Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бағдарламаның диалогтық оқыту модуліне рефлективтік есеп
БҚО
Казталов ауданы
Бостандық ауылы, Жаңа қоныс көшесі №4 Үй тел: 87114424790
Ұялы: 8-702-833-37-83
Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ж.С.Жалмуханбетова
Бағдарламаның диалогтық оқыту модуліне рефлективтік есеп
Белгілі педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере
білсек, ол бала сондай бола алады» дейді. Шәкіртке терең білім беріп,оның
жүрегіне адами асыл қасиеттерді үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке
тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, қоршаған ортамен санасуына
ықпал етері сөзсіз.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл
атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог
сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар
олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
(Нұсқаулық 38бет).
Қоғамды адамсыз елестету мүмкін емес. Қоғамға адам қалай керек
болса, адамға да қарым-қатынас сонша деңгейде қажет екені белгілі.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім
алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді
селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни
сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Барнстың
бұл айтқан тұжырымдамасымен толық келісемін, себебі бұл көріністер менің
сабағымда орын алды. (Нұсқаулық 38 бет). Диалогтік әдіс ағылшын тілі
сабағында өте қолайлы әдіс, себебі бізге балалардың ағылшынша сөйлегені
керек. Диалогтік оқыту дегеніміз менің түсінігімде мұғалім мен оқушы,
оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу құралы
болып табылады. Сабақты диалогтік оқытуды пайдалану оқушылардың
қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың білім деңгейінің өсуіне
үлес қосатыны сөзсіз. Қоғамдық пәндерде бұл әдістің жоғары деңгейде жүзеге
асатыны белгілі. Соның ішінде ағылшын тілі сабағында диалог әр сабақта
кездесіп отырады.
Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың
бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және
осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды.
Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де)
келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000)
сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең
құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру
арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да
анықтай алады. Диалог репликалардан құралады, оның бәрі –сөйлеуге уәж
жасайтыны, екіншісі-жауап ретіндегі реакция-реплика. Диалогта ой ауысып
отыратыны белгілі, сондықтан әңгімелесушілер –бір-бірімен ақпарат ауысып
отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты
әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді
т.б.) Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта
кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына
баса мән беріледі.
Онлайн кезеңіңде өткізген сабақтарымда «диалогтық оқытуда
оқушыларымның сабаққа деген ынтасы қалай болар екен, бір нәтижеге қол
жеткізе аламын ба?» деген сұрақтар төңірегінде ойланып, сабақтарыма бар
ынта жігермен кірістім.
Сондықтан зерттеу жұмысым барысында 5 сыныпта өткізілген әрбір
сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөліп отырдым. Төменгі
сынып болғандықтан, қарым-қатынасқа түсуге, сабақ үстінде сұрақ-жауап алу,
өз ойларын ашық айтқызу қиындық туғызды. Диалогтік әдістің
тиімділігін мектептегі тәжірибе кезінде 5 сыныбында өткізілген
сабақтарымнан көрдім. Диалогтік оқытудаға мақсатым:
- Оқушылардың сөздік қорын молайту;
- Өз ойын ашық, анық айтуға төсілдіру;
- Қарым-қатынас жасай білу;
Күтілетін нәтиже:
1) Оқушы өз ойын ашық айта алады;
2) Шығармашылық қабілеттері өседі;
3) Сөздік қоры баийды;
4) Өз қабілеттерін одан әрі ұштайды
Қалай жүзеге асырдым? Сабақ барысында диалогтік оқытуды жүзеге асыру
мақсатында әр түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды қолдандым.
Алғашқы күнгі сабағымнан бастап сабақ уақытында жаңа сабақты
сұрақтар қойдырту арқылы меңгерттім. Мысалы, оқушыларға тіл тосқауылын жеңу
мақсатында сұрақ-жауап қойылды. Мысалы: What is your name? Where are you
from? How old are you? Оқушылар бұл сұраққа My name is Saulet. I am from
Bostandik. I am 10 нақты жауап берді. Бірінші сабағым болғандықтан,
оқушылар әлі де болса, түсіндіру жұмыстарын, практика жүзінде жиірек
қолдану сәттерін қажет етті. How many stamps have you got? сабағымда
оқушылар жұппен жұмыс беріледі. Диалогты оқып, қазақшаға аудару. Мыс:
- How many coins have you got?
- Seventy
- Has Anar got any stamps?
- No, she has not.
- Has she got any shells?
- Yes, she has got.
Мұнда оқушылардың ойлары жинақталған, мәнді сұрақтар қоюмен көзге түсті.
Have you got a camera? Сабағымда оқушыларда can, have, has етістіктерін
қолданып жұпта диалог құрастыру берілді.
Мысалы, Can you swim? – Yes, I can swim. And you? No, I can not swim. I can
write. I can read.
Togzhan: Have you got a bike?
Torezhan: No, I haven’t
Have you got a camera?
Togzhan: Yes, I have.
- Have you got a camera? Yes, I have got a camera. Etc.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі
сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және
де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте
алады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан
өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болатыны
белгілі. (Нұсқаулық, 40 б) Осы сабағымда оқушының білім алуын қолдау үшін
сұрақ қоюдың сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты техникаларын
пайдаландым. Грамматикалық ережені қайталауда Шерханға сынақтан өткізу
сұрағы қойылды. Мысалы: Екеуінің айрмашылы неде айта аласын ба? Менің
ойымша, оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде электрондық
оқулықтардағы дайын диалогтарды тыңдау, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін
мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру-әдістері де көп көмегін
тигізеді. Мектептегі интерактивтік тақтаның көмегімен электрондық
оқулықтағы диалогтарды өз сабағымда жиі пайдаланамын. Диалогпен жұмыс үйде
де жалғасын тауып отырады. Оқушылар жұптасып сабақтағы өткен жаңа сөздерді
қатыстырып 2 минуттық диалог құрастырып әкеледі. Диалогтар міндетті түрде
жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар
беріп отырамын. Электрондық оқулықтағы мысалды аударуда Ерхан кішкене
қиналды, осы жерде оқушылар арасында қайта бағыттау сұрақтары арқылы басқа
оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» т.б.
Сұрақ қою арқылы мен:
• оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырамын;
• оқушылардың шынайы қызығушылығы анықтаймын;
• оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етемін;
• оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектесемін;
• оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етемін;
• әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек
беремін;
Ағылшын тілі сабағымда да оқушылар постермен жұмыстанды. Оның тиімді
жағы оқушы қиялын ұштастыра түседі, идеясын оқулық мәтінімен біріктіре
отырып қорғайды. Презентация барысында басқа топ мүшелерінен сұрақтар
қойылады, пікірлері білдіріледі т.б
Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас
жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта
жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп
тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері
де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000)
сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең
құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру
арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да
анықтай алады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім
алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар деп
қарастырған. (Нұсқаулық 39 бет)
Өзімнің Whose T-shirt is this? сабағымда топтық әңгімені жүзеге асырдым.
Топтық жұмыс ішіндегі тығыз қарым-қатынас оқушыларды бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығара, тығыз байланыста жұмыстануға жеткізді. Сабақ барысында
оқушылардың достығы нығайып, сабаққа деген жаңа көзқарастары қалыптасып,
жаңа, тың идеялармен танысып, білімдерін жетілдіріп, жан-жақты дамуына
мүмкіндік алды.
Нәтижесінде менің қол жеткізген жетістігім - оқушы:
➢ Жан-жақты
➢ Тілдік қоры бай
➢ Өзіне сенімді
➢ Тобының жанашыры
➢ Өз ойын анық та, ашық айта алатын
➢ Өз көзқарасын тұрақты ұстай алатын тұлғаға айналады.
Диалогтік әдіс, сұраққа жауап алу, өз ойларын білдіретін тапсырмалар
сабақ үстінде керек. Мұндай тапсырмалар әр оқушыдан шығармашылық тұлға
қалыптастыруда көмекші құрал болатыны сөзсіз. Сондықтан өзімнің диалогтың
әңгіме дебат және зерттеушілік әңгімені тәжірибемде болашақта жиі пайдалану
ойымда.
What’s this? сабағымда жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту
кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін
диалогтік әдісті қолданғаным дұрыс деп ойлаймын. Себебі осының бәрін
әңгіме түрінде іске асырып отырдым. Әңгімелесе білу диалогтік тілді
үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады, себебі сабақтың
соңында ой бөліскенде барлық бала ағылшынша сөйлеуге талпынды, сөйлей
алмайтындарды жақсы сөйлейтіндер ағылшынша әңгімелесуге талпындырды.
Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды.
Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар
оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар
оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.
Жалпы сабақта диалогті пайдалану өте пайдалы, оқушылардың сөйлеу
мәдениетін, бір бірімен тіл табыса білуін қалыптастырады. Оқушылардың
сөздік қорларын дамытып, оларды өз ойын анық жеткізе
білуге,мәнерлі,мағыналы сөйлей білуге үйрету үшін сабақ үрдісінде
диалогтық әдістің тиімділігін өз көзіммен байқадым. Келесі оқу жылында
диалог, сұрақ жауап сияқты әдістерді әр сабағымда қолданып, тапсырманы
күрделендіріп беремін. Тек қана екі үш оқушыны қатыстырып қана қоймай
барлық сынып бірдей жұмыс жасайтындай етіп тапсырмаларды дайындауым керек
екен.
Жоғарыда аталып кеткен ғалымдардың пікірі бойынша оқушыны сөйлету,
диалогқа түсіру үшін сұрақтар қою, тапсырмалар беру кезінде болады
дегендей, осы топтасып жұмыстанғанның өзі оқушыларды сөйлету, өз ойларын
еркін қорғауға, дәлелдеуге тиімді екенін көре бастадым. Болашақта осы
диалогтық әдісті үнемі қолданып отырамын.
Пайдаланылған әдебиеттер
Мұғалімге арналған нұсқаулық, ресурстар.
www.cpm.kz
Ағылшын тілі 5 сынып, Аяпова
Alexander, R., (2004). Towards dialogic teaching: rethinking classroom
talk. [Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну.]
Cambridge: Dialogos UK.
Barnes, D., (1971). Language and Learning in the Classroom. [Сыныптағы тіл
және білім беру.]
Journal of Curriculum Studies, 3(1), 27–38.
Barnes, D., (1976). From communication to curriculum. [Сұхбаттасудан білім
беру бағдарламасына дейін.] Harmondsworth: Penguin.
Galton, M. & Hargreaves, L., (2002). Transfer from the Primary School: 20
Years On. [Бастауыш мектептен көшу: 20 жылдан кейін.] London: Routledge.
Mercer, N., (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst
teachers and learners. [Же-текшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар
арасындағы әңгімелер.] Clevedon: Multilingual Matters.
Mercer, N., (2000). Words and Minds: how we use language to think together.
[Сөздер мен сана: бірлесіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз?] London:
Routledge.Mercer, N., and Hodgkinson, S., (2008). Exploring talk in school:
inspired by the work of Douglas Barnes. London: Sage.
Mercer, N. and Littleton, K., (2007). Dialogue and the development of
thinking. A sociocultural approach. [Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік
мәдени тәсіл.] NY: Routledge.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz