XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері: Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер. 5 сынып 31. 01. 2013ж

Тақырыбы : §34. XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес.

Сабақтың мақсаты: Еліміздің азаттығы жолындағы Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістердің ұлттық тарихи маңызын көрсету.

Дамытушылық: Көтерілістердің себептерін, мақсатын түсіндіре отырып, салыстыра білу, өз пікірлерін дәлелдермен тұжырымдау дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, халқын сүюге баули отырып, патриоттық сезімдерін ұштау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы.

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, топпен жұмыс.

Ұйымдастыру :

Кенесары Қасымұлына мінездеме беріп өтейік:

1. 1802 жылы туған. Абылай ханның немересі.

Жастайынан ат құлағында ойнаған.

Құралайды көзге атқан мерген болған.

Қара қылды қақ жарған әділ болған.

Ерік жігерімен, қажымас қайратымен батыл болған.

Ұйымдастырушылығымен көзге түскен.

2. Сызбаны толықтыр және негізгі себепті белгілеп көрсет.

Кенесары Қасымов көтеріліс себептері. 1) . . 2) 3)

3. Сызбаны толықтыр

Көтерілістің мақсаты

Көтеріліске қатысқан туыстары

Көтеріліске қатысқан батырлар

Жеңілу себебі

4. Мәтіндегі түсіп қалған сөздерді орнына қойып жаз.

1836-1838 жылдары шаруалар көтерілісінің басты себебі - ордасында халық ханның саясатына қарсы көтерілді…. ордасы…. мен Жайық өзендерінің аралығында орналасты. Көтерілісті…. пен……басқарды. Исатай батыр үкімет әскерімен соғыста қаза болды, ал……. көтеріліс күшпен басылғаннан кейін патша тыңшыларының қолынан қаза тапты.

5. Топпен жұмыс. Әр топқа тапсырма беру: І-топ: 1837-1847 жылдардағы күрестің алғы шарттары, мақсаты, сипаты. ІІ-топ: Кенесары Қасымұлы- тұлға, қаһарман батыр, хан, қолбасшы, дипломат, шешен, мемлекет қайраткері. ІІІ-топ: Ұлт-азаттық күрестің барысы, жеңілуі, тарихи маңызы.

Бекіту:

Тест сұрақтары таратылады.

Қорытынды сұрақтар:

1. Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс пен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің ерекшелігін, ортақ белгілерін, сипатын ата.

2. 1836-1838, 1837-1847 жылдар аралығында болған көтерілістердің қамтыған жерлерін картадан тауып, салыстырыңдар.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:

1. Тақырыпты оқып келу.

2. «Аңыз адам» -Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы туралы қызықты деректер жинап келу


Ұқсас жұмыстар
XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстанның ұлт-азаттық көтерілістері: Сырым Датұлы, Исатай-Махамбет және Кенесары бастаған қозғалыстар
1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс: шығу себептері, жүрісі және тарихи маңызы
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс: конференция сабақ материалы
Сабақ №12. ХVIII-XX ғасырлардағы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері (Қазақстан тарихы, 1 курс)
ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ ұлт-азаттық көтерілістері: 1822 ж. жарғы және ірі көтерілістердің салыстырмалы талдауы
1837-1847 жылдардағы Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс: сабақ жоспары мен тарихи талдауы
1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, кезеңдері және тарихи маңызы
Исатай мен Махамбет бастаған 1836-1838 жылдардағы халық азаттық көтерілісі: тарих сабағының оқу-әдістемелік жоспары
8-сынып: Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 ж. ұлт-азаттық көтерілісі - себептері, барысы және жеңілуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz