Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Ата-баба дәстүрі ұрпаққа үлгі!



Тақырыбы: « Ата –баба дәстүрі ұрпаққа үлгі»
Мақсаты: Ата –бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық
тәрбие туралы түсінік беру. Балаларды ұлттық салт –дәстүр,әдеп –ғұрпын
үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру және ұлтына жанашыр ұрпақ
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қабырға газеттері,нақыл сөздер, шарлар, қазақы бұрыш.
Барысы: І Ұйымдастыру
Құрметті қонақтар,ұстаздар,балалар!
Ассалаумағалейкүм ,халқым менің,
Ардақтап дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.
«Халық –қалың орман ,әрі пана ,әрі қорған».Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі
,салт –дәстүрі,діні,тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиемізде ананың
ақ сүтінен,ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау
алады.Құрсақ шашу, жарыс қазан, шілдехана,бесік той,баланы қырқынан
шығару, тұсау кесер ,сүндет той, атқа мінгізу тойы,тоқым қағар.
Бала дүниеге келмес бұрын анасының құрсағында жатқан күннің өзінде
–ақ,құрсақ шашу тойын жасаса, дүниеге келерде жарыс қазан тойын
жасайды, қазақ халқының осындай салт – дәстүрінен ана мен балаға деген
мейірім шапағатын байқаймыз.Ал бала дүниеге келгенде ата –бабаымыз ат
шаптырып, той жасап, салты мен дәстүрін,әдеп – ғұрып үлгілерін өнеге
етіп болашақ ұрпағына үйреткен. «Ата –баба дәстүрі ұрпаққа үлгі» атты
ашық тәрбие тағылымымыздың мәні ана сүтімен даритын салт –дәстүр жайлы
болмақ..
Балалар –бүгін біз әр топқа саяхат жасаймыз.
«Өнер алды –қызыл тіл» тобы
Амансыңдар ма балалар!
Біз сендерге өнерлеріңді тамашалауға қонаққа келдік.
Қане салт – дәстүр жайлы не білесіңдер?
Әсем:
Біздер бұрын көрмеген,
Салт – дәстүрін білмеген.
Үйренеміз дәріптеп,
Заманымда өрлеген.
Анар: Қонақ күту салтымыз,
Оқып –біліп жатырмыз.
Салт - дәстүрі сақталса,
Арта берер даңқымыз
Қажы: Ата –бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата –жолын жалғапты.
Ақерке: Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Қазақ халқының өмірінде жыраулық , термешілікпен қатар табан
астында өлең шығарып, суырып салмалық өнер де кеңінен дарыса керек.
Халқымыз үлкен жиын тойларда бір – біріне өлең түрінде тез жауап
қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Ол кейіннен айтыс деп аталған.
Айтыстың бірнеше түрі бар: ақындар айтысы,қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ
айтыс. Осылардың бірі қыз бен жігіт айтысына құлақ салайық . «Асыл
қазына» тобынан Ақжан мен Нариман айтысқалы отыр. Көріп тамашалаңыздар.
Қыз бен жігіт айтысы
Ақжан: Айтып қойшы қарағым,
Қандай боп жүр сабағың.
Жайын біліп қояйын,
Сендей салақ баланың
Нариман: Сөзін тыңда қарағым,
Мен секілді баланың
Сен осында қаласың
Мен мектепке барамын
Ақжан: Қайда барсаң онда бар,
Семіргенің жөн болар.
Тәртібіңнен алайда,
Болмай тұр –ау оң хабар.
Нариман: Айналайын сұлуым,
Тәртіпті айтып не етесің,
Жамандыққа бармаймын,
Ата –жолын жалғаймын.
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Көрініс: «Әжесі мен немерелері»
(Әжесі тоқыма тоқып отырады)
Немересі Нұрай: Әже,әже, не істеп отырсыз?
Әжесі: Е, балам саған шұлық тоқып берейін деп отырмын.
Нұрай: Әжетай «Тұсау кесу» деген қандай ырым?
Әжесі: Е,балам, Абай аталарың айтқан екен: «Туғанда дүние есігін
ашады өлең,өлеңменен жер қойнына кірер денең» деп.Айтқандай сәби шыр
етіп дүниеге келгеннен «Бесік той», «Қырқынан шығару»,« Шілдехана»,
«Тұсаукесер» деген сияқты ырымдар жасалып, адамның өмірі той
–думаннан басталады.
Немересі Қажы: Әже баланың тұсауын немен кеседі?Сол туралы айтып
беріңізші.
Диас : Әже, әже мен айтайыншы.

