Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Туған ел. сәкен сейфуллин

Сабақтың тақырыбы: Туған ел. Сәкен Сейфуллин
Сабақтың мақсаты: 1.Туған ел өлеңінің мазұмынымен таныстару, түсіндіру. Сәкен Сейфуллин
өмірімен шығармашылығымен таныстыру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттін арттыру, сөйлеу дағдысын
жетілдіру. Өз ойын еркін айтуға дағдылагндыру, білімге құштарлығын
арттыру.
3. Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып ,
туған елдің табиғатын қорғауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : Білім ордасының суреті, кілт , слайд.
Сабақтың түрі : Аукцион сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап ,түсіндіру , ой тастау
Сабақтың жүрісі :
Ӏ. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың оқу құралдарын шығарып, үй тапсырмасын тексеру.
* Балалар, біздер білімді болу үшін бізге не керек?
* Біз білімді қайдан аламыз?
* Ендеше балалар, бүгінгі біздің сабағымызда ₺Білім ордасын₺ аукционға саламыз. Осы білім ордасынан сіздер алдағы уақытта керекті білімді алатын боламыз. Аукцион дегенміз бұл ең көп ақшаға сату даган сөз.
* Ал, бүгін біз, ақшаның орнына білімімізді сала отырып, ең көпр ұпай жинауға тырысамыз. Көріп тұрғанымыздай аукцион бірнеше сатыдан тұрады. Әр сатыдан өзімізге тиісті ұпай саннын алып отыруымыз керек. Ең көп ұпай жинақтаған топ, бүгінгі білім ордасының иесі болып табылады.
1-саты. ₺Ой жинақтау₺ сатысы Бұл жерде біздер үй тапсырмасын тексереміз.
Үй тапсырмасы :
1.Өлеңді жатқа айту
2. Сұрақтарға жауап алу.
а) Өлеңнің авторы кім?
ә) Тіл туралы қандай мақал білесің?
б) Дихан Әбілов кім?
в) Дихан Әбіловтің өлеңі не туралы айтылған?
д) Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
г) ₺Оты сөнген от ал мен, жүрегімді суырып алыңдар₺ деген тіркесті қалай түсінесіңдер?
ӀӀ . Жаңа сабақты түсіндіру
2-саты. Топтастыру.
-Балалар, ₺туған ₺ сөзіне сөз тіркестерін құрайықшы.
-Осы сөздердің ішінен қай сөздерді бір сөзбен атауға болады? -Өлке, ауыл, ел, жер. - Дұрыс айтасыңдар, балалар,. - Туған жер, туған ел тіркесін қалай түсінесіңдер?( Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.) Мұғалімнің түсіндіруі - Дұрыс айтасыңдар ,туған жер дегеніміз туып-өскен жерің. Қазір барлығымыздың тұрған жеріміз қалай аталады? - Ендеше бұл біздің туған жеріміз . Біздің ауылымыз өзіндік ерекшелігі бар, ауданымыздағы көлемі, халқы жағынан үлкен ауыл болып саналады. Бұл жерге көшіп келуші халықтар саны әлі толастар емес. Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Табиғатымыз обылысымызға тән. Аулымызда өзіміз білетін мектебіміз, кітапханамыз, мәдени ошағымыз, бала-бақшамыз, дәрігерлік көмек көрсету орталығымыз да бар. Сонымен бірге біздің ауылымызда тарихи ескерткіштерде бар. Айта кететін болсақ ₺ Қошқар ата₺ әулиесі, Мәдениет үйінің жанындағы бақта ұлы отан соғысының ардагерлеріне қойылған ескерткіш. Әрбір адам өзінің туған жерін, ондағы тарихи ескерткіштерін қорғауға міндетті. Бұл біздің Конституциямызда айқын көрсетілген. - Енді балалар, көптеген ақын- жазушыларымыз өздерінің туған жеріне арнап өлеңдер, шығармалар жазған. Соның бірі Сәкен Сейфуллиннің ₺Туған ел₺ деген өлеңімен танысамыз. 3-3- 3- саты. Мағына тану. - Біздер қазір мағына тану сатысына көтерілеміз. 1. Сәкен Сейфулиннің өмірімен таныстыру. Слайд арқылы түсіндіру. 2.Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы түсіндіремін. Оқушыларға оқытамын. 4-саты. ₺Ой қозғау сатысы₺ Орталықтармен жұмыс. а) Әдебиет орталығы. 1. ₺Зеректер₺ тобы: Берілген суретке өлең құрастыру. ₺Алғырлар₺ тобы: Берілген суретке шығарма жазу. 2.Мақал-мәтел жарысы. Екі топ кезектесе отырып, туған жер туралы мақал айтып жарысады. ә)Тарихи орталығы. Сұрақтар; 1.Аулымыздың қандай тарихи ескерткіштері мен тарихи орындары бар? 2 Тарихи орындарды қорғау туралы қай бапта айтылған? Түсіндір б) Дүниетану орталығы. Болашақта үлкен азамат болғанда туған жеріміздің табиғатын қалайша қорғар едің? (Оқушылардың пікірін тыңдау) в) Театр орталығы. Көрніс ₺Кімнің мекені жақсы?₺ - Сонымен балалар, кімнің мекені жақсы болды? - Әрбір адамның туған жерінен артық жер жоқ екен. Мейлі ол салқын болсын, мейлі ол шөл болсын. Сондықтанда балалар әрқайсысымыз туған жерімізді қадірлеп, оның табиғатын қорғай білейік. Жеңімпаз топты анықтау.
ӀӀӀ. Сабақты қорыту
-Бүгін балалар, біз қандай тақырыппен таныстық? - Туған ел
- Туған ел өлеңін кім жазған? - Сәкен Сейфуллин дегеніміз кім?
- Туған ел өлеңінен не ұқтық?
Үйге тапсырма:1. Өлеңді жатқа айту. . 2.₺Туған ел-алтын ұям₺ тақырыбына шығарма жазу


Ұқсас жұмыстар
Өлеңді жаттау. Сабақтың тақырыбы
Азапты жылдардың азалы үні
Сәкен сейфуллин "сыр сандық" өлеңі
Сәкен Сейфуллиннің шын есімі
Сыр сандық кімнің өлеңі
Сәкен Сейфуллин. Наурыз
Киік сөзінің этимологиясы
Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы
Наурыз өлеңін жаттау
Пәндер