Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Киелі жем өңірінің перзенті
-984885-681989 Ұйымдастырған: тәрбие ісінің орынбасары
Құлманова Злиха Санаққызы
Жүргізгендер: қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Нарымбаева Мереке Жәнібекқызы
Нұрқашов Мейіржан Нұрқашұлы
Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы ,Кемерши селосы
Қ.Жазықов атындағы орта мектеп
Тақырыбы : Киелі Жем өңірінің төл перзенті
(Жерлес жазушымыз Қажығали Мұханбетқали ұлымен кездесу кеші)
Мақсаты :
Жүру барысы : Құрметті : Қажығали аға ,ел ағалары, ұлағатты ұстаздар,
сүйікті шәкірттер
І- жүргізуші: Бүгінгі мектебімізде өткелі отырған <<Киелі Жем өңірінің төл перзенті>> атты жерлес жазушымыз Қажығали Мұханбетқалиұлының 70 жылдық мерейтойына байланысты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
ІІ - жүргізуші : Қажығали Мұханбетқалиұлы 1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы,Байғанин ауданындағы Кемерши ауылында туған.1965 жылы Қазақ мемлекеттік үниверситетінің фиология факультетін бітірген.Одан кейін Ақтөбе облыстық радио және телевидение комитетінде, облыстық <<Коммунизм жолы>> газетінде, республикалық <<Қазақстан>> баспасында, <<Жұлдыз>> журналында, <<Қазақ әдебиеті>> газетінде редактор, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, орыс - қазақ тілдерінде шығатын <<Жаңа фильм>> журналының бас редакторы болған.Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының президенті аппаратында, Парламентте, <<Таңшолпан>> журналында қызмет істеген.Көптеген жазушылардың жекелеген әңгімелерін және түркімен жазушысы Т.Жұмагелдиевтің <<Егес>> атты кітабын, орыс жазушысы А.Скалонның <<Бақыттың алтай түлкісі>> атты әңгімелері мен повестер жинағын қазақ тіліне аударды.Өзінің де бірқатар әңгімелер мен повестері шетел тілдеріне аударылып жарық көрді.Қазақтың ХУІІІ ғасырдағы отаршылдық езгіге қарсы күресінің басшысы әрі би, әрі батыр С.Датұлы туралы ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген ол, ондаған мақалалар жазып, осы бір айтулы тұлғаның өмірі мен қоғамдық қызметі жөнінде республикалық <<Арыс>> баспасынан <<Сырым Датұлы>> атты жинақты өзі қарастырып,алғы сөзі мен түсініктемелерін де өзі жазып жарыққа шығарды.Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған медалмен марапатталған.Байғанин ауданының құрметті азаматы 2003 жылы <<Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері>>атағы берілді.
І- жүргізуші: Жем-сағыз қалың жұртым жайлаған жер
Маңғыртып төрт-түлік мал айдаған жер
Қаптаса таудай нарлар сәйгүліктер
Қойлары семіздіктен жайлаған жер
Жем - Сағыз әкем - шешем жайлаған жер
Көктемде бәйшешегі жайнаған жер
Басына жас ботаның үкі тағып
Құлынды қоңыраулатып айдаған жер - деп жерлес ақынымыз Сағи Жиенбаев жырлағандай келесі кезекті аудандық <<Айгөлек>> байқауының І орын иегері бүлдіршін әншіміз Дәулеьқалиева Елнұрдың орындауындағы <<Ақбұлақ>> әніне береміз.
ІІ- жүргізуші:
Талант қабілетіне қарай кез келген жазушының өнер әлемінде өз орны бар.Солардың арасынан қай оқырман кімді сүйіп оқиды, кімді құрметтейді я жеке мәселе.Ал өз басым жылт етіп, жарыққа шыққан әр шығармасын мүмкіндігінше оқып қалуға тырысатын өзін де, сөзін де сыйлайтын санаулы ғана жазушыларының бірі - менің Қожекем.Менің дейтінім біз, газет редакциясында , біраз жыл бірге қызмет істедік, ағалы - інілі адамдардай сыйластық. Бұған мүмкін екеуміздің өнер, өмір, әдебиет жөніндегі көзқарас, пікір - тұжырымдарымыздың көп жағдайда әр жерден шығатындығы дәнекер болған шығар - дейді белгілі жазушы, қаламдас інісі Д.Әшімханұлы.
І- жүргізуші:
Жазушы ағамыздың өзі де, өзі туған топырақтан шыққан Сағи ақынның шығармаларымен сусындап өскен.Келесі кезекте <<Жақсы өлең өзі - ақ сөйлеп тұрады>> атты шығармасына береміз. Ортаға 5 класс оқушысы Әділханова Айжанар Нұрланқызын шақырайық.
І- жүргізуші:
Ауылым осы менің іздеп келген
Кеткелі талай жылдар тізбектелген
Талы жоқ ән шарықтайтын бұлбұл қонып
Шыңы жоқ шыңына мұз бөктерген
Тұрады кейде от болып құмдар күйіп
Тыңдайды желден ғана жырларды ұйып
Көңілім осы ауылда көк теңіздей биік
Көңілім осы ауылда шыңнан - деп Бәкір ақын жырлағандай <<Туған жер>> атты ән - шашуымызды бүлдіршін өнерпазымыз Дәулетова Дилназдың орындауында қабыл алыңыздар.
І- жүргізуші:
Әркім өз түйсігі өз байламы көзқарасы тұрғысында сөз қозғары белгілі, осы тұрғыдан келгенде Қажығалидың шығармаларын оқыған адам мынау ызы қиғы өмірден өзін болмаса жолдас - жора, тума - туыстарын көрері анық .
Қажығалидың қандай шығармасы болмасын өмірдің дәл өзі соның қағазға түскен картинасы. Оқисың да қалың ойға қаласың, жағымсыз кейіпкерлердің іс әрекетіне ыза боласың.
ІІ- жүргізуші:
60-80 жылдардан бастап қазақ әдебиетінің проза және поэзия саласында өзіндік із қалдырған Киелі Жем өңірінің төл перзенттері Сағи, Бәкір, Есенбай, Тобық, Өтежан секілді ақын жазушыларымыздың бүгінгі жалғасы жас ұрпақтың жазушы атаға арнаған жыр үніне құлақ түрелік.
І- жүргізуші:
Мектебіміздің жас маманы поэзия саласында қалам тербеп жүрген замандасымыз Нұрқашов Мейіржан өзінің жыр шашуын сізге арнайды.
Нәбиева Көркем
Маратов Нұрбек
Ерғалиева Динара
ІІ- жүргізуші:
Күй ғой бұл қоштастырған қимасыңмен
Күй ғой бұл достастырған сыйласыңмен
Көз алдыңа көлбеңдеп келе қалар
Құрманғазы, Қазанғап Динасымен дей келе мектебіміздегі Әсем ән хор үйірмесінің өнерлі балдырғандарын <<Келіншек>> күйімен қарсы аламыз.
І- жүргізуші:
Өзің айтшы сыншым менің қырағы
Суға тойған қашан шөлдің мғрабы
Он қызы бар ата анаға білесің
Қай кездеде бір ұл жетпей тұрады.
Байи беру болса адамның ұраны
Оны тірлік түзу жолдан бұрады
Бір дачасы бар адамға қашанда
Бір машина жетпейді де тұрады
Малы көпке еске сақта шырағым
Шөп болмайды шүкірліктің құрағы
Қанша өсседе мансап қуған адамға
Бір секіру жетпейді де тұрады
Ырық бермес көңілдің көк пырағы
Жақсы арманның жақынынан жырағы
Тойда қанша тойғанменен ішкенге
Бір жүз грамм жетпейді де тұрады деген екен Қадыр ақын Қажығали ағамызға арнаған өз жырында.
ІІ- жүргізуші:
Олай болса мектебіміздің бұлбұл әншісі Нәбиева Көркемді Нұртуғанның термесі <<Қәнекей тілім сөйлешімен>> қарсы алайық.
І- жүргізуші
Адам тағдырына терең бойлау не нәрсенің себептерін түпкі тамырдан іздеу адамдық, имандық мәселелерді бәрінен де жоғары қою Қажекемнің көптеген шығармаларынан анық көрінеді. Бұлардың қай қайсысында да ол көз көрегендігін жүрек сезімталдылығын ой ұщқырлығын танытады.
ІІ-жүргізуші
Олай болса келесі кезекті Рахметов Бағдаттың әсем әніне береміз.
І-жүргізуші:
Қ.Мұхамбетқалиев шығармашылығының алтындай асыл арқауы адам өмірінің мәңгілік шындығының алмағайып алдамшы шырғалаңдарына құрылады. Жазушы шеберлігінің шыңдалып кемел сипатқа иеленгенін көптеген шығармалары арқылы білуге болады.
ІІ- жүргізуші:
Келесі тыңдайтындарыңыз Ермұхамбетов Қалыбек пен Ержан Нұрлаттың орындауында <<Кел ауылға>> әні.
І- жүргізуші:
Ән басталса қалайша жанбас халық
Тыңдауға бар түн бойы таң жастанып
Ұйып қалар табиғат оянбастай
Кеткен кезде керемет ән басталып демекші Рахатов Исламбекті <<Жаса қазағым>> әнімен қарсы алайық.
ІІ- жүргізуші:
Қ.Мұхамбетқалиев өз машығы мен мәнерін қапысыз тапқан, үлкен эпосқа үлкен дайындықпен бай тәжірибемен бет алған жазушы. Оның шығармалары келер ұрпақ үшін мол мұра болып қалмақ, қаламыңыз әрі қарай ұштала берсін, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, еңбегіңізге творчествалық табыс тілей отырып бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар
Келесі кездескенше күн нұрлы болсын.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz