Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқыту: поэзия, табиғат және тәрбие мәні

Өзіңсің поэзия Пайғамбары

Мақсаты:

Білімділік: Мұқағали Мақатаевтың өмір жолдары, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.

Тәрбиелілік: Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, эстетикалық тәрбие беру, табиғатқа деген мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық : Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз лікірі, эстетикалық талғамы барсауатты оқушы дайындау.

Көрнекілігі : Ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, шығармалар жинағы.

1-жүргізуші: Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, -деп ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де келешек ұрпақ Мұқағалидың арқалы екендігін танып отыр.

2-жүргізуші: Мұқағали бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы өлмес жыр жаратқаны, өтірік өлең жаза алмағаны, соры өз қоғамы мен өз ортасына сыймай қасірет шеккені, өмірінің қиыншылықпен өткені, соны дер кезінде өз замандастарының бағалай алмағаны.

1-жүргізуші: Шындап ұққан адамға Мұқағали өмірдің шын рахатын мейлінше сезініп кеткен аса бақытты адам. Бүгін біздер ақын М. Мақатаевтың өмір жолдары мен шығармалары туралы әңгімелейміз.

2- жүргізуші: М. Мақатаев әлеміне саяхат. Білім мен парасат сыны.

«Ой ашар» стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.

  1. М. Мақатаев қай жылы, қай жерде өмірге келді?
  2. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты?
  3. Мұқағалидың неше баласы бар?
  4. Ақын өз өмірбаянын қай өлеңінде жазады?
  5. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
  6. Ақын орыс ақындарынан кімді өзіне жақын тұтты?
  7. Ақынның анасының аты кім?
  8. Ақын мінезі жағынан кімге ұқсаған?
  9. Ақынның атасының, әжесінің, жарының аттары кім?
  10. Ақын алғаш рет өлеңді қашан жазды?
  11. Алғашқы өлеңдері қандай?
  12. Ақынның әкесінің аты кім?
  13. Ақынның қандай кітаптарын білесіңдер?
  14. Мұқағали ақын неше жаста, қай жылы дүние салды?

ІІ. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанынан көрініс.

ІІІ. «Аққулар ұйықтағанда» дастанын көре отырып, шағын дебат ұйымдастыру.

  1. Жақтаушы топ-5 «а»-сыныбы.
  2. Даттаушы топ - 5 «б»- сыныбы.
  3. Екі топтың спикерлеріне 3 минут уақыт беріледі.

ІУ. «Поэзия - жүрек тілі».

Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқиды.

У. «Топтастыру» стратегиясы бойынша оқушылар ақын өлеңдерін айтады.

УІ. Венн диаграммасы.

Оқушылар құрастырады

1-жүргізуші: Мұқағали ұлы Абайды ұстаз тұтады. «Мен-дағы өлең жазбаймын» өлеңінде:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып танылсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін-құлқымды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін, -деп Абайдан көп нәрсе үйреніп, абайға көбірек үңілген.

УІІ. «Ой шақыру»

1-жүргізуші:

Табиғат - Мұқағали шығармаларының жаны. Ғажайып табиғат суреттері болмаса, Мұқағали өлеңдері де көпшілік көңілінен шықпас еді.

Армысың, Атырауым, боздақ далам,

Каспий мен Жайықтан көз алмаған.

Ұмыттың ба сонау бір кезеңдерді,

Құлан жортса құмыңды кезе алмаған?!

Құмнан сая, шағылдан бақ табылды,

Мұң көзіңнен мұнай болып,

Жалын болып кеудемде ақтарылды, -деген жолдар ақынның қай поэмасынан алынған? Онда қандай кен орнының қазақ халқына тигізер мол пайдасын жырлап кеткен?

Жауабы: Алтай-Атырау мұнай кен орны.

2-жүргізуші. Алып жер-адамның бесігі,

Тербесін сәбиін, тербесін.

Адамзат бақыты, несібі,

Абайла, төгіле көрмесін, -деп ақын жырлағандай, қазақ жерін, табиғатын сүю, аялау, қастерлеу, табиғатына бас ию міндетеміз. Мұқағали поэмасының маңыздылығы қазақстанның болашақта жасыл желекті, гүлденген ел болатынын сеніммен жырлап өткенін бүгінгі «Қазақстан-2030» бағдарламасымен сәйкестендіруге болады.


Ұқсас жұмыстар
Мұқағали әлемі: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу (11-сынып, орыс тіліндегі сабақ)
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы: ашық тәрбие сағаты
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен әдеби шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы: 5а сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын зерттеу сабағы
Мұқағалитану: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша элективті курс бағдарламасы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы: ғылыми конференция сабағы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл: өмірі мен поэзиясына арналған әдеби-сазды кеш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz