Жыл мезгілдері жайлы ақпарат

Күні:06. 03. 2013ж
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология»
Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыра отырып, жыл
мезгілдерінің ерекшеліктері жайлы түсіндіру.
Әдісі: ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреттері, жыл мезгілдеріне сай киімдердің суреттері, гүлдер.
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдатыру-іздестіру.
Рефлексивті-түзетушілік.
Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар, бізге шуағыын төккен күнмен, мейірімді жер анамен, қайырымды аспан атамен және бізге келген қонақтармен амандасайық.
Өте жақсы балалар, ал енді әркім өз орындарына отыра қойсын. Балалар бүгін біз экология іс-әрекетінен жыл мезгілдері тақырыбында әңгімелесеміз. Табиғатты аялап, қорғасақ, өз денсаулығымызды қорғағанымыз.
Балалар өз денсаулығымызды қорғағанымыз дегенді қалай түсінеміз?
Біз табиғатты қорғасақ, яғни өсімдіктерді, ағаштарды, гүлдерді көп етіп егіп, оларды күтіп баптай білсек олар біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Олар бірігіп, саябақтарды, орман-
дарды құрайды.
Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.
Балалар неше жыл мезгілі бар?
Қане бәріміз бірге жыл мезгілдерін атайықшы.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Осы кезде қыс мезгілі қонаққа келеді.
Қыс мезгілі:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жарайсыңдар балалар. Мен қыс мезгілімін. Мен сендерге жұмбақтар әкелдім. Ал сендер ол жұмбақтардың шешуін табуға дайынсыңдар ма?
Ендеше тыңдай қойыңдар.
*Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
*Зулап түстім төменге,
Менсіз шықпас төбеге.
*Отқа жанбайды,
Суға батпайды.
Жарайсыңдар балалар. Сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Мен өзіммен бірге бауырларымды әкелдім. Олар қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы айтып береді.
Қане Бекарыс бізге не айтады екен?
Бекарыс:
-Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
-Қыс мезгілі несімен қызықты?
Жарайсыңдар балалар. Ал Нұрқанат қыс мезгілі жайлы не айтады екен.
Нұрқанат:
-Балалар қыста күн суық болып, боран соғады. Аяз болып, сулар мұз болып қатады. Қар жауады. Адамдар жылы киімдерін киеді.
Жарайсың отыра ғой. Ал балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күн, күн, сен неге күлімдейсің?
-Жаңбыр, жаңбыр сен неге сыртылдайсың?
-Құстар, құстар сендер неге сайрайсыңдар?
Өте жақсы балалар.
Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Осы кезде Бәйшешек өсіп шығады. Балалар мынау қандай гүл?
Ал енді бір сәт тыныштық сәтін ұйымдастырайық.
Тыныштық сәті:
Балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді көз алдарыңа елестетіңдер. Гүлдің иісі қандай әдемі!
Балалар ендеше бәйшешектің иісін иіскеп, терең тыныс алайық.
Балалар көктемде көшет отырғызуымыз керек. Ал мен бүгін сендерге бөлме гүлін отырғызып көрсетемін. Мынау гүл отырғызатын ыдыс, ал мынау топырақ, ал мынау өсінді.
Алдымен топырақты саламыз, әбден қопсытып болған соң өсіндіні отырғызамыз. Балалар алдымен бірнеше күн бұрын өсіндіні суға салып тамырлатып қоямыз. Сонда ғана өсінді тез өседі. Міне бөлме өсімдігі дайын болды. Енді біз бұл гүлді күнделікті күтіп баптауымыз қажет.
Осы кезде жаз мезгілі қонаққа келеді.
Жаз мезгілі:
Өрік, алма,
Шие, алша,
Дүкендерге түседі,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс айтасыңдар. Мен жаз мезгілімін. Менің ерекшелігім жайлы бауырым айтып береді.
Психологиялық сәт:
Қане балалар бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында жүрміз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып ыстықтағандарыңды басыңдар. Қандай рахат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды.
Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік.
Нұрәлі:
Жаз мезгілі-жылдың ең қызқты кезі. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, балық аулауға барады. Балалар демалатын орындарға барады, ал кейбір балалар жайлауға ата-әжелеріне барады.
Жарайсың отыра ғой. Ал балалар жаз мезгілімен таныстық. Осы кезде күз мезгілі қонаққа келеді.
Күз мезгілі:
Астық пісіп,
Орақ түсіп.
Қырмандарға түседі,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс айтасыңдар. Мен күз мезгілімін. Менің ерекшеліктерім жайлы бауырларым айтып береді.
Әділет:
Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келеді.
-Қыркүйек айында үлкен балалар қайда барады?
-Үлкен кісілер не істейді?
Ринат:
-Мен күз айлары жайлы айтып беремін.
Күздің бірінші айы-қыркүйек. Ол ерте күз деп аталады.
Екінші айы - қазан. Ол -алтын күз деп аталады.
Үшінші айы-қараша. Ол суық болғандықтан, қара күз деп аталады.
Балалар мен сендерге өлең оқимын. Ал сендер сол өлеңде не жайлы айтылғаны жөнінде айтасыңдар.
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Балалар бұл кімнің өлеңі?
Бұл өлеңде Абай аталарың күзді қалай бейнелеген?
Өте жақсы балалар. Біз бүгін жыл мезгілдері жайлы әңгімелестік. Ал енді іс-әрекетті «Гүл теру» ойыны
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz