«қазақ» атауы және қазақ жүздерінің пайда болуы

Қазалы ауданы №91 Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп

І-санатты тарих пәнінің мұғалімі: Жалимбетова Базар Қаршығақызы

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 12. «Қазақ» атауы және қазақ жүздерінің пайда болуы

Сабақтың мақсаты:

  • «Қазақ» сөзінің шығуы мен мағынасы туралы ғалымдардың ой-тұжырымдары мен деректері «Алаш» атауының мағынасы, жүздердің пайда болуы туралы айту.
  • Білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Монғол шапқыншылығының жергілікті халыққа қандай зардаптары тиді?
  • Этносаяси қауымдастық дегеніміз не, оның халық болып қалыптасуға қандай әсері болды?
  • «92 баулы қыпшақ шежіресінен» не білуге болады?
  • Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының атқаратын рөлі қандай?
  • Халық болып қалыптасудың қандай белгілерін білесіңдер?
  • Жүздердің пайда болғандығы туралы аңызда не айтылған?
  • Қазақ халқының қалыптасуы қашан, қалай аяқталды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Қазақ» сөзанің шығу тегі.
  2. «Алаш» атауының мағынасы.
  3. Жүздердің пайда болуы.

«Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы деректерді кесте арқылы түсіндіру. Өйткені «қазақ» сөзінің шығуы туралы көптеген ғалымдардың пікірі бар, осы кестені пайдаланып, оқушыларға тапсырма беріп, пікірлерін білу қажет. Сонымен қатар қосымша деректерден алдын ала шығармашылық тапсырма беруге болады.

Ғалымдар: Ғалымдар
Еңбектері мен пікірлері: Еңбектері мен пікірлері
Ғалымдар: Көптеген ғалымдар
Еңбектері мен пікірлері: «қазақ» сөзінің шығу тегін б. з. д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.
Ғалымдар: Академик Н. Я. мар мен чех ғалымы Б. Грозный. Бұл пікірді академик Ә. Х. Марғұлан, тарихшы Ш. Ақынжанов, жазушы С. Мұқанов, т. б. қолдайды.
Еңбектері мен пікірлері: «қазақ» атауының төркіні «қасақ»» «көсек» сөздері дейді.
Ғалымдар: Академик Ә. Х. Марғұлан
Еңбектері мен пікірлері: Хазарлар арасында қазар-ұғ, берішлік деген екі ірі тайпаның болғанын айтады.
Ғалымдар: А. Н. Бернштам
Еңбектері мен пікірлері: «қазақ» сөзі кас-пи мен сақ тайпасының бірігуінен тайда болған деп тұжырымдайды.
Ғалымдар: Зерттеуші А. Әбдірахманов
Еңбектері мен пікірлері: «қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жазылған: оғ-көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қазоғ (оқ) - қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді.
Ғалымдар: Б. з. д. ІІ ғасырда қытай тарихшысы Бань Гуд
Еңбектері мен пікірлері: «Хан» кітабында ортаазиялық халықтардың ішінде «се» немесе «сай» атты халықтың болғандығын жазған
Ғалымдар: Шығыстанушы ғалым В. В. Григорьев
Еңбектері мен пікірлері: Қытай транскрипциясы бойынша «се» мен «сай» сөздерінің сақтар екендігін дәлелдеген
Ғалымдар: Қытай деректерінде
Еңбектері мен пікірлері: Бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүргенін көрсетеді.
Ғалымдар: Б. з. ІІ ғасыры Жуңғоның тарихи дерегінде
Еңбектері мен пікірлері: Каспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы жазылған
Ғалымдар: А. А. Семенов
Еңбектері мен пікірлері: Арба немесе үймені қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді.
Ғалымдар: XVI ғасырда өмір сүрген ибн Рузбихан
Еңбектері мен пікірлері: «Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес
Ғалымдар: Академик В. В. Радлов
Еңбектері мен пікірлері: «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.
Ғалымдар: А. А. Самойлович, Ш. Құдайбердиев
Еңбектері мен пікірлері: «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады.
Ғалымдар: Ш. Ш. Уалиханов
Еңбектері мен пікірлері: «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.
Ғалымдар: Т. Жанұзақогв
Еңбектері мен пікірлері: «қазақ» сөзінің бірінші бөлігі-«қаз», «қас»- Орал, Алтай, Кавказ, т. б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.
Ғалымдар: Н. Мыңжанұлы
Еңбектері мен пікірлері: Атақты «Алтын тас» кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.
Ғалымдар: М. Х. Дулати
Еңбектері мен пікірлері: Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді.

Жоспардағы үшінші мәселені қарастырғанда, жүз деген сөздің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория екенін жете түсіндіру . Жүз туралы біршама пікірлер бар. Оларды кесте арқылы көрсету.


Ұқсас жұмыстар
Ерте темір дәуірінде көшпелілер өркениетінің қалыптасуы. 10 сынып
Қазақ жүздері туралы
Қазақ халқының қалыптасу негіздері
§1. Ежелгі тас дәуірі
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
ҰБТ - болашаққа жолдама
Моғолстанның құрылуы
Ақша дегеніміз не?
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz