Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

"бастауышым-бастамам" ертеңгілік



Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен
қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың
ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген
құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.

1.Мектеп есігін алғаш рет ашқан күннен бастап біз үшін мектеп өмірі
басталды.Сабаққа қатысу,үзіліске шығу,мек теп асханасынан
тамақтану,күнделік толтыру,үй тапсырмасын орындау,мектепке көмектесу,түрлі
мерекелерге қатысу-міне осының бәрі мектеп өмірі.
Әр адам өзінің алғашқы мұғалімімін үнемі құрметпен есте тұтады.Ең алғаш
сенің алдыңнан ең қиын, ең жұмбақ дүние-білім есігін ашатын алғашқы
ұстазың.Менің алғашқы ұстазымның есімі -Әкімбекова Назгүл Төлеуқызы.Олай
болса алғашқы ұстазымызды қошеметпен ортаға шақырайық

2.Мен де ұстазымды құрметтеп.Мен үшін мектеп –екінші үйім,ал ұстазым-екінші
анам болып саналады.Ұстаз сені ең алдымен мейірімді, тәртіпті болуға
жетелейді.Саған әріп тануға, жазуға, оқуға үйретеді.Сондықтан «Мектеп
жолы»ең басты жол деп ойлаймын.
2008жылдың қыркүйегінде ата-анамыз бізді жетелеп,мектеп босағасын
аттатып,алғашқы ұстазым -Назгүл Төлеуқызына тапсырды.Содан бері сағымдай 4
жыл өте шығып, алғашқы ұстазымызбен,бастауыш сыныппен қоштасқалы тұрмыз.
Алғашқы ұстазымызға арнап Жұмажанов Асылжанның орындауында
«Алғашқы ұстазым» әнін қабыл алыңыздар

Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,
осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз
білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып
бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр «Бастауышым-бастамам»атты мерекені
бастауға рұқсат етіңіздер!
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді
Әр оқушыны жеке атап шақыру.(фотолары шығады)
Ақылменен толтырып саналарын
Таудай боп өсті міне балаларың,
Шуағын бар әлемнің сыйлайтұғын
Тойларың құтты болсын ата-аналар!
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын
6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп
табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз
тойлары , «Әдепті бала» , «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы»,
«Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны»,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі
тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық
сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
-Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені,
биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық
шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із
қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі
отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен
сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Жалғас :
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Аяулым:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Әлихан:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Балауса:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Жанайым
Асылжан : Дұрыс айтасыңдар ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған
десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен
тәлім алудамын.
Балауса: Олай болса Асылжан алтын ұя мектебімізге арнап
Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін Арайлымның орындауында қабыл
алыңыздар!
Ән: Мектебім.
Слайд: «Мектептегі мерекелер» көрсетіліп жатады
Нұрсәт : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше
сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
1 Әділ :
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2 Тоғжан
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
3. Нұрхат
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Би «Турецкий»
Аяулым « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз
айтқандай ,ұстазымызға мың алғыс ,алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен
солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен
сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың
ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едіңдер?
Жалғас :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен
мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз
бекер айтпаған.
Нұрсәт:Дұрыс айтасың Жалғас,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да ,
тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті
шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Асылжан : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да,
данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз
өсіреді»деген екен
- Сен қалай ойлайсың, Балауса? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола
алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-
келген адамға қона бермейді. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін
айтылмаса керек.
Балауса : Асылжан, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын
қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі
маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз
жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре
білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?
Асылжан:Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Мұғалімім әні (хор)
3Аяулым:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
4.Жалғас:
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
5.Индира:
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

6.Әлихан:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
7. Жарас:
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Ән «Ұстазым» Нұрсәт Аяулым Балауса
8.Диана:
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
9.Нұрсәт
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
10.Жалғас: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді
зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Әлихан: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш
мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Балауса : Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз
сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Аяулым: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
Арайлым:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз
Жалғас:
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Кезекпен
1 Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма? Асылжан
2 Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? Балауса
3 Бастауышта алған білім, жырларым, Жалғас
4 Азық болар , мәңгі талай жылдарға. Аяулым
Бәрі
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Ән «Сыныптакстар құрдастар»
Әлихан :
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Нұрсәт:
Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих,
биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі,
математика,дүниетану, орыс тілі,ағылшын пәндерін зер салып оқып үйрендік.
Ән «Әрқашан күн сөнбессін!» 3тілде
Әлихан: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің
ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк
болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Нұрсәт:
Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау
Би «Қуыршақ»
Балауса :Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы
азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды
Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда
ардақты анамыздың ақ сүтінұстаз еңбегін ақтай білейік!
Асылжан мен Аяулым «Анашым» әнін орындайды
Асылжан: Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы
орындалды деген осы емес пе?
Жанайым:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Біз нені үйрендік?
Оқуды,жазуды есеп шығарып,ән айтуды, би билеуді.Үлкенді сыйлауды,кішіге
қамқор болуды.
Біз нені сүйеміз?
Отанды, ата-ананы,халқымызды,достарымызды, табиғатты,
ұстаздарымызды,мектебімізді.
Біз нені ажырата аламыз?
Жақсылық пен жамандықты,ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.
Бізді болашаққа не бастайды?
Ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы,болашаққа деген сенім.
Біз кім боламыз?
Адал азамат, ақылды ару,оқымысты ғалым,елін сүйген ер.
Оқушылардың ант қабылдауы:
Асылжан
Ұстаздарымыздың еңбегін ақтап,тәрбиелі, білімді, сабағымызды өте жақсы
оқып, биіктен көрінеміздеп ант етеміз!
Ұлдар биі

Балауса
Ұмытпаймын жаныма
Білім нәрін еккенің,
Қош,қымбатты ұстазым,
Қош бастауыш мектебім хормен
Күй орындау
Әзіл айту
Испан биі
Әділ:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға
береміз!
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Мектеп директорының құттықтау сөзі
Марапаттау рәсімі

Қорытынды сөз
Жақсы шәкірт Азамат атанады.
Халқынан , ата-анадан бата аладаы.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырамыз ата- ананы.
Сөз кезегі құрметті ата-аналар атынан-
Тілетай ағаға беріледі.
Осымен «Бастауышым-бастамам»атты ертеңгілігіміз аяқталды


Ұқсас жұмыстар
Бастауышым-балбұлағым. бастауышпен қоштасу кеші сценарий
Ұстаз ана жасады мына бізден
Мұнда біз мектепте бастауыш сынып оқушылар саны
ХОР ұстазым
Бастауышым - балбұлағым туралы ақпарат
Бастауышпен қоштасу туралы ақпарат
Бастауышпен қоштасу жайлы
Тақырып - Бастауышым - балбұлағым
Қош бол, сүйікті бастауышым
Бастауышым - балбұлағым
Пәндер