігіт: Ойынымның аты <<Соқыр теке>>. Ал біздің жігіттер бастасын.
(Бір жігіт шығарып көзін байлап, тұрған орнында 2,3 рет айналдырады.)

Көзі байланған жігіт: Қараңғыда көзім жоқ-тиіп кетсем сөзім жоқ.
Қайда кеттің қалқа жан, жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас, қала бермек көзім боп.

Қыздар (қашып - жүріп): Соқыр теке соқыр ақ, оң көзіңе топырақ.
Топырағын алайын, тотияйын салайын,
Саған бір ем табайын.
(Түртіп қашады, ұсталғаны соқыр текемен орын ауыстырады. Қыздар әзілдесіп бір жігітке орамал тартып, соның ұсталуына көмектеседі, жігіттер жеңіледі.)

Қыздар: Әй, жігіттер-ай жеңіліп қалдыңдар ғой,айыптарыңды өтеңдер.

Жігіт: Қыздардың жөні келді мақтанатын,
Шетінен пері екен ғой сақтанатын.
Ән жырмен қыздар көңілін ауламасақ,
Күнәдан басқа амал жоқ ақталатын.
Айыбымызға Есеншабай ән салып берсін

Қыз: Жігіттер бәрекелді, тауып кетті,
Айыбын бір әнімен жауып кетті.
Сынайтұғын бір ойын бастайықшы,
Шығатын осылардан болмас епті



Сағынбаева Оңайкүл Қайнарбайқызы
Құланды орта мектебі. Тәрбие жөніндегі орынбасары


Ұқсас жұмыстар
Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамы туралы толық мәлімет беру
Туған күніңмен, балақай!
Таңғажайып алаң ойыны
Қазақ халқы наурызды қалай қарсы алған
Сабақ жабдығы
"көгілдір от" жаңа жылдық кеш
Олжас Сүлейменов Қыз қуу
Шар жинау
Алтыбақан
Алтыбақан туралы
Пәндер