Файл қосу

Қазақ билері

Пән: Тарих

Өткізген: Иманғожина Назгүл Тұрсынғазықызы, Семей қаласындағы «Т. Аманов
атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектебі», 5 «а» сыныбы

Сабақ тақырыбы : Қазақ билері

Мақсаты: Оқушылар қазақ халқының билері (Төле би, Әйтеке би, Қазбек
би) мен Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңы туралы түсінігін тереңдетеді.

|Сабақ міндеттері |Бағалау |
|Оқушылар қазақтың ХVІІ-ХV ғғ атақты |1. «Құрастырылған хат», «Бір-біріне |
|билерінің ел, жер, ынтымақ туралы |сұрақ қою», «Эссе жазу» әдістерін |
|даналық сөз үлгілерін талдау арқылы |пайдалану арқылы |
|ақпарат алуы жүреді. | |
| | |
|Оқушылардың өз ойын жеткізе |2. «Құрастырылған хат», «Бір-біріне |
|алу, мәнерлі сөйлей алу, ұсақтан |сұрақ қою», «Эссе жазу» әдістерін |
|тұтасты құрай алу сияқты |пайдалану арқылы |
|дағдыларының дамуына жағдай | |
|жасалады. | |
| | |
|Өз елінің тарихы мен |3. Жұмыс барысында |
|мәдениетін, сөз қадірін құрметтеуге | |
|үйрену жүреді. | |

Стратегиялар мен әдістер: Топ ішіндегі әңгіме, негізгі идеяны талдау
нәтижесінде эссе жазу, құрастырылған хат

Материалдар /көрнекілік/ : Билердің портреттері, ақ қағаз беттері,
маркерлер, конверттер, қиылған мәтін бөліктері, жапсырғыш

|Сабақ кезеңі |Мұғалімнің қызметі |Оқушының қызметі |
| | | |
|І. Қызығушылық |Оқушыларды 4 топқа бөлу, әр топтың |Топтарға бөлінеді. |
|ояту |ішінен топ жетекшісін белгілеу, |Топ ішінде берілген |
| |№1 топқа Төле би , №2 топқа Қазбек би,|тапсырманы 2-3 мин |
| |№3 топқа Әйтеке би, №4 топқа «Жеті |ойланып, ақ қағазға |
| |Жарғы» заңы туралы конвертке салынған |мәтінді жапсырады. |
| |мәтін қиықтарын жапсыру арқылы мәтін |Жұп ішінде ақпарат |
| |қиықтарын құрастыруды , сөздің толық |алмасады. |
| |нұсқасын оқуды сұрайды ұсынылады. |Класс алдында қорғайды.|
| |Ойланып, ақ қағазға мәтінді жапсыру, | |
| |класс алдында қорғату | |
| |Айтылған тапсырманы қорытындылай келе |Алдын ала сұрақты үйден|
|ІІ. Мағынаны |тақырып анықталады. |әзірлеуге тапсырма |
|ажырату |Әр топқа үш бидің өмірі мен қызметі |беру. |
| |туралы бір -біріне сұрақ қою |Әрбір топ ішіндегі |
| |ұсынылады. |оқушылардың зеректігін,|
| |Әрбір топ 2 сұрақтан қояды, жауап бере|ой жылдамдығын, |
| |алмаған топтың орнына басқа топ жауап |білімпаздығын сынға |
| |беруге болады |түсіру |
| | | |
|ІІІ.Ой-толғаныс |Топтарға басқа топтың тақырыбына топ |Топ ішінде ақылдасу |
| |ішінде ақылдасып, игерген білімдерін |Қорытынды пікірлерін ақ|
| |ақ қағазға маркермен эссе түрінде жазу|қағазға жазу |
| |ұсынылады (5 мин). |Жұмысты қорғау |
| |Әр топтан өз эсселерін қорғау | |
| |сұралады. | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |

Бағалау : белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасын беру: § 30 оқу, мазмұндау

[pic]

Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Көре алмаған көз жетім

Төле би

Үй жанында биік төбең болса,
Ол ерттеулі аттан кем емес,
Отбасыңда білгір қартың болса,
Ол жазылған хаттан кем емес
Біз, қазақтар керіспейік
Ренжісу бізге жөн емес.

Қазыбек би

Жердің сәні-қаптаған-жылқы мен қой
Қыздың сәні-жасаулап ұзатқан той
Мылтықтың аузынан шығады оқ,
Екі адам керіссе, оның арты шоқ
Біз, қазақтар керіспейік, келісейік,
Егер керіссек,
Бізге хандық түгілі, халық та жоқ.
Әйтеке би

«Қылмыскер құн төлеп өзінің жанын сақтап қала алады, яғни әр өлген еркек
үшін 1000 қой, ал әйел үшін 500 қой төлесе, зақымданған үлкен бас бармақ
үшін 100 қой, шынашақ үшін 20 қой төлеуі қажет, егер ол айыпты төлей алмаса
онда құн оның ауылдастарынан өндіріліп алынады»
«Жеті Жарғы»




Ұқсас жұмыстар
Ақылыңа ақыл қос
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары. Азаматтардың құқықтары. Синтаксис
Қазақ хандығының мемлекеттік әкімшілік құрылымы жайлы ақпарат
Тәуке хан
Сабақтың рефлексиясы
Ыбырай Алтынсарин кім
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Үш арыс. ана тілі. 3 сынып
Ән сабағы. сөйлем
Үндінің сұлу сазды рагасы .Ән Алматы- Дели Е.Хасанғалиев
Пәндер