Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сын есім туралы ақпарат
Қалмұратова Ақжанар Өтебайқызы
Еңбекші мектеп балабақшасы
Бастауыш сынып мұғалімі
Калмуратова Акжанар Утебаевна
Енбекшинской школа сад
Учительница начальных классов
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Сын есім
Сабақтың мақсаты:2 сыныпта өткенді еске түсіріп,жинақтау,теориялық және
практикалық білім дәрежесін байқау,тапсырмаларды өз бетімен
орындауға,ізденуге үйрету,әдемі жазуға баулу,
ұйымшылдыққа,бірлікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі;қайталау,жинақтау
Сабақтың әдіс тәсілдері; дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі;оқушы моделі жазылған сөздер,хаттар,Білгішбек,
тапсырмалар.
Сабақтың барысы;
Психологиялық дайындық:Әрбір адам туыс,туған,жұрағат
Әрбір сабақ
үйрену,ұғу,ұлағат
Әрбір ісің бірлік , тірлік
,адамдық
Әрбір сөзің шындық,,ақтық
, адамдық
Бүгінгі сабағымызда жаңа ғасыр оқушысының моделімен танысып,тапсырмалар
орындай отырып,сабақтың мәнін ашамыз.
Бағдарлау мотивациялық кезең.
1. «Білімді және білімін пайдалана білетін» оқушы моделі.
Үй тапсырмасын тексеру (алған білімін ,үйде пайдалану)
Жатқа жазу.1 оқушы тақтаға орындайды,қалғандары орындарында орындайды.
етістікті табу
құрамын анықтау
түрлерін ажырату
Ой қозғау:Қандай әдептілік ережелерін білесіңдер?
Сергіту сәті: Жылы жылы жүзбенен
Маңдайыңнан сипайын
Жылы жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлаймын
Ыстық
алақаныммен
Қолыңды бір
қысайын
Амандасып
өзіңмен
Құшағыма
қысайын
ІІ Операциялық орындаушылық кезең.
«Кешегіні білетін,бүгінгіні түсінетін,ертеңіне сенімді» оқушы моделі
Сергіту сәтінің ішінен қандай сұрағына жауап беретін сөздерді табу.
Жылы, жылы,ыстық
Ол қай сөзбен байланысып тұр?
Жүз,сөз,алақан
Ол қай сөз табы?
Жылы жүз,жылы сөз,ыстық алақан.
Қандай? сұрағына жауап берсе ол қай сөз табы болады? Сын есім.
Күннің жадын жазу.
Тақырыпты жазу.
Оқушылар сын есім дегеніміз не?Сұрағы,мысал келтір.
Кестеден оқытып, қортындылап жіберу.
«Көркемдік пен әсемдікті ту ететін» оқушы моделі
ЖЫЛЫ ЖҮЗ ; ЖЫЛЫ СӨЗ; ЫСТЫҚ АЛАҚАН
«Ашық,комуникативті,әрі ортада орын табатын» оқушы моделі
(түрлі тапсырмалар орындап,ойларын дұрыс жеткізу)
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар бізге Білгішбек досымыз келіп қалған екен.Ол бізге хаттар алып
келіпті.Хаттар қайдан келіпті екен?Бұл Білгішбектің достарынан келген хат
екен.Мұнда тапсырмалар бар екен.Соны орындауымыз керек.
Бірінші хат: «Әдемі жаз»
Тапсырма:Сөйлемді жазып, сын есімді табу.
Гүлнұр әдепті қыз.Ұстаз құрметті адам.Көмір пайдалы қазбаларға
жатады.Бүркіт ұясын биік қияға салады.Еркін көрші ауылда тұрады.
«Құрметті» сөзіне мәндес сын есім айт.
Екінші хат: «Сөз тіркесін жаса»
Тапсырма:Берілген зат есімдерге сын есім тіркеп жаз.
Гүл,кітап,аспан,терек,тамақ, сандық..
Үшінші хат: «Мәнерлеп оқы».
Тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқып,сын есімді табу. «Ат бауырлар» дегенді қалай
түсінесің?
Төртінші хат: «Сәйкестендір»
Тапсырма:сөздерді сәйкестендіру.
әдемі аю
қою су
кең киім
қоңыр көйлек
таяз үй
қалың сүт
биік дала
Сын есім қай сөз табымен байланысып тұр?
Қараңдаршы оқушылар не пайда болды? ЖҮРЕК
Олай болса,сергіту сәті ретінде жүрегімізбен жақсы өлең шумағын айтайық.
Жайнатар кең өлкені
Болашақтың ертеңі
Біз бақытты балдырған
Ата ананың ертеңі
ІІІ.Рефлексиялық бағалау кезең.
«Алдына мақсат қойып,оған жетер жол таба білуші» оқушы моделі
Бесінші хат: «Тиісті сөзді қой»
Құрметті
Қадірлі
Бала Сыпайы
Қорытынды шығару.Сын есімнің ережесін айту.
Оқушылар біз Білгішбектің достарының тапсырмаларын орындадық..Білгішбек
сендерге риза.Достарына сендерді мақтап барамын дейді.
«Адалдық пен имандылықты ту ететін мейірімді жан» мұғалім бағалайды.
Сабақтың соңы. Өмір таны,өнер қу
Өнер табу ол да оқу
Талаптансаң тартынба
Өз күшіңде жол табу
Өнер сүйсең жиренбе
Дамыта бер,үйренде
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz