Жыр мұхитының жүрдек кемесі. поэзия кеші

Амангелді орта мектебі
поэзия кеші
Дайындаған: Жұмағалиева А
Мақсаты:
Ақиық ақын М. Шахановтың өмірімен өзектес
жырларының құдіретін сезіну, өміршеңдігін, адам
тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын таныту, үлгі
алу;
Ұлттық қазынаға, талантты тұлғаларға құрметпен
қарауға, арлылық пен инабаттылық кішіпейілділік
пен адалдық сезімдерін сезіне отырып, бойға
сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ақын суреті, шығармалары, М. Шаханов туралы лебіздер жазылған плакаттар.
Түрі: поэзия кеші
Өтілу барысы:
- жүргізуші:
О, сұлу поэзия, сазды әуен!
Кескіні мен келісімі жымдасқан айнымас асыл жүректі дір еткізерлік жауһар жырды көксемейтін жан бар ма?! Тәңірі ерек дарын сыйлаған арқалы ақындар қай ғасырда да өз заманымен бірге жасап, өсіп, өнеді, өрлейді, өршіл рухтағы қанатты жырларын үздіксіз тудырады! . . .
Уақыт мынау алас ұрған
Қай мінезін басым етті?!
Егер адам баласынан
Екі ұлы қасиетті,
Екі ұлы шапағатты -
Достық мене махабатты
Шегерсек не болмақшы?!
Күрт өзгеріп заман тіптен,
Бар тіршілік басып ессіз тайраңға
Сол сәтінде - ақ адам біткен
Айналмай - ма хайуанға?!
Дүниенің күлін көкке
Ұшыратын бұл індетке,
Аз ба жерде қарсы тұрар игі істер
Тек қарнымен тыныстайтын,
Достасуға тырыспайтын,
Жұрттың бәрі қылмыскер., - деп жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарының басында поэзия патшалығына өз даусы, өз болмысы, өз соқпағы, өз үнімен дарабоз арғымақтай екпіндете енген ақын - М. Шаханов. Жырқұмар оқырманның сүйіспеншілігіне бөленгелі қа - ша - ан?!
Ал бүгінгі Шаханов ше?
2-жүргізуші.
Асқақ ұстап жастық туын,
Алпыс таудан астық бүгін,
Алла білер, алдымызда енді қанша қалды тау,
Барлық батыл ойларыңның алды-күрес, арты-дау.
Кейде албырт Батырлық та Тасырлықпен кетпекке
Оймен, мұңмен көз тастайды Рух атты мектепке.
Ол мектептің түсі жадау, терезесі қираған,
Ішінде даңқ сыцғанымен, даңқы байлық жимаған.
Содан оған жұрттың көбі құлақты емес баруға
Шу менен Бу дес бермейді мектеп партын тануға.
Сол мектептің ұстазы едік, нәпсіге бас имеген,
Аңқау, сенгіш адамдығын қайсарлығы сүйреген.
Күллі рухсыз биліктедің парқы, даңқы сұйықтау,
Біз шыққан тау-Шындық тауы. Барлық таудан биік тау. - деп толғанды Т. Әбдікке арналған «Рух мектебіндегі мұң» атты өлеңінде. Осы өлеңнің өзі бұгінгі Шахановтың ақындық, азаматтық тұлғасын танытқандай.
Ақынның өнегелі өмірі туралы дерекке назар аударайық.
Компьютерден тыңдау.
М. Шаханов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы Отырар өңірінде дүниеге келген. Жастай жетімдік көрседе, өзінің өжеттігі, қайсарлығы, қайраттылығы арқасында білім алып, талмай еңбек етіп, ел құрметіне бөленді. 1969 ж. Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Жас талапты ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атаумен 1966 ж. жарық көрді. 1968 ж. «Балладалар», 1970 ж. «Ай туып келеді»,
1974 ж. «Қырандар төбеге қонбайды», 1976 ж. «Сенім патшалығы» атты кітаптары жарық көрді. Ақын өлең дерінде негізінен философиялық ой басым. Махаббатты қорғау, туған жерді құрметтеу, ана тіл құдіреті, Отанды сүю секілді қасиетті сезімдерді жырға қосты.
Қазақ халқының ақтаңдаққа толы тарихы, тағдырдан көрген теперіші мен қиянаты, сергек ақынды қоғам қайраткері етіп шығарды. Тамыры ерте суалып, тартылған қасиетті Арал теңізі мен Балқаш көлінің жағдайын үлкен мінбеден айтып, ел назарын аударды.
1986 жылы жазықсыз жапа шеккен қазақ жас- тарын қара күйеден арашалау үшін еңбек етті. Оның басшылығымен құрылған комиссия тамыры тереңге кеткен, ұлтқа қарсы бағытталған тарихи шындықтың бетін ашты.
«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы болып, ана тілінің тағдыры үшін күресті.
2005 жылы екінші рет инфаркт алып, ақын қатты ауырады. Сол кезде туыстас ел Түркиядан арнайы келіп, жан-жақты дәргерлік тексеру жүргізген Эркан Демирташ бауырымыз ақынға көмек қолын созып, өзі бас болып Стамбұлға ұшақпен алып барып, операция жасады. Сөйтіп ұлтымыздың ұлағатты ұлы опасыз ажалдан аман қалды.
Мұхаң тәуелсіз елдің бүгінгі тарихында да өзіндік із қалдырған, әлемдік оқырманды өзінің ақындық мүмкіндігімен таңқалдырған ақын, халық жазушысы.
І жүргізуші: Кеудесінде асыл тас өлшейтін күйентелі таразыдай биік талғамы бар шын дарынқашанда әр шығармасын әбден сорықтырып, сартап қылып, емешеңді құртып барып ортаға тастайды. Жалпақ әлемге жан дүниесін жайып салу ақын адамның өзге жұмыр басты пенделерден жалғыз - ақ айырмасы осы тәрізді. Бірақ ол дүйім жұртты аузыңа қарату үшін қаншама рухани ерлік керек.
Өнерді өмірлі ететін шындық. Осы бір даусыз қағиданы жүзеге асыру үлкен таланттың өзіне оңай түспейді. Мұхтар Шаханов - бұл үдеден шыға білген ақын.
Мұхтар өнернамасындағы кең дүниеге кеудесін көлегейлемей сөйлейтін азаматтық, батылдықты, азамат болмысының өрелеі де өркениеті сипаттарын тапжылтпай танитын суреткерлікті, өжеттік пен өткірлікті тамыршыдай дәл айырған заманымыздың заңғар жазушысы Ш. Айтматов үзеңгілес келе жатқан інісі туралы былай деп толғанады: «Менің өмірімде екі Мұхтар болды. Оның бірі - әкемдей қамқор пейілді ұстазым, ұлы жазушы М. Әуезов те, екіншісі - азамат ақын, көп жылдан бері сырласым іні досым - М. Шаханов. Менің түсінігімше ол - кең ауқымды, ізденгіш, ойшыл, Шығыстың даналағы мен Батыстың ұшқыр дүниетанымын бір арнада шебер тоғыстырған Азия құрлығындағы аса ірі ақындардың бірі. Мұхтар - қазақ халқының қиын шақта жел өтінде ұстаған, ел ішінде ұлттық батыр қатарында мойындалған қайсар қанат перзенттерінің бірі».
Ақын өзінің үмітпен қойылған есімі туралы былай деді.
«Мені неге Мұхтар қойған?» (Гүлнұр)
ІІ жүргізуші:
Мұхтар ақын бейбіт күнгі өмірді май тоңғысыз жаймашуақ, мамырайқан тірлік деп ұқпайды. Азаматтық ерліктің соқтықпалы сындарынан өтіп келген ақын адамдардан ел бірлігін, ірілікті, рухани тұтастықты талап етеді. Сондықтан да оның аузынан шыққан сөз бір адамның ғана емес, бүкіл бір ұрпақтың, бір тұстағы бүкіл бір халықтың жан сырындай жалынды естіледі.
«Төрт ана» өлеңі оқылады. (Аяжан)
І жүргізуші: 1999 ж ЮНЕСКО өзінің арнайы шешімімен Париждегі штаб - пәтерінде : Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» поэтикалық романының тұсаукесерін, сонымен қатар, 2002 жылы «Жібек жолы бойындағы ғылым және руханият» халықаралық конференциясының шеңберінде «Жазагер жады космоформуласы» романында көтерілген проблемалар төңірегінде дөңгелек үстел өткізген болатын.
Бұл басқосуға қатысқандар бірнеше тілге аударылған аталмыш шығармаларды әлемдік поэзияның ең озық туындылары қатарында атады. Ақынның «Өркениеттің адасу» атты романында көтерілген мәселе - әлемдік ақпарат тасқынының, техникалық жедел дамудың, кәсіптік мамандардың тар шеңберде біржақты даярлануы себебінен, әсіресе, адами құндылықтардың ескерілмеуінен қоғамда компьютер басты жарты адамдардың күрт өсіп кетуі, ғасырымыздағы кезек күттірмес үлкен түйткілдерге айналды. Рухсыз білімнің зияндығы, яғни соңғы кездері деңгейде белең алған ар - намыс, ұлт, әділеттілік, қайырымдылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау сияқты қасиеттерге жеткілікті көңіл бөлінбеу адамзатты тұңғиыққа тіреді. Әлемдегі жақсылық та, жамандық та алдымен ақынның нәзік жүрегіне әсер етеді. «Өркениеттің адасуы» атты поэтикалық роман ақынның осындай жан тебіренісінен туган.
Компьютер арқылы тыңдау.
Майданда қорқақтық қандай рухани опасыздық болса, заманның тыныш кезеңінде қаулап шығатын ұсақ мінез, күйкі құлақ, субетіне төгілген жермайдай тұрлаусыз құбылғыштық та тап сондай опасыздық болып табылмақшы. Ақын, әсіресе, махаббаттағы бойкүйездікт, сатқындықты өлтіре әшкерелеп, уытты жырларын аямай төгіп келеді.
Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз
Сенім өмер сүре ала ма мұратсыз?
Жүрегінде ерлігі жоқ адамны
Барлығыды махаббатқа тұрақсыз . . . деп жырлаған ақынның «Ғашықтық ғаламаты» өлеңін тыңдайық . . .
Ән: «Кешікпей келем деп ең»
Сөзі: М. Шаханов. Әні: Ш. Қалдаяқов.
1-жүргізуші: Қазақтың ұлы ақыны М. Жұмабаев «Ұлттың тілі кеми бастауы оның құри бастауын көрсатеді» деп отызыншы жылдары батыл айтып еді. Тіл - күретамыр. Тіл мәселесі - ұлттың бүгіні мен болашағы. Тіл туралы 10 жылда 3 заң қабылданып, оның орындалуы көңіл көншітпейтін, басынан даудамай кетпеген тіл тарихта бар-жоғын біле алмадым. Жауына шамырқанса тауды бұзатын батыр мінезді халқымыздың, бүгінгі тәуелсіз еліміздің дербес ойлы ұрпағы не дейді екен? Тыңдап көрелік.
«Ұрпақ үні» трибунасы. Оқушы. Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты- ұлттық тіл. Тілді айырбастауға боладв Бірақ онда ұлтыңнан, ұлттылығыңнан айырыласың, бұл кеңестік шовинистік идеялогиялық «ұтымды» көзірі болады. Олар кірісті. Ресейдің өзінен басқа республикалардың ана тіліне шабуыл жасады. Мысал келтірсем, Тәжіктің бір белгілі адамы «Душанбеде балаларымызға тәжәк тілін үйрету проблемаға айналды. 1987 жылы Ленинабадтағы отыз тоғыз балалар бақшасының үшеуі ғана тәжік тілінде тәрбие беретін де, қалғаны түгелдей орыс бесігіне көшкен екен» деп жазған екен. Ал Алматыда алпысыншы жылдардың басында бір де бір қазақ балалар бақшасы болмайтын. Бірінші рет оны өз аяғымен жүріп С. Мұқанов аштырған еді. Молдавндвр ұлтжанды халықтың бірі. Сондай намысшыл елдің оннан тоғызы ана тілін білмейді. 40 - шы жылы Кишиневте 33 молдаван мектебі болса, 20 - 30 жылдың ішінде оның жетеуі қалыпты. Алматыда олда болмайтын. Көз бояу үшін малшылардың балаларына деп ашып үш - төрт интернат болатын.
Тарихқа үңіліп, сыр тартсаң түрлі ащы шындықты термелеп айтуға болар еді. Қысқаша айтқанда, орыстану әріден ойланылған, шебер ұйымдастырылған империалық, отаршылдық саясат. Темір бұғауды үзіп шыққан намыс жастардың батыл әрекеті болмағанда тәуелсіздіктің ақ таңы атар ма еді деп ойлаймын. Тәуелсіздікпен бірге қуаныш, азаттық қарлығашындай
болып тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Бөркімізді аспанға атып қуандық. «Тіл туралы Заң» қабылданды. Ойлап отырсам, жетістігімізде бар екен, өзіміздің жігерсіздігімізден, өзінен бұрын өзгенің көңілін табуға дайын тұратын көңілшектігімізден тапқан тілімізге қолдан жасалған тосқауыл бар.
Оны атап айтсам:
Мемлекеттік Әнұранның басқа тілде аударылуы. Әнұран басқа тілге аударылмауы керек. Басқа ұлт өкілдерінің тілі келсін - келмесін тек қазақ тілінде шырқалсын. Үйренсін. Өзбекстанда солай, орыс, қазақ, тағы басқа ұлт өкілдері өзбекшелеп: «Серкуаш» деп тұрғаны. Дүкен мекеме аттары, басқа да жарнамалар қазақ тілінде жазылуы тиіс. Маңдайшаларына екі тілде жазылған мекемені тапқан өзге ұлт өкілі орысшасын оқиды да қазақшасына мәнде бермейді. Егер мекеме аты қазақша жазылса, еріксіз оқып, еріксіз түсінетін болар еді. Ана тілімізге сиам егізіндей жабысқан ресми тілді алып тастау қажет деп ойлаймын. Іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілуі тиіс.
2 - оқушы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz