Жазбаша көбейту және бөлу: жарыс түріндегі сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы : Жазбаша көбейту және бөлу.

Мақсаты: 1. Жазбаша көбейту және бөлуден алған білімдерін бекіту, тиянақтау.

2. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

3. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тарауынан алған білім-икемділіктерін іске асыра білуге дағдыландыру.

Типі: Білімді бекіту.

Әдісі: Топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Ақпараттық құралдар.

Барысы: І. Ұйымдастыру.

а) Сабақты ертеңгілікпен бастау.

Мұғалім: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз

Қайырлы күн, балалар.

Қайырлы күн, қонақтар.

Балалар: Күндей жадырап

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

- Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың түрі жарыс сабақ . Біз 3 топқа бөлініп өз білімдерімізбен жарысқа түсеміз, жеңіске жетуге тырысамыз .

І топ «Ойшылдар », ІІ топ «Дарындылар », ІІІ топ «Жас ғалымдар».

Мақсаты : Әр жеке оқушыларға сабаққа жауап берулеріне байланысты жұлдызшалар беріліп отырады . Сол бойынша жеке оқушылар бағаланады. Жеңіске жеткен топ анықталады .

Сабақ 9 кезеңнен тұрады .

1. Бәйге .

2. «Кім зерек ?» ойыны.

3. Сандық субтест .

4. Теңдеу шешу.

5. Артық сан мен артық сөзді тап .

6. Сәйкестендіру тесті .

7. Математикалық домино .

8. Тездет, бірақ қателеспе !

9. Жұлдыз санау .

І кезең. Бәйге

Мақсаты : Өткенді қайталау, естеріне түсіру .

Математикалық тест тапсырмалары

1) Немересі 8 жаста, ал әжесі одан 10 есе үлкен. Әжесінің жасы нешеде?

а) 8+10 ә) 8 х 10 б) 10+8

Бүгін бізде қонақта болған достықтың, әдеміліктің белгісі

Ақ көгершіннің құрметіне « Ақ көгершін » әнін орындайық .

Рахмет балалар, сабағымыз аяқталды.

2) Белгісіз санды тап.

8 х Х = 240

а) 232 ә) 248 б) 30

3) Ұзындығы 7см, ені 5см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?

а) 35 см 2 ә) 12 см 2 б) 24 см 2

4) Қандай сан 2, 3 және 7 сандарына

қалдықсыз бөлінеді?

а) 24 ә) 35 б) 42

5) 3 санының кубы нешеге тең?

а) 18 ә) 27 б) 9

6) Бір тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге тең ?

а) 6 ә) 4 б) 12

7) Альбом 60 теңге, кітап одан 4 есе қымбат тұрады. Сатып алуға екеуіне қанша ақша жұмсалады?

а) 280 тг ә) 240 тг б) 300 тг

8) 59 : 8 = 7 бөліндісінде қанша қалдық қалады?

а) 3 ә) 4 б) 1

9) Қай мысалды көбейтумен алмастыруға болады?

а) 11+21+31 ә) 15+15+15 б) 5+6+5

10) Әлияның 120 теңгесі бар еді. Ол біреуі 50 теңге тұратын 2 қаламсап сатып алды. Әлияның неше теңгесі қалды?

а) 120 -50 +2 ә) 120 -50 х 2 б) (120-50) х 2

Оқулықпен жұмыс № 1 тапсырма (ауызша)

ІІ кезең . Кім зерек ? ойыны

Бұл кезеңде оқулықта № 2 тапсырма орындалады .

ІІІ. Кезең . Сандық субтест

Мақсаты : Бос орындардағы тиісті сандарды табу .

х8 ׃ 3

׃ 9 х3

х2

׃ 5

х7

ІҮ. Кезең . Теңдеу шешу

Оқулықтағы 3 - тапсырма .

3 топтан 3 оқушы орындайды .

Ү. Кезең . Артық сан мен артық сөзді тап .

ҮІ. Кезең . Сәйкестендіру тесті .

Оқулықтағы № 4 тапсырма

А) (10 + 438 ) : 4 114 Ә) (10 + 238 ) - 4 245

(18 + 438) : 4 112 (11 + 238) - 4 244

(26 + 438) : 4 118 (12 + 238) - 4 247

(34 + 438) : 4 116 (13 + 238) - 4 246

ҮІІ. Кезең . Математикалық домино .

Мақсаты : Ойымызды сергіту мақсатында берілген цифрларды көбейту, бөлу амалдары арқылы шешіп жоғалған әріпті табу .

Жоғалған әріптерден әдептілік сөзі шығады . Оқушылардан «Әдептілік» туралы сөздер, мақал - мәтелдер сұрау . Мысалы :

Сіз, біз, саламатсыз ба, сау болыңыз, рахмет, кешіріңіз, т. б

  1. Әдептілік ар ұят, адамдықтың белігісі .
  2. Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені т. б.

ҮІІІ. Кезең. Тездет, бірақ қателеспе .

Мақсаты : математикалық жұмбақ есептерді тез, қателеспей есептеу .

(Жұмбақ есептер үнтаспа арқылы беріледі ) .

ІХ. Кезең . Жұлдыз санау .

Бұл кезеңде оқушылардың жинаған жұлдызшалары арқылы білімдері бағаланады . Жеңіске жеткен топ анықталады .


Ұқсас жұмыстар
4-сынып математика: 62×546 және 33852÷546 түріндегі жазбаша көбейту мен бөлу (жарыс сабақ, Универсиада тақырыбы)
3-сынып математикасы: 120*3 және 360:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу - сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған жарыс сабағы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Сәуір айының сабақ жоспары: жазбаша көбейту мен бөлу, қалдықпен бөлу және пысықтау
Қосындыны санға бөлу: жарыс түріндегі сабақтың әдістемелік жоспары
4-сыныпқа арналған сабақ жоспары: 2217×205 түріндегі үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері
Бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау сабағы
3-сынып математикасы: үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу - сабақ жоспары
4-сынып математика: көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу, қашықтық-уақыт-жылдамдық материалдарын пысықтау сабақ жоспары
7-ге көбейту және бөлу: сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz