Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Байлықтың мәні - қазынаға ие болуда емес, оны пайдалана білуде

№1 Жалпы орта білім беретін мектеп
Мендешева Жансая Маратовна
<<Байлықтың мәні - қазынаға ие болуда емес, оны пайдалана білуде>>
(Наполеон Бонапарт)
<<Байлықтың мәні - қазынаға ие болуда емес, оны пайдалана білуде>> иә, Наполеон Бонапарт қазіргі қолда барды болашақта тиімді пайдалануға ой салған. Бұл сөздің мағынасы жылдар, ғасырлар өтсе де өзгермейді. Адам үшін табылмас кеңес.
Байлық өзінен өзі бақыт емес. Алайда байлықты дұрыс қолдану бақыт әкеледі. Қазағым <<берекелі дәулет>>, <<берекесіз дәулет>> деп айыруы да байлықтың дұрыс пайдалануына байланысты. Алайда байлықты пайдаланбас бұрын оған алдымен жету керек.
Байлық - адам өміріндегі қажеттіліктер. Ал байлыққа қалай қол жеткізуге болады? Ал оны болашақта тиімді пайдалану жоспарының баспалдақтары қандай?
Байлық ұғымы тереңде жатыр. Байлық біздің тақырыбымызда қазына, материалдық байлық турасында болмақ. Байлықты адам болашағына жоспар құрып отырып, жұмыс еткізе білу керек.
Джордж С. Клейсонның <<Вавилонның ең бай адамы>> еңбегінде байлыққа қол жеткізудің тиімді тәсілдерін төмендегідей көрсеткен:
* Қалтаңызды күнделікті толықтырыңыз
* Шығындарды есептеңіз
* Байлықты көбейтуге, еселеуге тырысыңыз
* Байлықтың көзі жойылмауын қадағалаңыз
* Қазіргі байлықтың болашақта сізге жұмыс істеуін жоспарлаңыз
* Өз қабілетіңізді әрдайым жоғары бағалаңыз
* Сіздің байлығыңыз өзіңізге тиісті екенін естен шығармаңыз.
Алдына мақсат қойған адам ғана оны жүзеге асыра алады. Сондықтан бюджеттік жоспар құру керек. Бюджеттік жоспар аптаға, айға, жылға, бірнеше жылға жасалады. Дүниеде қанша адам болса, сонша бюджеттік жоспар құру әдіс-тәсілдері, түрлері бар. Дегенмен бюджеттік жоспар құрудың ең негізгі үш принципі ғана байлықты, қазынаны дұрыс пайдалана білуге көмектеседі:
Бірінші принцип. Алға қаржылық мақсат қою. Бұл қаражатты пайдалануда белгілі бір мақсат қою, осы мақсатты жүзеге асыруда жұмыстану. Мысалы, білім алу, машина алу, үй алу, үй салу т.с.с. Бұл бір күндік жұмыстың жемісі емес, сондықтан бұл мақсат нақты, адамның қажеттілігінен туындау керек. Бұл мақсаттың орындалуы адамның болашағы үшін зор рөлі болғандығынан осы бағытта бұл принциптің нақты мақсат қоюмен байлықты, қазынаны пайдалануда маңызы зор деп айта аламын.
Екінші принцип. Кіретін кірісті бағалау. Бұл принцип барлық кіретін табысты есептеуге осы орайда алға жоспар құруда үлкен көмегін тигізеді.
Үшінші принцип. Шығатын шығысты жоспарлау. Бұл принцип бойынша алу қажет заттар мен төлеуге міндетті төлемдердің тізімін жасаумен маңызды. Ішіндегі ең қажетті дегендерге үнемді пайдаланып, қалғанын кейінге қалдыра тұру керек. Бұл принцип шығынды үнемді ақылмен жұмсауға бағыттайды.
Міне осы принциптерге сүйене отырып, байлықты, қазынаны бюджеттік жоспар құру арқылы оны көбейте пайдалануға болады.
Ең маңыздысы адамның өз еңбегін бағалай біліп, өз қажеттіліктері мен жоспарларын дұрыс анықтай алуда.
Брайн Трейси <<Жеке жетістіктерге жетуге арналған ақыл-кеңестер>> кітапшасында байлықты қолда тұрақтандыруға мына кеңестерді береді. БАЙЛЫҚ:
* алдына мақсат қойған адамның қолына келеді
* ақылды адамнан кетпейді
* жоспармен бастаған істе ғана көбейеді
* өзі дұрыс білмейтін іске кіріскен адамнан кетеді
* ақылсыз, істі жоспарсыз жасаған адамның қолында болмайды.
<<Байлық - байлыққа ие болуда емес, оны ұқсата білуде>> дейді Сервантес.
Теодор Рузвельт <<Қолыңыздан келгенін жасаңыз, қолыңызда қазір не бар соны пайдаланыңыз. Бізді ұлы ететін біздің байлығымыз емес, оны қалай пайдалануымыз>> деп айтқан.
Бертольд Авербах <<Көп байлық таба білу - батылдық, сақтап қалу - ұлылық, пайдалана білу - өнер>> дейді.
Бұл сөздердің мағынасына үнілсек көп нәрсеге үйренуге болады. Егер біздің байлығымыз болып, оны болашақта жоспарлап қолдана алмасақ, оның бізге беретін пайдасы болмайды. Әрбір адам байлықты тиімді пайдалана алмайды.
Байлық - ақша емес. Байлық адамға қажетті нәрсенің барлығы. Байлық адам дүниеге келгенмен бірге пайда болды. Ал ақша соңғы бірнеше ғасырда ойлап табылды. Байлық адамға қажетті нәрсенің барлығы.
Егер байлық соншалықты маңызды болса неліктен адамдар ақшаны көп ойлайды? Себебі, ақша - байлықты алмастырудың бір амалы.
Бiз өзiмiздiң байлығымызды, қазынамызды қатаң бақылау қоюға, үнемшiл болуға әрi қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бiр бөлiгiн өзiмiздiң болашағымыз, ұрпақтарымыз үшiн жинақтауға тиiспiз.
<<Байлықтың мәні - қазынаға ие болуда емес, оны пайдалана білуде>> тақырыбын қорытындылай келе мына ережелерді есте сақтауды ұсынамын:
* бюджеттік жоспарды айқын құру
* алға мақсатты анық қою
* кедергілердін алдын алу және болдырмау
* қаражатты үнемді, ақылмен жұмсау
Иә, байлық - сынақ, сол себепті адам өзімен әкелмеген, кетерде өзімен бірге ала кетпейтін байлығына массаттанбауы керек.

Ұқсас жұмыстар
«оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар
Жеті қазына
Тәрбиеден бастау алған бар арман
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Жәндік атауларының топтастырылуы
Толеранттық тәрбие отбасынан басталады
Қр-ның салық жүйесі 7-сынып
Бағалы кәсіптік балық
АКТ негізінде оқыту құралдары оқушы мұғалім
Пәндер