Сабақ жоспары: Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз: ана тіліне тәрбиелеу және шығармашылық сайыс

Сабақтың тақырыбы: Ақыл көркі -тіл, тілдің көркі -сөз

Сабақтың мақсаты: Ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер айту. Оқушылардың ана тіліне

деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: ₺Қазақ тілі болашағым, ертеңім . . . ₺ атты газет көрмесі, нақыл сөздер,

Шарлар

Сабақтың жүрісі:

-Құриетті оқушылар, ұстаздар . Бүгін біздің ₺ Ақыл көркі -тіл, тілдің көркі -сөз ₺ кешімізге қош келіпсіздер!

- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?

- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі -атаңның, анаңның тілі, тауған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын анатілінде жазып қалдырады. Халыңтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл - халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі. Біздің тіл туралы заңымыз 1997 ылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының ₺ Тіл туралы₺ жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан- балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жылға ақау болған. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - қазақ халқының тілі. Оның ьнегізігі мекені -Қазақстан. 14 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттіктіл күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің белгісі.

- Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзеу қараймын,

Ана тілім сені егер білмесем-дегендей енді балалр қазір біздер топтық сайыс жүргіземіз. Мен әулеі сіздерге сайыстың жүрісімен таныстырып өтейін.

Жүрісі: 1. Топ атымен, ұранымен таныстыру

2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру

3. Ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу

4. Даналар сөзінің сырын аш! Тіл туралы айтылған ой-пікірлерді мағынасын түсіндіру.

5. Тіл туралы берілген тақырыпқа шығарма жазу.

6. Өз өнерін көрсету. ( Өлең айту, би билеу, көрніс көрсету)

7. Ұйқасын тап. Өлең шумақтарын құрастыру.

- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. ( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)

1. Әр топ өздерін таныстару.

2. Кім көп біледі? бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.

Сұрақтар: 1. Қазақ тілі туралы заң қашан қабылданды? 2. 21қандай мереке? 3. Мәтін дегеніміз не? 4. Туған тілім тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сөз ойдағы- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Арыт қарай жатқа айт. 5. Буын үндестігі дегеніміз не? 6. Ең бірінші бақытым-халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт. 7. Дыбыс үндестігі дегеніміз не? 8. 9.

3. Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан-дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай- деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айту.

4 . Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман, Жиреншедей дария шешен бабам. Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын, Екі ауыз сөзбен шешкен шешен бабам -деп сайысымыздың келесі кезеңіне өтеміз. Бұл кезең ₺ Даналар сөзінің сырын аш₺ деп аталады. Бұл жерде әр топқа еліміздің белгілі ақын-жазушыларымыздың тіл туралы айтылған пікірлері беріледі. Сол пікірлерді сіздер түсіндіруіңіз керексіздер.

1. Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ. Мүсірепов

2. Ана тілін білмейтін адам- бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ. Мұстафин

3. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесіннің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ж. Аймуытов

4. Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ. Мағжан Жұмабаев

5. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы

5. Тіл туралы берілген тақырыпта шығарма жазу.


Ұқсас жұмыстар
Имандылық - адам көркі: рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша ашық өнеге сағаты
Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі: мектепішілік 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий және өткізу жоспары
Тіл білгірі: ана тіліне арналған бастауыш сыныптар арасындағы сайыс
Қыз өссе - елдің көркі: Көктем аруы 2014 ашық тәрбие сағаты мен сайыс бағдарламасы
Тіл қаруы - сөз: бастауыш сыныптарда ана тілін дамытуға арналған сыныптан тыс сайыс
7-сыныпқа арналған үйірме сабағы Гүл - өмір көркі: оқу жоспары, әдістемесі және қорытындысы
4-сыныпқа арналған имандылық тәрбие сабағы: Иманды ұл мен инабатты қыз - елдің көркі
Сөз мерген: ана тілін дамытуға арналған интеллектуалды сайыс сабағы
Текелі кәсіптік колледжіндегі интеллектуалды сайыс: Үштұғырлы тілдің болашағы
5-сынып оқушыларына арналған тіл-танымдық сайыс Сөз мерген
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz