Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

"ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалармен жасалған жұмыстар" туралы

Атырау қаласы, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің психологі- Дәметкен Тұяқбайқызы Хамидуллина
Тақырыбы: <<Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалармен жасалған жұмыстар>> туралы
<<Ел межесі елулікке ену болып отырған бүгінгі таңда білім мен тәрбиеде әлемдік бәсекеге сәйкес болу керектігін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев баса айтқаны баршамызға аян.
Жеке тұлғаның қалыптасуына,оның жан-жақты үйлесімді дамуына жағдай туғызу,яғни өмірге бейімделген мәдени тұлғаны тәрбиелеу - біздің міндетіміз. Бүгінгі күнде қоғамдағы әртүрлі өзгерістер мен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етеді. Әсіресе отбасынан тыс қалған,ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер үшін өте қиын.
Кез-келген мемлекетте және кез-келген қоғамда белгілі бір себептермен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар болған және қазір де бар.
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ,соңғы жылдары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды өсуде.Біздің колледжіміздің өзінде 17 студент бар. Оның 10 студенті С.Қазыбаев атындағы №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері болса, 7-інің қамқоршысы бар.Ата-анасының аялы алақанынан ерте айырылған балалардың болашақтағы өмірін дұрыс қалыптастыру мақсатында, оларға педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік көмек беру мақсатында түрлі мемлекеттік мекемелер жұмыс істеп келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17мамырдағы №738 қаулысына сай жасөспірімдер 3 мезгіл ыстық тамақпен, кешкісін қосымша тамақпен,жуынатын заттармен, шәкірақымен, жылына 1 рет
киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.Сонымен қатар <<Бөбек>> қайырымдылық қоры да ақшалай көмек көрсетуде.
Мен осы колледжде психолог қызметін 3-ші жылы атқарып келемін. Жасөспірімдер уақытылы тамақтарын ішіп, дұрыс тамақтануын,жататын бөлмелерін таза ұстауын қадағалап, тәрбиешілерімен тіл табысуына ықпал жасап отырамын.Бос уақыттарын текке өткізбеуі үшін кітапханаға келіп, кітап оқып,сабақтарына дайындалуына мүмкіндік жасаудамыз. Мереке күндері, балалардың туған күндерінде мерекелік дастархан жайылып,кеш ұйымдастыруына көмектесемін.

Туған күн кешінде


Осы уақыт ішінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 11 студент диплом алып,әр салада жұмыс атқарып жатыр. Мысалға Исамбергенова Әйгерім, Тарасов Андрей , Боранқұлов Нұрлан, Келімбетов Данияр,Мукашев Аманжол, Имашев Мереке сынды студенттерімізді атап айтуға болады. Сонымен қатар Боранқұлов Нұрлан Құлсары қаласынан, Тарасов Андрей Махамбет поселкесінен үймен қамтамасыз етілді. Биылғы оқу жылында диплом алғалы отырған Асылбекұлы Сұңғат шетел фирмасында диплом алды іс-тәжірибеден өтуде.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерде қоршаған адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар көп болады, көптеген қателіктер де жібереді. Отбасында тәрбиеленген жасөспірімдерге қарағанда балалар үйінде тәрбиелеген жасөспірімдердің айналамен қарым-қатынастарының күрделілігімен, сана-сезімінің бұзылуымен(қайыр сұрау, ұрлық, т.б.)
мінез-қылығымен ерекшеленеді. <<Сүрінбейтін тұяқ жоқ>> демекші колледжіміздің студенті Ихласов Сансызбай өзгелердің алдауына түсіп, қателік жасап, өз жазасын шартты түрде өтеп шықты.Қазіргі уақытта әскер қатарына қосылып, Отанын қорғауда.Ал Сапаров Бостандық болса,жасаған қателігі үшін жазасын өтеп келіп, өз оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды. Әрине мұндай алға жасалған қадамдары жүрекке үлкен сенім ұялатады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдермен зерттеу, түзету-ағарту жұмыстарын жүргізу өте қиын.Жүргізілген сауалнамаларға, өткізілген тренинг жаттығуларына қатысудан бас тартады. Айтылған әр сөзді ауыр қабылдап,ашуланып та қалады.Өзгелердің алдында өздерін әлсіз етіп көрсеткісі келмейді. Жасөспірімдермен зерттеу жұмыстары, сырттай бақылау жұмыстары арқылы (дәлізде, сабақта) жүргізілді. Қалай десекте, <<Жетімдікті ешкім сұрап алмайды ғой... Жасөспірімдердің білім алып, жақсы маман иесі болып шығуына,тұлға болып қалыптасуына психологиялық тұрғыда үнемі қолдау көрсетуге дайынмын.




Ұқсас жұмыстар
Мектеп ұжымы
Қайырымдылық һәм сәби
Жетім бала
Сынып жетекшінің тәрбие жұмыс жоспары
Ат пен есек
Жомарт жандарға мың алғыс
Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс - құжаттарының түрлері
Қазақ отбасындағы адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Ынтымақты сынып шарасы
«мөлдір» балабақшасындағы психологиялық қызметтің 2014- 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
Пәндер