Әжесі: Айта ғой балам.
Диас: Баланың тұсауын малдың тоқ ішегімен кесу елдің тоқ болуына
байланысты.
Анар: Ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін
аттамай, адал болып өссін деген ниеттен туған.
Әсем: Сәбидің тұсауы көк шөппен кесілсе, көк шөптей өсіп өнсін деген
ұғымды білдіреді. Тұсауын кесетін сәби ортаға әкелініп, «Тұсау кесу»
жыры айтылады.
Дильназ: Әже, тұсау кесу жырын айтып берші.
(Әжесі тұсау кесу жырын айтады)
Әже: Қаз –қаз, балам,қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз –қаз, балам,қаз балам,
Тақымыңды жаз балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңдщы санайық.
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Балалар енді қараңдаршы мына жақта
«Ойлап көрде ,озып көр» деген топ күтіп отыр екен. Мен осы
балалардың білімін сынап көрейінші.
1. Қазақтың балаға байланысты әдеп –ғұрпын ата?
-шілдехана, бөбекті қырқынан шығару, тұсау кесер, бесік той
2.Жеті атаны ата?
Біріншісі –атасы,
Екіншісі- әкесі.
Үшіншісі –баласы,
Төртіншісі –немере.
Бесіншісі –шөбере,
Алтыншысы –шөпшек те,
Жетіншісі –немене.
3. Үш биді ата?
-Төле би,Әитеке би, Қазыбек би
4.Тыйым сөздер
Дастархан басында әзіл –қалжың,өлең –жыр айтылған.Өлең –жыр-
сыз ,домбырасыз көңіл көтеру болмаған.
Ән: «Домбыра сазы»
Балалар біз енді соңғы аялдамаға келдік.

-Балалар қараңдаршы мен сиқырлы қобдиша тауып алдым. Қане,ашып
көрейінші.(Музыка ойнайды). Балалар ішінде конверт жатыр.Бізге біреу
тастап кеткен сияқты. Ашып оқып көрейін.Балалар бізге әжелер қонаққа
келе жатыр. Қане бәріміз әжелерді қарсы алайық.
(Әжелер әндетіп кіреді)
-Амансыңдар ма балалар?
Біз сендерге салт – дәстүрімізді көрсеткелі келдік.
Қане,балалар онда бәріміздің назарымыз әжелерде болсын. Салт
–дәстүріміз жайлы білейік.
1.Қырқынан шығару.
2.Бесікке салу
3.Тұсау кесер
(Көрсетіліп болғаннан кейін , музыка ойнайды)
Балалар бізге тағы бір дыбыс естілді. Қане жан –жағымызға қарайықшы.
Атпен шауып атай келеді.
-Амансыңдар ма балалар?
Мен көрші ауылға бара жатыр едім. Жолай сендерге 7 күлше
таратып,бата бергелі келдім.
Бата:
Дастархандарыңа береке берсін,
Бастарыңызға мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін.
Дендеріңе саулық берсін,
Үлкен азамат боп өсе беріңдер!
Әумин!Құрметті қонақтар! Осымен сіздерге арналған «Ата –баба дәстүрі
ұрпаққа үлгі» атты ашық тәрбие тағылымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп
–көп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат
Ата - аналар сайысының кезеңдері
Тәрбие құралы - даналық сөздер
Арғы ата
Аталар айтқан асыл сөз
Ұлтты тану - ұрпақ борышы
Үзілмесін бабалардың батасы
Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі. 5-сынып
Тіл және сөйлеу
Сексек ата өсірген ешкінің төлі - лақ
Пәндер